Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет123/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
 
 
 
 
 
 


270 
 
 
ІІІ БАҒЫТ. БАСТАУЫШ БУЫНДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА 
АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Жамантаева Карашаш  Қалшеновна 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» 
 
Атакулова Гульнур Садвокасовна 
Петропавл қ. «С.Шаймерденов атындағы 
классикалық қазақ мектеп-гимназиясы»КММ 
 
Тәрбиесіз берілген білім  - халықтың қас  жауы 
Әбу Насыр әл-Фараби 
 
   
Жас  ұрпаққа  әлемдік  стандартқа  сәйкес  білім  беру  мәселесі 
республикамызда  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ой  салуда.  Ғылыми 
педагогикалық  анықтамасы  бойынша  ақыл-ой  тәрбиесі  деп  оқушылардың 
ақыл-ой  күштерін,  ойлауын  дамытудағы  және  ақыл-ой  еңбек  мәдениетін 
дарытудағы    халық  педагогикасында  оқыту  мен  білім  берудің  принциптері 
қазіргі  ғылыми  педагогика  тұжырымдарымен  ұштасып  жатқанын  айтамыз. 
Халық  педагогикасы  оқытудың  көрнекі  болуын  ойдан  шығарған  жоқ. 
"Көзбен  көрген,  құлақпен  естіген  ақиқат  емес  тек  қана  мұқият  зерттелген 
ақиқат".  Халық  педагогикасы  бойынша  ақыл-ой  тәрбиесі  деп  шәкірттердің 
ойлау  қабілеттерін,  сана-сезімін  оқу  және  еңбек  процесінде  дамытуды 
айтады.  Ұлттық  тәжірибелер  мен  тағылымдардан  туған  қазына,  тәрбие 
өрнектері: ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-
мәтелдік  сөздер,  ұлттық  салттар  мен  дәстүрлер,  рәсімдер,  әдет-ғұрыптар, 
халықтық ойындар, мерекелер, тойлар баға жетпес қайнар көзі. 
         Ертегілер  баланың  қызығушылығын  тудырады,  сөзді  тыңдай  білуге 
үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, 
жан-дүниесін, 
мінез-құлқын 
қалыптастыруға 
ықпал 
етеді. 
Аңыз  әңгімелер  шыншылдыққа,  сергектікке,  елін  сүйіп,  еңбек  етуге, 
зұлымдықпен  күресе  білуге  үйретеді.  Жаңылтпаштар  баланың  тілін 
ұстартады, жаңылтпаштың дүние танымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары 
әрі  баланың  тілін  ширатып,  әрі  ой  өрісін  кеңейтеді.Санамақтар  баланың 
ойлау жүйесін жетілдіріп, дүние танымдық ойлауын кеңейтіп, оның сюжетті 
нұсқалары тапқырлық танытуға құштар етеді [2, 126]. 
Бүгінгі 
таңда 
Қазақстан 
Республикасында 
қоғам 
өмірін 
демократияландыру 
мен 
ізгілендіру 
бағытында  
болып 
жатқан   түбегейлі   жаңаруларға  байланысты,  білім  мен  тәрбие  беру 
жүйесінде  де  мол  өзгерістер  туындап  отыр.  Бастауыш  буында    сабақ  өткізу 
барысында  оқушыларды  халық  педагогикасы  негізінде  тәрбиелеп, 
оқушылардың  сабаққа  қызығуын  арттырып,  сабақ  беру  әдісінің  тиімді 
түрлендіретін  заманға  келдік.  XXI  ғасырда      жаһандану   мен  ұлттық 


271 
 
тенденциялардың  бірлігі  мен  күресі,  үйлесімі  мен  текетіресі  елдің,  ұлттың, 
жеке  адамның  адамгершілік  қасиет  сапаларын,  ар-  намысын  жаңа 
қырынан  саралауды талап етіп отыр. 
 Академик Г.Н. Волков «батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды 
аман алып  қалудың  жолын қарастыруымыз  керек.Ол  әр халықтың  ғасырлар 
бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың 
бай 
тәжірбиесіне 
сүйенген 
халықтық 
педагогика 
болмақ»,-деп 
тұжырымдайды.  Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді 
қатысушысын,  яғни  жеткіншектердің  адамгершілік  қасиеттерін   жоғары 
болуын  қамтамасыз  етіп,  азамат  тәрбиелеудің  жаңа  бағыттарын 
ойластырудың  қажеттігі  туындаған  сияқты.Тәуелсіз  қазақ  елі  үшін  бүгінгі 
ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болғаны абзал.Ұлдың батыр, қыздың 
әдепті  болып  қалыптасуы  осыларға  байланысты.  Қазақ  энцеклопедиясында 
«адамгершілік 
тәрбиесі 
– 
тәлім 
тәрбиенің 
ықпалды 
әсері 
мен   моральдық   сананы  қалыптастырудың,  этикалық  білімділікті, 
адамгершілік  сезімді  дамытудың  сара  жолы»-деп   ұғындырылады. 
Адамгершілік  тәрбиесі  оқушылардың   нақты  және   жас  ерекшелігіне 
қойылатын  
талаптардың  
көлемі, 
мазмұны, 
тізбегі 
жөніндегі 
түсінік   негізінде  анықталады
 
[3,  145  б.].    Адамгершілікке  баулитын 
халқымыздың  сан ғасырлық тәлім-тәжірбиесіне болашақ  жастар тәрбиесіне 
пайдаланудың  берері  мол  екендігін  халқымыздың  зиялы  азаматтары 
А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  М.Дулатовтар  атап  көрсеткен.  Демек,  ұлт 
тағдыры  ұрпақ  қолында   екенін  жақсы  түсінген  халқымыздың  мол  мұрасын 
бүгінгі  таңда  жалпы  орта  білім  беретін  қазақ  мектептерінде   өтілер  әрбір 
пәнге  арқау  етудің  жоғарғы  нәтижеге  жеткізері  даусыз.  Этнопедагогика 
ғылымының білгірі С.Қалиев: «Ұлттық тәлім тәрбиені іске асыратын ұлттық 
тіл»,-деп  жазды.Олай  болса  «жаным  арымның  садағасы»  деген  халық 
даналығын  жас  ұрпақтың  санасына   сіңіруде  қазақ  тілі  пәндерінің  алатын 
орны  ерекше.    12  жылдық  білім  беруде  әдебиеттік  оқыту  пәні  бойынша 
бастауыш сыныптарда оқушыларға білім берудегі басты құрал оқулық екенін 
ескерсек,  оның  мазмұны  балалардың  ғылыми  танымын  дамытудағы  білімін 
кеңейтуге,  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруға  ықпалын  тигізері  сөзсіз. 
Л.Х.Салимованың 
айтуынша: 
«Адамгершілік 
тәрбие 
– 
жеткіншектердің  адамгершілік нормалар мен ережелерді  меңгеруде, оларда 
адамгершілік   сезімдерді  дамытуға,  адамгершілік  сана  мен  сенімдерді 
қалыптастыруға, 
мінез-құлық 
дағдылары  
мен 
әдеттерді, 
іскерліктерді   шындауға   бағытталған   педагогикалық  үрдіс.  Бұл  үрдістің 
негізгі мақсаты –жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі» [4, 185 б.]. 
Халқымыз   «Отан  отбасынан  басталады»  дейді.  Яғни,  Отанды  сүюдің 
іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан 
мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, 
қолдап  алып  кету  білім  ошағында  қызмет  атқарып  жүрген  тұлғалардың 
бастапқы  міндеті.  Бірінші,  бұл  білім  беру  саласында  ауқымды  өлкетану 
жұмыстарын  жүргізуді,  экологияны  жақсартуға  және  елді  мекендерді 


272 
 
абаттандыруға  баса  мән  беруді,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи  ескерткіштер 
мен  мәдени  нысандарды  қалпына  келтіруді  көздейді.  Патриотизмнің  ең 
жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі іс. 
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. 
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. 
Әрбір  өлкенің халқына  суықта пана, ыстықта  сая болған, есімдері  ел  есінде 
сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. 
Екінші,  басқа  аймақтарға  көшіп  кетсе  де,  туған  жерлерін  ұмытпай,  оған 
қамқорлық  жасағысы  келген  кәсіпкерлерді,  шенеуніктерді,  зиялы  қауым 
өкілдері  мен  жастарды  ұйымдастырып,  қолдау  керек.  Бұл  —  қалыпты  және 
шынайы  патриоттық  сезім,  ол  әркімде  болуы  мүмкін.  Оған  тыйым  салмай, 
керісінше,  ынталандыру  керек.  Үшінші,  жергілікті  билік  «Туған  жер» 
бағдарламасын  жинақылықпен  және  жүйелілікпен  қолға  алунуы  тиіс.  Бұл 
жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс 
түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің 
түрлі  жолдарын  табуға  болады.  Бұл  жерде  де  көп  жұмыс  бар.  Осы  арқылы 
қалаларды  көгалдандыруға,  мектептерді  компьютерлендіруге,  жергілікті 
жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын 
байыта  түсуге  болады.  Қысқаша  айтқанда,  «Туған  жер»  бағдарламасы 
жалпыұлттық  патриотизмнің  нағыз  өзегіне  айналады.  Туған  жерге  деген 
сүйіспеншілік  Туған  елге  -  Қазақстанға  деген  патриоттық  сезімге  ұласады», 
деп назар аударады Ел Президенті Н.Назарбаев. 
 
Үкімет тарапынан шыққан білім-тәрбиеге байланысты сұрақтарды іске 
асыратын  дүние  жүзілік  елдер  қатарына  енуге  үлестерін  қосатын    құзіретті 
педагогтер.  Мәселең,  Петропавл  қ.  қалалық  классикалық  мектеп-
гимназиясында    «Туған  жер»  бағдарламасының  өзегі  «Ұлттық  рухымыз 
бойымызда» атты бастауыш сынып пән апталығының жоспары боынша  3-4 
сыныптар  арасында    «Мәдени  мұра»  атты  сахналық  қойылымдар  байқауы 
өтті.  Іс-шараның  мақсаты  Абылайхан,  С.Шәймерденов,  А.Құнанбаев, 
Ы.Алтынсарин  сынды  ұлы  тұлғалардың  өмірінен,  шығармашылығынан 
сахналық  қойылым  көрсету  арқылы  оқушы  бойында  ұлттық  тәрбие  негізін 
қалыптастыру  болып  таблады.  Ал  1-2  сынып  жас  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, «Ана мен бала» ток шоуы жүргізілді. Бұл ток-шоуға  оқушылар өз 
аналарымен  қатысып,  мағынасы  зор  әңгімелерді  тыңдауына  жақсы  
мүмкіндік  болды.  Іс-шараның    мақсаты  отбасы  тәрбиесін  нығайту  болып 
табылды.  Жалпы  бағдарлама  барысында  мектеп-бала-отбасының  тиімді 
моделін  іздестіру  оймен    өте  тартымды,  әрі  қызықты  өтті.  Үш  кезеңнен 
тұратын: ситуациялық сұрақтар, жағдаяттар және «Бала тілі – бал айдары» іс-
шара    ата-аналар  ұжымының    алғыстарымен    аяқталды.  Аталған  іс-шаралар 
келешек ұрпақтың сана сезімінде халық педагогикасының  негізгі қағидалар 
арқылы  тұлғаның  бойында  ерекше  орын  алып,  ұлкен  өмірге  өзіндік  пікірі 
бар, үлкен-кішіні сыйлайтын, жаны таза, ақыл-ойы дұрыс бағытталған тұлға 
аттанады. 


273 
 
 Халық педагогикасының бағыттарын ескеруге жаңартылған білім беру 
бағдарламаның  тәрбиеге  байланысты  астарлы  тұстары  өте  жақсы  мұмкіндік 
береді.  Себебі,  бағдарламаның  тәрбиелік    бағытына    «Мәңгілік  Ел» 
патриоттық  актісінің    аспектілеріне  байланысты  кез  келген  сабақтарға 
жергілікті  жердің  тарихи  материалдарын  қолдануға  болады.  Сондықтан  
бастауыш  сынып  мұғалімдері  «Әжелер  мектебі»,  «Аталар  мектебі»  атты 
үйірмелік  сабақтарда  туған  жерінің  халық  ауыз  әдебиетімен,  тарихи 
тұлғалармен таныстырады. 
Халықтық педагогика құралдары нәтижелі болады егер: 
1.  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іріктелсе
2.  мазмұны қызғылықты және құнды болса
3.   өмірмен байланысты болса. 
Ғасырлар  қалыптасқан  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  белгілі  жүйесінде 
жас  бауын  жанына  біртіндеп  сіңіріп  отыратын  арнаулы  жолдар,  тиісті 
тәсілдері  тәрбиесіне  байланысты    әдет-ғұрыптар  насихатталса  
халықтық    тәрбиенің  сан  алуан    мәселелерін  қозғайтын    тәлімдік 
материалдар  тәрбие ретінде пайдалыналады. Демек халықтық педагогика 
- тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің  бастауы, халықтың рухани мұрасы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет