Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет140/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер  
1. «Адам және қоғам» Н. Күнқожаев.  
2. «Өзін - өзі тану» Республикалық ғылыми- әдістемелік журналдар 2010 ж.  
3. Сатыбаев С. «Халық әдебиетінің тарихы негіздері» Алматы,1992 ж. 
 
 
ОҚУШЫ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Бекбаев Ануар Султансиыкович  
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Көкбұлақ орта мектебі 
 
       Әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында  өз  ұлты  үшін  қызмет 
қылатын  болғандықтан,  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбиелеу  қажет.  Ата-
бабамыздың  ұрпағына  мұра  еткен  бар  асылының  қаншама  ғасырлар  бойы 
көшпейтіндей  етіп,  артына  із  қалдыруы  көрегенділіктің  көрінісі.  Адамзат 
баласының  өз  тіршілігінде  көрген-білгенін,  тоқып-түйгенін    қорытып 
келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи заңдылық. Адам бойында 
қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға 
болады.  
         Әлеуметтік  маңызы  зор  құндылықтың  мән-мағынасын  ұғындыру, 
баланың  санасына,  сезіміне,  түйсігіне,  мінез-құлқына  әсер  ететіндей 
дәрежеде  жеткізу  ұстаздық  шеберлікті  талап  етеді.  Қазіргі  қоғамда  бізге 
жетіспей  жатқаны  өзіміздің  қазақи  өмір  сүруімізбен  шығыстық  дүние 
танымдағы  ұлтттық  мектебімізді  құру.  Қазақылық  дүние  танымның  өзегі  – 
адамшылдық.  Атадан  балаға  ұласатын  ұлттық  құндылықтар  үлкендердің 
ұлағатты  сөздерінен,  іс-қимылынан  танылып,  сезім  арқылы  жүректен-
жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты 
қасиеттерді  сіңіре  білудің  маңызы  зор.  Қазақстан  Республикасының  баянды 
тәуелсіз  ел  болуы  үшін  ұлттық  құндылықтар,  тәрбие  арқылы  халық 
педагогикасынан  нәр  алып  адами  құндылықтардың  барлық  саласын  бойына 
сіңірген,  таза  елжанды  азаматтар  қажет.  Қазақ  елі  үшін  бар  білімі  мен 


332 
 
қабілетін  сарп  ететін,  елін,  туып  өскен  жерін,  тілін,  халқының  салт-
дәстүрін,тарихын, 
дінін, 
мәдениетін 
құрметтейтін 
жеке 
тұлға 
тәрбиелеу.Ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиелеу  дегеніміз  –халықтың 
ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас 
ұрпақтың бойына сіңіру.  
         Бүгінгі  таңда  жаhандану  үрдісі  жүріп  жатқан  жағдайда  ұлттық  мүдде, 
ұлттық  тәрбие,  ұлттық  құндылық,  ұлттық  рухымызды  сақтап  қалу  – 
алдымызда  тұрған  үлкен  міндет.  Ұлттық  тәрбие  дегеніміз  –  сана  сезім  мен 
сенім 
қалыптастыру. 
Бүгінгі 
ұрпағымызды 
бірнеше 
ғасырлардан 
жинақталған  ата-бабамыздың  мол  мұрасымен,  ұлттық  құндылықтарымен 
сусындату – біздің басты парызымыз. Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар 
орны  ерекше.  Қазақ  педагогикасында  құндылықтың  түрі  мен  маңызына, 
сыры мен сипатына алғаш философиялық мән беріп, оны жан-жақты талдай 
білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай – қазақ халқы үшін 
парасат  биіктігінің  ақыл-ой  толықтығының,  адамгершілік  пен  рухани 
байлықтың  өлшемі.  Абайдың  қара  сөздерінің  жас  ұрпақ  үшін  маңызы  зор. 
Қазіргі  таңда  ұлттық  рухтың  оянуы  ұлттық  тарих,  мәдениет,  салт-дәстүр 
жаңа  көзқараспен  қалыптастырды.  Ата-бабаларымыз  ұрпақ  тәрбиесіне 
ерекше мән берген. Өз ұрпағын адал еңбекке, өнер-білімге тәрбиелеп, өмірге 
бейімдеп,  жанұяның,  Отан  намысын  қорғауға  тәрбиелеуі  үлкен 
ұлағаттылықты 
байқатады. 
Әр 
халықтың 
тәлім-тәрбиесі 
ұлттық 
құндылықтың  маңызды  белгісі.  Құндылық  –  тәрбие  мен  оқытудағы 
адамгершілікке  бағытталған  мұраттар.  Оқушының  ұлттық  қасиеттері: 
меймандостық, 
кісілік, 
сыйластық, 
имандылық, 
кішіпейілділік, 
салауаттылық,  инабаттылық,  қайырымдылық,  ізгілік,  еркіндік,  өнерпаздық, 
шешендік,  ақынжандылық,  сыпайлылық,  мәдениеттілік,  шығармашылық, 
рухани-байлық,  махаббат  т.б  сияқты  қасиеттері  арқылы  ерекшеленеді. 
Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол 
адам  санасында  орын  алады.  Құндылықтар  сезім  арқылы  қабылданады,  ал 
сана  арқылы  оны  түсінуге  болады,  сол  арқылы  тұлға  құндылығы 
қалыптасады.  
         Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және 
жасөспірім  шақта  жедел  жүреді.Тұлға  дегеніміз  –  сезімнің,  әсердің,  ішкі 
күйініш-сүйініштің  бойына  жинақталған  көрнісі.  Тұлға  –  бұл  қоғамдық-
тарихи  дамудың  өнімі.  Тұлғаның  қалыптасуы  өмірге  келген  сәтінен  бастау 
алып,  жасөспірім  және  жеткіншек  шақта  жедел  қалыптасады.  Рухани  тұлға 
көрсеткіштері: ойы озық, еркін, кісілігі, намысы биік, өрелі, білімді, рухани 
бай,  кемелденген,  саналы,  іскерлік.  Адам  баласы  материалдық  және  рухани 
өмірдің  ортасында  тіршілік  етеді  де,  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамның, 
ұжымның,  ұлттың  мүшесі  ретінде  өзіндік  ақыл-парасатымен,  жеке  бастың 
өзіне тән ақыл-ой,ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. 
Әрбір  тіршілік  иесі  –  адам.Әр  адам  өзінің  жеке  қасиеттеріне  қарай  өзінше 
жеке  тұлға.  Адам  жеке  тұлға  болып  қалыптасып  өсуі  және  дамуы  үшін  тек 
қана  адамдар  арасында  өмір  сүруі  қажет.  Жеке  тұлғаның  рухани-


333 
 
адамгершілік  дамуы  ұлттық  дәстүрлерімізді  меңгеруі  мен  құрметтеуінен 
туындайды. Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту, оның ең 
алдымен,  әдептілігіне  баса  назар  аударуды  қажет  етеді.  Өйткені  ол  –
халқымыздың  ұлттық  психологиясының  өзегі,  оның  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  қоғамдық  санасының  практикалық  көрінісі,  барлық  кісілік 
қасиеттерінің жиынтығы.  
      Білім  берудің  негізгі  басты  мақсаты  мен  нәтижелілігі  –  білім  алумен 
бірге,  біліктілік  дағдыларына  қол  жеткізе  отырып,  заман  талабына  сай 
ұлттық  құндылықтарды  бойына  дарытқан,  өз  Отанының  партиоты,  жан-
жақты  дамыған  білімді,  өз  ісіне  және  өзгенің  ісіне  әділ  баға  беретін, 
функционалдық  сауаттылығы  қалыптасқан  жеке  тұлға  қалыптастыру  болып 
табылады.  «Ұлттық  құндылық  қасиеттер  –  рәміздеріміз,  ұлттық  сана-
сезіміміз,  ойымыз, дәстүрлік  іс-әрекетіміз  заман  ағымына  қарай  қолданыста 
өзгеріс табады» деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен 
байқауға  болады.  Ұлттық  руханилық  ұлттық  құндылықтың  мәні  деп 
түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып 
қалыптасқан.  Әрбір  тұлға  саналы  түрде  өзін  басқалармен  салыстыра  келіп 
өзіндік ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырады.  
         Мектептегі білім мен тәрбие жұмысын ұлттық ерекшеліктерге негіздеп, 
мазмұнына халықтық ұғымдар енгізу, уақыт күттірмейтін мәселе. Мұны өмір 
талабы,  заман  ағымы  қажетсінуде.  Ұлттық  ерекшеліктер  ұғымын  жалаң 
тұрғыда  емес,  әр  пәннің  мазмұнына  үйлесімділікпен  енгізе  білуіміз  керек. 
Ұрпақ  ата-бабадан  жеткен  асыл  мұраларымызды  саналы  қабылдап,  бойына 
дарыту  үшін,  ең  алдымен, халықтық өзіндік  болмыс  ерекшеліктерінен, өмір 
тіршілігінен мол мағлұмат болуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпаққа ұлттық 
тәрбие берудің ең басты жолы – ұлттық қадір-қасиетті дәріптеп, ана тілімізді 
сақтап,  мәдениетімізді  дамыту  болып  табылады.  Тәрбие  –  мәңгілік  және 
адамзаттық. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған, озық 
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіру, баланың қоршаған 
ортадағы  қарым-қатынасын,  дүниетанымын,  өмірге  деген  көзқарасын  және 
соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, 
ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті, 
парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  ұлттық 
қасиеттер  қалыптасқан  адамды  тәрбиелеу.Тәрбие  мазмұны,  оны  жүзеге 
асыратын  әдіс-тәсілдердің  негізі  –  адамгершілік,  имандылық,  ізгілік, 
елжандылық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа 
қалып отырады.    
       Ұлттық тәрбие алған ұрпақ – дені сау, білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, 
иманжүзді,  сұлу  да  сымбатты,  ұлтжанды  болып  қалыптасады.  Ұлттық 
құндылықтар  арқылы  тәрбиелеу  дегеніміз  –  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына 
сіңіру,  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым  –  қатынасын,  дүниетанымын, 
өнерге  деген  көзқарасын  және  мінез  –  құлқын  қалыптастыру.  Ұлтжанды, 
адами  құндылықтарды  бойына  жинаған,  қиыншылықтардан  жол  табатын, 


334 
 
экономикалық  бәсекелестікке  қабілетті,  ары  таза,  иманжүзді,  біреудің 
қолдауынсыз  өз  еңбегімен  білім  алған,  елі  мен  жерін  сүйетінін  атқарған 
ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ұлттық тәрбие – әрбір халықтың 
ой-арманымен,  тіршілік  тынысымен,  ұлттық  дәстүрімен  тығыз  байланыста 
туып,  қалыптасқан  тарихи  қазынасы,  мәдени  мұрасы.  Ол  болашақ  ұрпақты 
өмір сүруге тәрбиелейтін өмір кітабы.  
         Егеменді  еліміздің  болашағын  қалыптастыру,  ғасырдан    ғасырға 
жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді, асқақтаған айбынды Отанды сүюге, ата-
анаға құрмет, үлкенге ілтипатты, кішіге парасатты, салауатты дені сау ұрпақ 
тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  талабы.Ұлттық  тәрбиеге  тікелей  ықпал  жасайтын 
білім  ордасы,  мектеп.  Мектеп  –  білім  ошағы,  тәрбие  ордасы,  тағылым 
табалдырығы.  Мектеп  –  тұлғаның  толық  қалыптасуына  жағдай  жасайтын 
әлеуметтік орта. Бүгінгі жас ұрпақ мектептен білім мен тәрбиені қатар алып 
шығуы  керек.  Сонау  замандардан  жинақталған  ата-бабамыздың  мол 
мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату  – ұстаздардың басты 
парызы. Демек, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы 
мұғалімдер ұлттық құндылықтарды қалыптастырмақ.  
            Жас  ұрпақ  тәрбиесі  –  адамзаттың  мәңгілік  тақырыбы.  Ұлттың  бүгіні 
де,  болашағы  да  тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 
құндылықтардың  бірнеше  саласын  қарастыруымызға  болады.  Олар:  білім 
беру  құндылықтары,  адамзаттық  құндылықтар,  ұлттық  құндылық,  рухани 
құндылық, адамгершілік құндылық, мәдени құндылық болып жіктеледі. Жас 
ұрпақты  ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиелеуде  халқымыздың  сан 
ғасырлық тәжірибесі бар екендігі айдан анық. Ұстаз алдындағы негізгі мақсат 
–  ұлттық  болмыс  ұғымдары  арқылы  оқушы  дүниетанымын  кеңейту,  өз 
беттерімен пайымдау жасауға, терең ойландыруға ұмтылдыру. Қазақи ұлттық 
құндылықтар  жойылып  кетпейді,  ол  биология  заңдылықтары  сияқты 
жаңарып  отырады.Ұлттық  құндылыққа:  Адамгершілік,  Мінез-құлық, 
Салауатты  өмір  салты  жатады.  Адамгершілік-тұлғаның  адамгершілік  сана-
сезімін,  іс-әрекетін  қалыптастыратын,  құндылық  бағдарын  айқындайтын 
құрал  адамгершілік  қасиеттің  ең  жоғарғы  түрі  –  ұлт,  ар-ожданды  сақтау, 
отанды сүю. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдылық, бүкіл адам 
баласын  бауыр,  дос  тұту,  көпшіл  болу,  ата-ананы  қадірлеу,  ұлтжандылық 
қасиеттерді қастерлеу. 
       Бүгінде  оқушыларға  әлемдік  деңгейде,  өркениетті  негізде  білім  мен 
тәрбие  беру,  ұлттық  құндылықтарды  жас  ұрпақ  бойына  сіңіру  әлемдік 
маңызы зор проблемаға айналып отыр. Ұлттық құндылықтарымыздың туын 
биік  ұстап,  жас  ұрпақты  қасиетті  халқымыздың  тәлімгерлік  үлгісімен 
тәрбиелеу  –  ең  маңызды  міндет.  Сонда  ғана  болашағымыз  айқын, 
құрылымымыз берік негізді болады. Тәрбиесіз берілген білім – нәтижесіз еш 
еңбек.  Алдымен  ұлағатты  ұрпақ  өсіргіміз  келсе,  ата-салтын,  ұлттық 
тәрбиемізді  бірінші  білім  берумен  қатар  жүргізуіміз  керек.  Бұл  түпкі 
мақсатқа жеткізудің негізгі жолы болмақ. Ол үшін ұрпағымызды оқыту мен 
тәрбиелеуде  қашанда  мектептегі  басты  тұлға  ұстаз-мұрындық  болу  керек. 


335 
 
Қорыта  келе  айтарым,  еліміздің  болашағы  жарқын  болып  қалыптасуы  үшін 
ұлттық  құндылықты  санасына  терең  меңгерген  білімді,  инабатты  жас 
ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы  үшін үлкен 
жетістік болары айдан анық.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет