Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет150/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы «Қазастан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
2014ж 17 қаңтар.  
2.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы.  Алматы  -  2008. 
3.Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырыдамасы.  
3.  К.Ж.Бұзаубақова,  Ж.Т.Сарыбекова  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 
оқыту:жаңа стандарт, бағдарлама және технологиялар. –Тараз, 2011.-254 б. 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ  МЕН ҰЛТТЫҚ 
САНАНЫҢ  ЖАҢА БЕЛЕСІ 
 
Ағабекова Ұлбала Абдыхалыққызы 
№80 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебі 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламасы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын 
көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды 
құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан 
айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның 
игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат  -  мүдделер  туралы  өзекті  мәселе 
көтеріліп отыр. Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын 
және  бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетіні  жөнінде  алысты  болжайтын 
көзқарастарымен  бөліседі.  Әр  халық,  әр  мемлекет  ғасырлар  бедерінде 
рухани  жаңғырып,  жаңарып  отырады.  Ал  рухани  жаңғыру  мен  жаңаруда 
білім  берудің  рөлі  зор.  Біз  өзіміздің  ұлттық  ерекшеліктерімізді  сақтай, 
ескере  отырып,  әлемде  болып  жатқан  жаңалықтарды  қабылдай  білуіміз 
керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. Еліміз жаңа тарихи 


374 
 
кезеңге  аяқ  басты.    «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  дейді  ұлы  Мұхтар 
Әуезов. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар 
қауымы  қосатын  үлес  –жас  ұрпақты  жаңа  қоғам  мүшесі  етіп  білім  мен 
тәрбие  беруді  жаңаша  құру,  оны  осы  Елбасымыз  көрсетіп  отырған 
талаптарға сай орындау деп білемін. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз 
белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету 
үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты-
руы  тиіс.  Рухани  жаңғыру  тек  бүгін  басталатын  жұмыс  емес.Мен  еліміз 
мықты, әрі жауапкершілігі  жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа  қа-
лай  қадам  басатынымыз  және  ұлттық  білім  беру  саласында  сананы  қалай 
өзгертетініміз  туралы  көзқарастарымды  ортаға  салуды  жөн  көрдім. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдары  беттерінде  жарияланған  тұтас  қоғамның 
және  әрбір  қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағытына 
тоқталып  өтті.Атап  айтқанда   «Сананы  жаңғыртудың»  мазмұнын  негіздей 
отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгіледі: 
1.  Бәсекеге қабілеттілік; 
2.  Прагматизм; 
3.  Ұлттық бірегейлікті сақтау; 
4.  Білімнің салтанат құруы; 
5.  Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
6.  Сананың ашықтығы. 
Жоғарыда  көрсетілген  Ұлттық  бірегейлікті  сақтау  Ұлттық  жаңғыру  деген 
ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.  
Ұлттық  салт  -  дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі 
қалуға  тиіс.Оның  екі  қыры  бар.  Біріншіден,  ұлттық  сана-сезімнің  көкжиегін 
кеңейту,  жаңа  белестерге  бел  буу.Екіншіден,  ұлттық  білім  беру  сана- 
болмысымыздың  өзегін  сақтай  отырып,  оның  бірқатар  сипаттарын  өзгерту. 
Қазір халықаралық әлемдік ЮНЕСКО, ЭЫДҰ-на мүшеміз. Ұлттық білім беріп 
тұрған  Ұлттық  біріккен    жаңғыру  үлгілерінің  қандай  қатері  болуы  мүмкін? 
Қатер  жаңғыруды  әркімнің ұлттық  даму  үлгісін  бәріне  ортақ,  әмбебап  үлгіге 
алмастыру  ретінде  қарастыруда  болып  отыр.  Алайда,  өмірдің  өзі  бұл 
пайымның  түбірімен  қате  екенін  көрсетіп  берді.  Абайдың  даналығы, 
Әуезовтің  ғұламалығы,  Жамбылдың  жырлары  мен  Құрманғазының  күйлері, 
ғасырлар  қойнауынан  жеткен  бабалар  үні  -  бұлар  біздің  рухани 
мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей-
лінше  көнерген,  жаһандық  әлеммен  қабыспайтын  кейбір  дағдылар  мен 
әдеттерден  арылу  дегенді  білдіреді.  Мысалы,  жершілдікті  алайық.  Әрине, 
туған  жердің  тарихын  білген  және  оны  мақтан  еткен  дұрыс.  Бірақ,  одан  да 
маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға 
әсте   болмайды.  Бұл  жүйе  жең  ұшынан  жалғасқан  тамыр-таныстықты 
көтермейді.  Осының  бәрін  егжей-тегжейлі  айтып  отырғандағы  мақсатым  - 
бойымыздағы жақсы  мен  жаманды  санамалап,  теру  емес. Мен  қазақстандық-
тардың  ешқашан  бұлжымайтын  екі  ережені  түсініп,  байыбына  барғанын 


375 
 
қалаймын.  Мен  еліміздің  бір  тұлғасы  ретінде  заман  талабына  сай  көштен 
қалмай  соңғы  жаңалықтарға  көз  жүгіртіп,  назардан  тыс  қалдырмауға 
тырысамын.  Елбасымыздың  осы  жылғы  еліміздегі  рухани  жаңғырудың 
тұжырымдамалық  бағдары  қарапайым  азамат  түсінетін,  баршаға  ұғынықты, 
бай  әрі  ықшам  тілмен  жеткізілген.  Рухани  жаңғыру  бағдарламасының  білім 
саласына қатысты тұсы - келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен 
мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән 
- маңызы ешқашан кемімек емес.   
Білімнің  салтанат  құруы  білімді,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  болуға 
ұмтылу  –  біздің  қанымызда  бар  қасиет.  Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты 
факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі  керек.  Себебі,  құндылықтар 
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.   Бұл  -  білім 
саласындағы  жаһандық  бәсекеге  неғұрлым  бейімделген  мамандарды  даярлау 
деген  сөз.  Оған  қоса,  жаңа  мамандар  ашықтық,  прагматизм  мен  бәсекелік 
қабілет  сияқты  сананы  жаңғыртудың  негізгі  қағидаларын  қоғамда  ор-
нықтыратын  басты  күшке  айналады.  Әлемнің  үздік  100  оқулығының  қазақ 
тілінде  шығуы  5-6  жылдан  кейін-ақ  жемісін  бере  бастайды.  Келешек  латын 
әліпбиіне  көшеді.  Сол  себепті,  уақыт  ұттырмай,  ең  заманауи,  таңдаулы 
үлгілерді  алып,  олардың  қазақ  тіліндегі  аудармасын  жасауымыз  керек.  Бұл  - 
мемлекеттің міндеті.   Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, 
авторлық  құқық,  оқу-әдістемелік  бағдарламалар  мен  профессорлық-
оқытушылық  құрамды  белгілеу  сияқты  жайттарды  ескере  отырып,  кешенді 
түрде  шешуі  керек.  Қазақ  «Туған  жерге  туыңды  тік»  деп  бекер  айтпаған. 
Патриотизм  кіндік  қаның  тамған  жеріңе,  өскен  ауылыңа,  қалаң  мен  өңіріңе, 
яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған 
жер»  бағдарламасын  қолға  алуды  қолдаймын.  Оның  ауқымы  ізінше  оп-оңай 
кеңейіп,  «Туған  елге»  ұласады.  Мәселен,  шалғай  жатқан  менің  мектебім 
Түркістан  облысы,  Келес  ауданы,  Жаңақоныс  ауылы  №80  Н.  Тілендиев 
атындағы  жалпы  орта  мектепте  білім  беру  мен  ұлттық  сана    ғажайып  түрде 
үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз 
үшін  жақсылыққа  ұмтылып,  жаманшылықтан  арылып,  саналы  түрде  барлық 
қасиеттерімізді  ізгілендіріп,  сананы  рухани  жағынан  үнемі  жетілдіріп, 
дамытып  отыру  үшін  жұмыс  атқарып  келемін.  Біздің  бабаларымыз  ғасырлар 
бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр 
аумақты  ғана  қорғаған  жоқ.  Олар  ұлттың  болашағын,  келер  ұрпағын,  бізді 
қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да 
бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, 
жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды 
өлкетану  жұмыстарын  жүргізуді,  экологияны  жақсартуға  және  елді 
мекендерді   абаттандыруға  баса  мән  беруді,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи 
ескерткіштер  мен  мәдени  нысандарды  қалпына  келтіруді  көздейді. 
Патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  орта  мектепте  туған  жердің  тарихын  оқудан 
көрініс  тапса  игі.  Туған  жердің  әрбір  сайы  мен  қырқасы,  тауы  мен  өзені 
тарихтан  сыр  шертеді.  Әрбір  жер  атауының  төркіні  туралы  талай-талай 


376 
 
аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая 
болған,  есімдері  ел  есінде  сақталған  біртуар  перзенттері  бар.  Осының  бәрін 
жас  ұрпақ  біліп  өсуге  тиіс.  Екінші,  басқа  аймақтарға  көшіп  кетсе  де  туған 
жерлерін  ұмытпай,  оған  қамқорлық  жасағысы  келген  кәсіпкерлерді, 
шенеуніктерді,  зиялы  қауым  өкілдері  мен  жастарды  ұйымдастырып,  қолдау 
керек.Осы тұста, сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін атап көрсеткен 
жөн. 
Біріншіден,  адам  жер  шарының  өзіне  қатысты  аумағында  және  өз 
елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. 
Екіншіден,  Ол  жаңа  техологияның  ағыны  алып  келетін  өзгерістердің 
бәріне  дайын  болу  деген  сөз.  Таяудағы  он  жылда  біздің  өмір  салтымыз: 
жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы 
түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек 
Үшіншіден,  бұл – өзгелердің  тәжірибесін алып,  ең  озық жетістіктерін 
бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың 
бүгінгі  келбеті  –  осы  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдаланудың  нағыз  үлгісі. 
«Өзімдікі  ғана  таңсық,  өзгенікі  –  қаңсық»  деп  кері  тартпай,  ашық  болу, 
басқалардың  ең  озық  жетістіктерін  қабылдай  білу,  бұл  –  табыстың  кілті,  әрі 
ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. 
Елбасы өзінің «Жылдар мен ойлар» деп аталатын кітабында былай деп 
жазады:  «Менен  еліміз  өз  тәуелсіздігі  жылдарында  ең  бастысы  неге  қол 
жеткізді  деп  сұраған  кезде  мен  ойланбай-ақ:  «Ол  –  адамдардыңсанасындағы 
өзгерістер»  –  деп  жауап  беремін.  Мәңгілік  ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы 
бағдары  –  «Қазақстан  2050»  стратегиясының  түп  қазығы.«Қазақстан  2050»  – 
мәңгілік елге бастайтын аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген 
және  уақыттың  талаптарына  нақты  жауап  береді.  «Мәңгілік  ел»  болуымыз 
үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер  мен құндылықтардың қайнары тоғысып, 
ақыл-парасаты  толысқан,  ғаламдық  ғылымды  игерген  адамдар  көп  болса, 
еліміз  өркениетті,  бәсекеге  қабілетті  болатыны  ақиқат.  Мысалы,  мен  өзім 
информатика 
пәні 
мұғалімі 
ретінде 
компьютерлік 
сауаттылықтың 
қаншалықты  маңызы    зор  екенін,сонымен  қатар,шет  тілдерін  білу,  мәдени 
ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына  сөзсіз  қажетті 
алғышарттардың  санатына  жататындығын  айтқым  келеді.  Сол  себепті, 
«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық 
келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды 
ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсеткен жөн деп 
ойлаймын. 
Сөзімді  қорытындылай  келе,  мен  өз  мектебімде  ізденімпаз,  білікті 
мұғалім ретінде мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығын арттырып, 
оны  әрі  қарай  шыңдап,  бүгінгі  заман  талабына  сай  етіп,  жеке  тұлға 
қалыптастыруда аянбай еңбек етуге жұмыстанамын. Мен өз кәсібімнің, жасап 
жүрген  білім  ошағын  беделін  арттыру  мақсатында  өзіндік  қадамдарымды 
жасап  келемін.  Мақсатым,  ұрпақ  тәрбиесінде  үш  тілділікке  бағыт  бұру. 
Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты 


377 
 
терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы 
бағытта  алдағы  уақытта  атқарылатын  жұмыстар  мен  міндеттер  көп.  Мағжан 
Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы ұстаздың 
өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, 
Мағжан  атамыз  айтқан  даналық  ой  бүгінгі  күнгі  білімді  ұрпаққа  қаратылып 
айтылғаны көрініп тұр. Отанды сүюді үштілде үйренсек болады. 
Біз өз Отанымыздың патриотымыз. 
- Мы патриоты нашей страны 
- We are patriots of our countries 
Өйткені  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі»  демекші,  жоғары  білімді, 
бәсекеге  қабілетті, қазіргі  заманды  және  болашақты  терең  түсіне 
алатын,   ұлттық  құндылықтарын  бойына  сіңірген  ақыл-ойы  кемел  тұлға 
болуы  тиіс.  Рухани  жаңғыру  бағдарламасы  тәуелсіздікпен  бірге  тілімізді 
түлетуге,  дінімізді  өркендетуге,  тамырымызды  жалғап,  салт-дәстүрімізді 
жаңғыртуға мүмкіндік береді. 
Рухани  жаңғыру  –  ұлттық  білім  беру    мен  ұлттық  сананың    жаңа 
белесі, табысты ел болуымыздың кепілі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет