Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет143/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ 
 
Туменбаева Гайнижамал Исламовна  
Маңғыстау облыстық медицина колледжі 
 
Қазақстан  бүгінгі  таңда  әлеуметтік-экономикалық  жаңару  мен  саяси 
демократия 
кезеңінде. 
Егеменді 
еліміздің 
болашағын 
көркейтіп, 
қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз. 


346 
 
Қоғам 
адамзат 
өркениетінің 
біліміне, 
адамгершілік-этикалық 
нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен 
егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға 
тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - 
адам  факторы,  адамның  білімі  мен  біліктілігіне  тікелей  байланысты,  қазіргі 
жастардың  білім  алуына,  таланты  мен  дарынына  орай  ғылымға  келуіне 
мемлекет  тарапынан  жасалып  жатқан  іс-шаралар,  атқарылып  жатқан 
жұмыстар  аз  емес.  Жастар  –  ғылыми-техникалық  және  экономикалық 
прогрестің  негізгі  қозғаушы  күші,  қоғамның  жемісті  дамуының 
кепілі. Қазақстанның  болашағы  Қазақстан  жастарының  даму  деңгейімен, 
олардың  қоғамға  ықпал  етуімен  байланысты,  болашақтың  негізі  бүгін 
қаланады.  
Қазақ халқы о бастан  бала  тәрбиесін бәрінен  жоғары  қойған.  Өскелең 
ұрпақтың  бойына ұлттық  құндылықтарды  сіңіре  отырып, сапалы  білім  бере 
білген.  «Адам  ұрпағымен  мәңгі  жасайды»  деген  халқымыз  бар  ықыласын 
балаға бөліп, болашағын бағамдаған. Күллі жанды нәрсенің нәр алар тамыры 
бар десек, адам баласы үшін көз бен құлақ – сол тамыр. Сананы тәрбиелейтін 
нәрсе  ақпарат  болса,  ол  көзге  көрініп,  құлаққа  естіледі.  Сол  арқылы  миға 
сіңіп,  ойда  қорытылады.  Ал  өз  бетінше  сараланып,  қорытылған  нәрсе 
дағдыға  айналады.  Дағды  –  әдет.  Әдет  мінезді  қалыптастырады.  Ал 
қалыптасқан  мінездің  өзгере  қоюы  қиын.  «Сүтпен  біткен  мінез  –  сүйекпен 
кетеді» деген қазақ мақалы осыны түсіндіреді. Осы ретте жастың жас болып 
қалыптасуы отбасындағы тәрбиеден.  
Отбасы  –  адам  баласының  алтын діңгегі.  Өйткені  адам  ең  алғаш  шыр 
етіп  дүниеге  келген  сәтінен  бастап,  осында  ер  жетіп,  отбасының  тәрбиесін 
алады.  Сондықтан  да  отбасы  –  адамзаттың  аса  қажетті,  әрі  қасиетті  алтын 
мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі 
басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың 
балаға  деген  тәрбиесінің  орнын  еш  нәрсе  толтыра  алар  емес.  «Ел  болам 
десең,  бесігіңді  түзе»  –  деген  нақыл  сөз  отбасы  тәрбиесінің  маңызын 
айқындатып тұр емес пе?  
Атақты  қазақ  ақыны  Қасым  Аманжолов  өзінің  жарына  арнаған  бір 
өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені 
бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән 
өндірісі  мен  өнім  бөлісі,  сыртқы  және  ішкі  саясаты,  кіріс-шығыс  бюджеті, 
қастерлеп  ұстанатын  рәміздері,  т.б.  болатыны  сияқты,  әр  отбасы  болмыс-
тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен 
қосшылықты  қажет  етеді.  Сондықтан  отбасының  құрылымына  зор  маңыз 
беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын  шашпауға, 
мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Адам баласының бүкіл 
адами қасиеттері отбасында беріліп, бүкіл ғұмырына негіз болады.  Ал енді, 
білім  беру  саласында  тәрбие  процесі  жоғары  қызмет  атқарады.  Тәрбиенің 
мақсаты  –  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  жас  ұрпақтың  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуы, дамуы, әлеуметтік  және кәсіби қабілетті Қазақстан азаматы, өз 


347 
 
елінің  патриоты  ретінде  қалыптастыру,  өзін  тануына,  болашақ  маман  иесі 
болып,  кәсіби,  интелектуалды  және  шығармашылыққа  жетуіне  оңтайлы 
жағдай  жасау.  Дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  рухани  ойлау 
дәрежесі биік, мәдениеті де парасатты, ар- ожданы мол, адамгершілік қасиеті 
мен  эстетикалық  талғамы жоғары,  салауатты  өмір  сүруді  таңдайтын, қазіргі 
қоғам талабына сай, іскер азамат тәрбиелеу. 
Әрбір  оқу  орындарында    болашақ  мамандық  иесінің  тұлғасын  таба 
алуға  байланысты  тәрбие  жұмысының  жылдық  жоспары  жасалады. 
Жоспарда  сабақтастық,  тұтастық,  жүйелілік  және  үздіксіздік  қағидалары 
қатаң  сақталуы  тиіс.  Тәрбиенің  ұйымдастырылуы,  нысандары  мен  әдіс 
тәсілдері  оқу  орынның  өз  ерекшеліктері  мен  тәжірибесіне,  әлеуметтік 
сұранысқа  байланысты  құрылуы  тиіс.  Тәрбиенің  жаңа  технологиясын 
кеңінен ендірудің, тәрбиенің жан жақтылығын қамтамасыз ететін вариативтік 
тәсілді пайдаланудың маңызы зор. 
Арнаулы  орта  оқу  орындарында  студенттерге  тәрбие  берудің 
міндеттері: 
Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімдігін кеңейту; 

Студенттерді  қоғамдық  жұмыстарға  тарту;  белсенділігін  көтеру 
және ынталандыру; 

Сапалы  білім  алуға  насихаттау,  студенттердің  діни  және  саяси 
бірлестіктермен байланысын нығайту; 

Қазақстандық  патриотизм  мен  Отансүйгіштікті,  төзімділікті, 
жоғары  мәдениеттілікті,  адам  құқықтары  мен  бостандығын  құрметтеуге 
тәрбиелеу

Студенттерді  жалпы  адамзаттық  құндылыққа,  адамгершілік 
тұрғыдан  өзін  –  өзі  дамытуға  бағытталған  еркін,  ізетті  тұлға  ретінде 
тәрбиелеу; 

Студенттерді адамдар арасындағы ізгілікті қарым – қатынас орната 
білуге бағытталған зорлықсыз рухында тәрбиелеу; 

Студенттердің  қоғамдық  ұйымдары  мен  бірлестіктері  қызметін 
жетілдіру және олардың өркендеуіне тиісті жағдай жасау; 
Арнаулы  оқу  орындарының  студенттеріне  жүргізілетін  тәрбие 
жұмыстарының  ішінде  патриоттық  тәрбие  беру  бағыты  маңызды.  Өйткені 
жаһандану  үрдісіндегі  студенттердің  белсенді  оқу  әрекеті  барысында 
қазақстандық 
патриотизм 
мен 
отансүйгіштік, 
мақтаныш 
сезімін 
қалыптастыру басты міндеттердің бірі. Әсіресе, бүгінгі қоғамның әлеуметтік 
– 
экономикалық 
даму 
жағдайында 
қазақстандық 
париотизммен 
отансүйгіштік тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау. 
Колледждегі  тәрбие  жұмысы Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  тәрбиені 
дамыту  бағдарламасын,  колледждің  тәрбие  жұмысының  оқу  жылына 
арналған жоспарына және айына арналған жұмыс жоспарларын іске асыруға 
негізделген. 
Тәрбие  жұмысының  мақсаты жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  деген  бірыңғай 
көзқарасты  қалыптастыру,  іс-әрекеттерді  және  келісу  және  жастарды 


348 
 
тәрбиелеу  міндеттерін  шешуде  тәрбие  процесінің  барлық  субъектілерінің 
сабақтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіби маманды тәрбиелеу 
және  оқыту  -  тәрбие  жүйесіндегі  маңызды  бағыттардың  бірі.  Колледжде 
білім  беру  қызметімен  қатар  студенттерге  жеке  және  шығармашылықты 
тұлға 
қасиеттерін 
қалыптастырумен 
белсенді-мәдени 
жұмысы 
ұйымдастырылған. 
Барлық 
іс-шаралар 
студенттермен 
ұйымдастырылып  өткізіледі. Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын студенттік 
өздік басқаруға үлкен назар аударылады.  
Тәрбие жұмысы төмендегі міндеттерді атқаруға бағытталған: 

ұлттық  мәдениет  пен  өнер  негізінде  жан-жақты  эстетикалық 
тәрбие беру; 

жер  тағдыры  мен  ел  тағдырының,  табиғат  пен  адам  өмірінің 
бірлігін  терең  сезінетін,  табиғатты  аялап,  оны  қорғай  алатын  азаматты 
тәрбиелеу; 

имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру, діни экстремизмге жол 
бермеу; 

интернационалдық  тәрбие,  яғни  басқа  ұлттардың  мәдениетін, 
тарихын, салт-дәстүрін сыйлау, ұлттық келісім ретінде бейбітшілікке баулу

салауатты  өмір  сүруге  баулу,  яғни  жастарды ішкілікке,  есірткіге 
әуестенуге жол бермеу; 

студент бойына құқықтық мәдениетті қалыптастыру

студенттің дер кезінде өз бетімен шешім қабылдай алу дәрежесін 
көтеру,  өзіне  деген  сезімін  күшейту,  ішкі  еркіндігі  мен  өзіндік  пікір  айту 
қабілетін дамытуға үлкен қөңіл бөлу; 

студенттердің  жас  ерекшелігі  мен  негізгі  өзекті  мәселелерін 
ескере отырып, ата-анамен бірлескен тәрбие жұмыстарын жүргізу; 

қоғамымыздың  әр  салада  кезекті  шығып  тұратын  материалдары 
мен  заңдылықтарын,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  қазақ  халқына  арналған  әр 
кезеңдегі жолдауымен үнемі студенттерді ақпараттандыру; 

студенттердің өзін-өзі басқаруына ерекше мән беру; 

студенттердің  өздігінен  іздену  мен  зерттеушілік  іс-  әрекетін, 
кәсіби мәдениетін, шығармашылық қасиетін дамыту

өзіне сын көзбеу қарау, өзінің істеген ісіне баға бере алуға баулу

еңбекке  деген  сүйіспеншілік,  басқаның  еңбегіне  құрметпен 
қарауға бейімдеу, қоғам мүлкіне қамқорлықпен қарауға баулу

оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісінің  түрлі  әдістерін  ғылыми  тұрғыда 
іске  асыруға  басшылық  ете  отырып,  таңдаған  мамандығына  деген 
сүйіспеншілігін арттыруға жағдай жасау. 
Тәрбие үдерісінің тиімді, әрі жүйелі ұйымдастырылуы үшін колледжде 
төмендегідей ұйымдар қызмет атқарады: 
- кураторлар Кеңесі; 
- жастар комитеті, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы  
- тәртіптік Кеңес; 
- топтарда  ата-аналар комитеті. 


349 
 
Тәрбиешінің  қолданатын  жолы  -  ұлт  тәрбиесі.  Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан 
бері  сыналып,  көп  буын  қолданып  келе  жатқан  тақтай  жол  болғандықтан 
әрбір  тәрбиеші,  сөз  жоқ,  ұлт  тәрбиесімен  таныс  болуға  тиіс.  Және  әрбір 
ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын 
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» 
дей  отырып,  жастарды  тәрбиелегенде  ұлт  тәрбиесінің  негізінде  тәрбиелеу 
арқылы,  ұлттық  құндылықты  бойына  сіңіре  білгенде  ғана,  ол  рухани  бай,   
сол заманға лайық,  елі, Отаны үшін қызмет етуге дайын болып шығатынын 
көрсетеді.  Бұл- келешек ұрпақтың патриот болып шығуы үшін, тәрбиелеуді 
ұлттық  тәрбиеден  бастауымыз  керектігін  көрсетеді.   «Жастар-болашаққа 
апаратын  алтын  көпір»,-  дейді  дана  халқымыз.  Әрбір  өскелең  ұрпақ  жеке 
қабілетіне  және  кәсіби  біліміне  сай  қоғамымызда  өз  орнын  табуы  қажет. 
Біздің  әлеуметтік-  эканомикалық  даму  жолындағы  қарқынымыз,  жастардың 
қоғамдық  –  саяси  өмірдегі  ұстанымына  олардың  ертеңгі  күнге  деген  сенімі 
мен  белсенділігіне  тікелей  байланысты.  Ендігі  кезекте  тәрбие  мазмұны  мен 
жастарды  тәрбиелеу  ісі  олардың  дүниетанымын  қалыптастыру  және 
ақпараттық-  саяси  мәдениетін  көтеруге  баса  көңіл  аударуға  тиіспіз.   Әрбір 
қазақ  жастары  өздерін   ұлтжандымын  деп  ұғынып,  өн  бойларында  ұлттық 
намысын  жоғары  қою  керек.  Еліміздің   бейбітшілік   аспанында   қазақ 
жастары   тәуелсіз  елдің   айқын   мақсаттарымен   жігерленіп,  тек  қана  алға 
ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың  қолында.  
Біз  ата-бабамыз  аңсаған  тәуелсіздікке  қол  жеткізіп  отырмыз.  Ендігі 
кезек-  жастарда.  Жастар  жас  шыбық  сияқты.  Қалай  исең  солай  иілуге  әзір. 
Сол  себептен  жастардың  ойын  да,  бойын  да  түзу  өсіруге  атсалысу  –  басты 
парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің 
биік  тұғыры.  Жастарымыздың  бойында  елжандылық,  азаматтық  пен 
адамгершілік  сезімдері  жан-жақты  жетілгенде  ғана  патриотымыз  парасаты 
асқақтай  түспейме?  Халқымыздың  бойындағы  патриоттық  құндылық 
ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отырғандығы  тарихтан  мәлім.  Жастарды  жаңа 
әлемдегі  жаңа  Қазақстанның  жасампаз  үлгісін  жаңғырта  беру  мақсатында 
жаңа  ғасырғы  еліміздің  интелектуалдық  элитасын  қалыптастыруға, 
мемлекетіміздің  басты  игілігі  болып  саналатын  этносаралық  келісімді, 
татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек. 
Заманның  заңғар  тұлғаларының  бірі    Міржақып  Дулатов:  «Алыстан 
алаш  десе,  аттанамын,  қазақты  қазақ  десе  мақтанамын»,  -  деп  айтқанындай 
арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты  жастарымыз  жаңа  идеяларды 
жүзеге  асырып,  өміршең  істердің  бастауында  тұрғанда  бүгінгі  жас 
ұрпақпен  әрқашанда мақтанамыз. 
Қорыта  келгенде   бүгінгі  жастарға  айтарым,  әрбір  жас  жүрек  өзінің 
туған  Отаны  -  Қазақстанын  жанындай  сүйіп,  танып,  оған  табынып  өсуі 
қажет.  Сонда  ғана  жас  ұрпақ  бойында  патриоттық  сезім  ұялап,  келешегіміз 
кемелдене  түспек.  Елбасымыздың  Халыққа  Жолдауында:  Біздің  ұрпақ 
алдында  бабалар  қол  жеткізген  игілікті  сақтау,  қайта  қалпына  келтірілген 
мемлекетімізді  нығайту  және  дүниежүзілік  қауымдастық  талаптарына  сай 


350 
 
жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп, жастарға зор сенім мен үміт 
артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық. 
 
 Пайдаланылған әдебиеттер  
1. Назарбаев  Н.  Қазақстан  –  2050.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына 
жолдауы.  
2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы «Рауан» 1994ж. 
3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы журналы 2016ж №6. 8 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет