15
Парақты алғаннан кейін қалған бос бағанға «Маған осы парақты берген
адам қандай адам?» сұрағына 10 жауап жаз. Осыдан кейін парақтар
араластырылып, соңғы бағандағы мінездемелер кезек-кезек дауыстап
оқылады, ал топ кім жөнінде айтылып жатқанын табуы тиіс. Топтың осы
портретпен қаншалықты келісетіні талқыланады.
Парақтар қатысушыларға қайтарылады, және олар жауаптардың 4
жинағының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдай келе, оларды
өздері салыстырады. Соңында мынадай тапсырма беріледі: тренинг
аяқталғанда өз жақындарыңа 10 анықтама беруді ұсын және оларды өзіңнің
ықтимал жинағыңмен салыстыр.
«Сен
кімсің?»Қатысушылардың
арқасына
бір
парақ
қағаз
жапсырылады. Бәрі әр параққа кезек-кезек жауап жазады. Осыдан кейін
жалпыланған мінездемелер топта талданады және талқыланады.
«Пікір алмасу» ойын жаттығуы. Аяқтауға немесе талқылауға арналған
сұрақтар:
• Мен бұрындары бұл сауал жөнінде ойланып көрмеппін, бірақ ... дей
аламын
• Маған бұл сұрақтағы ең бастысы ... секілді көрінеді
• Бүгін мен ... екенін сеніммен айта аламын
• Егер мен жұмыс қағидаларын өзгерте алсам, мен ... бастар едім
• Маған бұл сұрақтағы ең бастысы ... секілді көрінеді
• Маған бұл сұрақта ең күрделісі ... болып табылады
• Мені бұл сұрақта ... мазалайды
• Мен ... деп ойлаймын
• Мен үшін бүгін ... жаңалық
болды
• Мені бұл мәселеде ... барынша
қызықтырады
• Мен үшін осы мәселеде ең бастысы ... болып табылады
• Күнделікті осы мәселеге адам ... тап болады
• Мен үшін бұл мәселе күрделі емес, себебі ...
• Мен ... деп санаймын
• Маған ... секілді көрінеді
Достарыңызбен бөлісу: