Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет121/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Таяу  жылдардағы  міндеттер  -  бұл  екінші  бөлімдегі  ойлар  мен  идеялар 
ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі. 
  Мақала  рухани  байлықты  нығайту  жөнінде  жазылған.  Рухани 
байлықтың  кемел,  күшті  болғаны  бұл  жеке  азаматтарымыз  үшін  де,  жеке 
азаматтардан жасақталған еліміз үшін де өте маңызды. Ақыл-ойы толысқан, 
ғаламдық  ғылымды  игерген  адамдар  көп  болса,  еліміз  өркениетті,  бәсекеге 
қабілетті болатыны анық. Осынау құндылықтарды қалай игеретініміз және ол 
арқылы қайда жететініміз жан-жақты талданған. Бұл мақаланы аса маңызды 
стратегиялық  құжат  деп  қабылдауға  болады.  Осыны  жүзеге  асыру  үшін 
қандай  іс  қолға  алынуы  тиіс  және  қандай  қадамдардан  өтетініміз  нақты 
көрсетілген.    
Біз  -  Батыс  Қазақстан  облысы,  Орал  қаласы,  №49  «Ақ  ниет» 
бөбөбекжайының  педагог  мамандары  мектеп  жасына  дейінгі  жастағы 
бүлдіршіндерді  тәрбиелей  отырып,  ұлттық  мәдениетімізді  сақтап  қалуға 
аянбай  еңбектеніп  келеміз.  Біздің  бөбекжайда  5  жасқа  дейінгі  жастағы  420 
бала  тәрбиеленеді.  Оның  ішінде  6-бірінші  кішілер  тобы,  5-екінші  кішілер 
тобы,  5-ортаңғы  тобы  жұмыс  жасап  отыр.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 
Әбішұлының  «Рухани  жаңғыру:  Болашаққа  бағдар»  атты  бағдарламасын 
бүкіл  Қазақстан  халқы  осы  бағдарламаны  аңсап    күткендей  оң  қабылдаған 
болатын.  Осы  бағдарламаны  біз  де  өз  ұжымымызда  қызу  талқыға  салып, 
танысып  өттік.  Бағдарлама  аясында      жоспар  құрылды.    Бөбекжайымызда 
стенд,  банерлер  орнатылды.  Жоспарға  сәйкес  жауаптылар  бекітіліп,  іс-
шаралар бөбекжайымызда  үнемі өткізіліп тұрады.  
Атап  айтсақ,  «Рухани  жаңғыру»  аясында  «Ұлттық  ойындар»,  «Алтын 
қақпа»  ойын-сайысы ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар іс-
шараға қатысып белсенділік танытты.  Абай атамыз өз дәуірінде «Адам бол» 
деп  айтып  кеткен.  Бұл  –  қазақтың  ұраны  іспетті  сөз.  Елбасымыздың  осы 
жұмысында  Абайдың  ұранының  көрінісі  бар  секілді.  «Білімді  мыңды 
жығады, білекті бірді жығады» дейді халық.  Таяу жылдардағы міндеттердің 
ішінде  латын  әліпбиіне  көшуіміз  де  жан-жақты  талдап  айтылған.  Бұл  – 
ғаламдық  ақыл-ойға,  ғылымға  жақын,  бәсекеге  қабілетті  болуға  бастайтын 
үлкен қадамның бірі.  Бөбекжай педагогтары латын әліпбиін  педагогикалық 
сағатта талқылап, өз ойларын білдіріп, Елбасының тапсырмасын қолдап  өтті. 
Елбасы  тәрбие,  білім  беру  саласына  үлкен  мән  беріп  отыр.  Әсіресе, 
үштілділік мәселесі басты назарда. Ағылшын тілі – әлемдік тіл. Бүкіләлемдік 


265 
 
тіл  болғаннан  кейін  біз  одан  сырт  қала  алмаймыз.  Дегенмен  қазақ  тіліне 
басымдық  беруге  тиіспіз.  Біздің  мақсатымыз  –  әлемдік  өркениетке  еніп, 
дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз. 
Бөбекжайымыздың  тәрбиеленушілері  «Рухани  жаңғыру»  аясында  өткізілген 
бірнеше  республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Атап өтетін 
болсақ  Айтас  Алан,  Сыйлыбай  Дана,  Камал  Арлан,  «Әсем-ай»  би  тобын 
айтуға  болады.  Білім  -  әлемдік,  тәрбие  -  ұлттық  болуы  керек.  Ата-
бабаларымыздың  баяғыдан  келе  жатқан  үлкен  құндылықтар  жүйесі 
жастарымыздың да санасына еніп, олар әр нәрсеге сын көзбен қарап, жақсы 
үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр болар еді. 
  
«Рухани  жаңғыру  бөбекжайдан  басталады»  тақырыбында  отбасылық 
бөбекжайішілік 
іс-шара 
ұйымдастырылды. 
Іс-шараға 
ата-аналар 
белсенділікпен  қатысып,  топ-топқа  бөлініп,  балаларға  ұлттық  ойындарды 
ойнатып, салт-дәстүрлерді көрсетіп, халық әндерін шырқады. Соңы спорттық 
шараға ұласты. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру»  тақырыбында  бөбекжай 
холлында көрме жасақталды. 
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі 
дамып отыратын тірі ағза тәрізді. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы 
түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен 
сұрамай,  есік  қақпастан  бірден  төрге  озды.  Сондықтан,  заманға  сәйкес 
жаңғыру  міндеті  барлық  мемлекеттердің  алдында  тұр.  Сынаптай  сырғыған 
уақыт  ешкімді  күтіп  тұрмайды,  жаңғыру  да  тарихтың  өзі  сияқты  жалғаса 
беретін  процесс.  Екі  дәуір  түйіскен    шақта  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру 
және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи 
мүмкіндігі  беріліп  отыр.  Жаңа  жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  – 
біздің  дамуымыздың  ең  басты  қағидасы.  Демек,  әр  адам  осы  жаңғыруға  өз 
үлесін  қосуға  міндетті.  Өмір  сүру  үшін  өзгере  білу  керек.  Сол  мақсатта 
бөбекжай педагогтары өз үлестерін қосып аянбай еңбек етіп келеді, және осы 
бағдарлама  аясында  ұрпақ  тәрбиелеу  жолында  ізденіспен  әлі  де  талай 
шыңдарды бағындырары сөзсіз, деп сөзімді аяқтағым келеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет