Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет129/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Елбасы мақаласы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» 2017 жыл, сәуір 
2.  Кенжеахметов  С.  «Ұлттық  әдет  ғұрыптың  беймәлім  220  түрі»,    Алматы,   
«Санат» баспасы 1998ж. 


286 
 
3.  Дана Қарабай  «Ауыл жаңалығы»  газеті, «Ел қуаты- бірлікте» 
4.  Сұлтанғали  Бейсебаев  «Жеке  тұлғаны  ұлттық  құндылықтарға  бағыттап 
оқыту» мақаласы, 2017ж.  
 
 
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ДӘСТҮРЛЕР 
АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ 
 
Курмангалиева Марал Адилбеккызы 
Астана қаласы №38 мектеп-лицейі  
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 
 
Жас  ұрпаққа  сапалы  біліммен  бірге  саналы  тәрбие  беру  қай  кезде  де 
өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді 
елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. 
Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.  
Қазіргі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат  ұрпаққа 
тәлім-тәрбие  мен  білім  беруді  жетілдірудің  басым  бағыттарын  айқындап, 
педагогика 
ғылымында 
ұлттық 
сананы 
қалыптастыру 
көкейкесті 
мәселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан  келешек  ұрпақты 
ұлттық,  халықтық  тұрғыдан  тәрбиелеу  қажет.  Жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 
берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан  -  2030»  халыққа  жолдауында  былай  деп  жазылған:  «Толық 
өркениетті  ел  болу  үшін  алдымен  өз  мәдениетімізді,  өз  тарихымызды 
бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». 
Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының 
пайдасына  жұмсап,  өз  мүддесі  үшін  адамзатқа  апат  әкелуі  мүмкін.  Оның 
мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы 
жинақталған  бай  рухани  мұрасымен  жастардың  бойына  адамгершілік  ізгі 
қасиеттерді  қалыптастырып,  сіңіртіп,  өзінің  Отанына  адал  азамат  етіп 
тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.  
Олай  болса,  басты  мақсат  –  жас  ұрпақты  ұлттық  игіліктер  мен 
адамзаттық  құндылықтар,  рухани-мәдени  мұралар  сабақтастығын  сақтай 
отырып  тәрбиелеу,  ерекше  дәстүрлерімізді  жаңғырта  отырып,  рухани 
жаңғыру. 
Өскелең  ұрпақ  білім  мен  ұлттық  тәрбие  негіздерін  өзінің  ұлттық 
мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие 
беретін  орын».  Ұлттық  мектеп  бірнеше  ғасырларға  созылған  халық 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  болашақ  ұрпақты  еңбекке,  өмірге  ең  жоғарғы 
адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеуде. Халық педагогикасының 
негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, 
халықтық  тәрбие  дәстүрлері,  халық  ойындары,  тәжірибелері  т.б.  жатады. 
Демек,  халық  педагогикасы-ғасырлар  бойы  өмір  тәжірибесіне  негізделген 
ұрпақ  тәжірибесіндегі  дәстүрлердің  жиынтығы.  Халық  педагогикасының 


287 
 
құрамды  бөліктері  қазақтың  ұлттық  ойындар,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар, 
ертегілерт.б.  ерте  заманнан  бастап,  жас  өспірімдердің  ой-өрісін,  зеректігін 
анықтау  үшін  тәрбие  құралы  ретінде  қолданып  келді.  Ұлттық  тәрбие  қазір 
елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді:  ана  тілін,  ата  тарихын, 
ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды  жетім  балалар,  «қиын» 
балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар,  нашақорлыққа  салынған 
жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және  олардың  алдын  алып, 
болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған  ұрпақ  дені  сау,  білімді, 
ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да 
ұлттық тәрбие - ел болашағы 
[1]

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып 
келе  жатқан  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тәжірибелері  бізге  сол  рухани  мәдениет, 
этикалық,  эстетикалық  құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрлер,  әдеби,  музыкалық,  кәсіби,  тұрмыстық  фольклорлар  мазмұны 
арқылы  жетіп  отыр.  Сонымен  бірге  ұрпақ  тәрбиесіне,  жалпы  халықтың 
рухани  дамуына  байланысты  ұлттық  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерді:  Қорқыт 
ата,  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп 
Баласағұн,  Махмұт  Қашқари,  Асанқайғы,  т.б.  қазақ  ақын-жырауларының 
мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. 
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. 
Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін 
ортаға  деген  сезіммен  ұласып  жату  керек.  Халықтық  әдет-ғұрып,  салт-
санасының  байлығы,  патриоттық  сезім  Отанға  деген  сүйіспеншілігін 
қалыптастырады.  Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  оның 
халықтық  педагогика  мұраларының  мазмұны  мен  түрлерінде  бейнеленген. 
Көне  заманнан-ақ  қазақ  халқында  жазбаша  педагогикалық  еңбек  жазып 
қалдырмаса  да  білгір  педагогтар,  тәрбиешілер,  ұстаздар  болған.  Олар  өз 
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, 
халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған. 
Дене,  еңбек,  ақыл-ой,  адамгершілік,  экономикалық,  экологиялық, 
құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие 
түрлерін  жүзеге  асырудың  мақсаты  жан-жақты  жетілген  азамат  тәрбиелеу 
болды.  Ұлттық  ойындардың  мақсаты  бала  денесін  дамыту,  денсаулығын 
нығайту,  ағзасын  шынықтыру  және  күн  тәртібін  дұрыс  ұйымдастыруға, 
салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу  болды.  Сондай-ақ  қазақ  отбасында  адам 
зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді.  
Қазақ  отбасында  балаға  тілі  шығып,  анық  сөйлей  бастаған  кезден-ақ, 
ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше 
көңіл  бөлген.  «Жеті  атасын  білу»  заң  болған.  Ата-бабаларымыз  өз  тегінің 
шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер 
жетім»,«Жеті  атасын  білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер»  деген  аталы  сөз 
содан  қалса  керек.  Баланың  өзі  шыққан  тегін  білуі  оның  азаматтық, 
елжандылық,  отансүйгіштік  қасиеттерін  қалыптастырады  деп  есептеген. 
Отбасы  мүшелері  балаға  тек  жеті  атасына  дейінгі  бабаларының  атын 


288 
 
жаттатып  қана  қоймаған.  Олардың  қандай  адам  болғанын,  өнегелерін  үлгі 
етіп  отырған.  Әрі  сол  арқылы  отбасы  шежіресін  жалғастыруға  баулуды 
мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз 
алыспай  қанның  тазалығын,  яғни  ұлттың  таза  болуына  әкеледі  екен, 
екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын 
дегеннен  болса  керек.  Мектеп  қабырғасында  тәрбиеленіп  жатқан  жас 
ұрпақтарға  осы  ұлттық  тәрбиені  сіңіріп,  оның  ерекшелігін  терең  білуге, 
құрметтеуге,  үйретуге  тиіспіз.  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  аласың» 
демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. 
Әйтседе,  күнделікті  тірлікте  ортақ  тәрбие  құралы  –  бұқаралық  ақпарат 
құралдарын  баса  пайдаланып  келеміз.  Қазақтың  айтулы  қоғам  қайраткері 
Мұстафа  Шоқай  былай  дейді:  «Ұлттық  мәдениеттен  жұрдай  рухта 
тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың  қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын 
пайдалы азамат шықпайды». 
Елдің  туын  көтеріп,  тәуелсіздік  талаптарын  орындау  ісіне  батыл 
бетбұрыс  жасаған  бүгінгі  таңда  адамзатттық  игіліктерді,  халқымыздың 
ғасырлар  бойы  армандаған  мәдени-рухани  мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-
тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз 
болып қала бермек. Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл 
қазынамыз.  Біздің  ұлттық  өнеріміздің,  мәдениетіміз  бен  дәстүрлеріміздің 
алдыңғы  қатарлы  үлгілерін,  тіліміздің  орасан  зор  байлығын  жас 
жеткіншектердің  жан  дүниесіне  сіңіріп,  сол  арқылы  әлемдік  рухани 
өркениеттің  өріне  шығып,  нәр  алу  –  бүгінгі  күн  талаптарының  маңыздысы. 
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, 
өсиеттері,  асыл  мұрасы  ұлттых  рух,  ұлттық  мақтаныш,  ұлттық  намыс,  ана 
тілі  мен  ұлттық  мәдениетін  қалыптастыру  сезімін  ояту  –  баршамыздың 
парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін 
еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей 
аламыз 
[2].
 
Сонымен,  қазақ  отбасы  тәрбиесіндегі  мәдени  құндылықтары  деп 
төмендегілерді айтуға болады: 
1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу. 
2. Отанды, халқын, жерін, елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» 
тәрбиелеу. 
3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным 
арымның садағасы». 
4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз». 
5.  Отбасы  шежіресі  және  мұрагерлік  (туыстық  қарым-қатынас,  үш  жұрт, 
отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру. 
Оқу  мен  тәрбие  егіз.  Оны  бір-бірінен  бөліп  қарауға  болмайды. 
Тәрбиенің  өзі  күнделікті  сабақтың  әрбір  кезінде-ақ  оқушы  бойына  сіңе 
бастайды. 
Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда 
қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру 


289 
 
сабақтарында  кеңінен  қолданудың  маңызы  артып  келеді.  Мысалы: 
математика  сабағында  ақыл-ой  қабілетін  дамытатын  ойындармен,  ән-күй 
сабақтарында  түрлі  әуендермен,  дене  шынықтыру  сабағында  ұлттық 
ойындармен ойындармен танысады 
[3].
 
Қоғамның  белгілі  қайраткері,  ақын  М.Шахановтың  «Халықта  ең 
бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын 
болашағы  үшін  атсалысуымыз  қажет.  Ол  үшін  біз,  ұстаздар  қауымы 
оқушыларға  салт-дәстүрлерді  жай  ғана  үйретіп  қана  қоймай,  ерекше 
дәстүрлеріміздің  тәрбиелік  түп-тамырын,  мәнін,  алтын  діңгегін  түсіндіре 
білуіміз  керек.  Ұлттық  тәлім  тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай  білу 
мұғалімдердің  ата-аналармен  қосылып  жүргізген  шараларына  байланысты 
болмақ.  Өйткені,  бірінші  ұлттық  тәрбиенің  ошағы  –  отбасында,  екінші  – 
мектепте  болғандықтан,  ата-ана  мен  мектеп,  яғни  мұғалімдер  мен 
жұртшылық  тығыз  байланыста  болуы  шартты  нәрсе  дей  келе  мектебімізде 
ата-аналармен  бірлесіп  көптеген  іс-шаралар  өткізіледі,  атап  айтсақ  соның 
ішінде  салт-дәстүрді  дәріптеуде  Наурыз  мейрамы,  Ораза  Айт  күндеріне 
байланысты  имандылық  тәрбиесі  сынып  сағаттарында,  ұлттық  ойындардан 
жарыстар, үйірме жұмыстары өткізіліп тұрады. 
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген 
түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде 
пайдаланылады.  Ойын  тек  көңіл  көтеру,  шаттандыру  ғана  емес,  ол  өзінше 
ерекше  қазақ  халықының  әлеуметтік  өміріне  байланысты  тәрбиелік 
мағынасы  зор  жеке  адамның  дамуына,  жетілуіне  әсер  етуші  фактор.  Жиі 
қолданылып  келген  бірнеше  ойын  түрлерін  атап  өтуге  болады.  Олар:  «Ақ 
серек-көк  серек»,  «Айгөлек»,  «Жаяу  жарыс»,  «Соқыр  теке»,  «Ақ  боран», 
«Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б. 
Мақал-мәтелдер  –  халықтың  ауызша  ақындық  шығармашылығының 
көп  тараған  ескерткіштері.  Ғасырлар  бойы  халықтың  әлеуметтік  тарихи 
тәжірибесі  туралы  нақыл  сөздер  арқылы  халықтың  ой-пікірі,  арманы, 
көзқарасы  баяндалған.  Қасиетті  сөздерді  қазақ  халқы  қастерлеп  өнеге  етіп, 
адамдардың  өлең  өрнектерімен  ойластырып  мақал-мәтелдерді  үнемі 
пайдаланып  келген.  Мақал-мәтелдер  халық  өмірінің  барлық  жағынан 
қамтылған.  Халық  арасында  жылдам  айтылып  келе  жатқан  жұмбақтардың 
саны  көптеп  саналады.  Жұмбақ  балалардың  қиялын,  танымдық  іс-әрекетін, 
қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен 
өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор. 
Радио  мен  телеарналарда  біраз  ұлттық  болмысымызға  сай 
бағдарламалардың  жүргізілуін  үлкен  игілікті  істің  бастауы  деп  санауға 
болады.  Мәселен:  «Мың  бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ»,  «Алтыбақан», 
«Ақсүйек», «Шаңырақ», «Бастаңғы», «Айтыс», т.б. бағдарламалардың тәлім-
тәрбиелік  құндылығы  өте  зор 
[4]. 
Халқымыз  ғасырлар  бойы  өз  ұрпағын 
адамгершілікке,  елжандылыққа,  отансүйгіштікке  тәрбиелеп  келді.  Осы 
ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  дәстүрдің  өзегі,  алтын  діңгегі 
халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына 


290 
 
Жолдауында  «Біз  Қазақстанның  барлық  азаматтарының  отаншылдық 
сезімімен  өз  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуға  тиіспіз»  дегені 
мәлім.  Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  да 
«Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар 
жасау  бірінші  кезектегі  міндеттердің  бірі»  деп  атап  көрсетілген.  Халықтық 
тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне 
тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян. 
Салт-дәстүр  халықтың  белгілі  бір  әдет-ғұрыптары  мен  байланысты 
туады.  Мысалы,  бала  тәрбиесімен  байланысты:  шілдехана  өткізу,  сүйінші 
сұрау,  балаға  ат  қою,  бесікке  салу,  тұсау  кесу,  атқа  мінгізу,  сүндетке 
отырғызу  тойлары;  үйлену,  үй  болумен  байланысты:  құда  түсу,  есік-төр 
көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, 
түрлі  кәде-ырымдар,  өлген  адамды  жерлеумен  байланысты:  арыздасу, 
қоштасу,  естірту,  көңіл  айту,  жұбату,  жоқтау,  өлген  адамның  жетісін, 
қырқын,  жылын  беру  т.б.  ырым-жырымдар  қазақ  халқында  ежелден 
сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды. 
Тұрмыс-салтқа 
байланысты 
туған 
әдет-ғұрыптар 
мен 
салт-
дәстүрлердің,  бәрінде  халықтың  арман-тілегі,  ой-пікірі,  келешек  ұрпаққа 
айтар өсиеті көрініс беріп отырады. 
  Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен 
ұлттық  құндылықтарымыз,  ерекше  дәстүрлеріміз  арқылы  сонау  өткен 
ғасырлардан  өшпес  мұра  болып  қалыптасып  келе  жатқан  дархан 
халқымыздың  таратқан  үлгі  насихаты  асыл  мұраларымызды  өздеріңіздің 
талмай,  қажымай  еткен  еңбектеріңіздің  арқасында  дарынды  да  тәрбиелі 
оқушылардың  бойына  сіңіріп,  ұлттық  мәдениетімізді  әлемдік  деңгейдегі 
мәдениетке  жеткізіп  сақтауға  деген  патриоттық  сезімді  қалыптастыруға, 
рухани жаңғыруға бір кісідей атсалысайық! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет