Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет36/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

саналуандық, толеранттылық, отбасы, денсаулық және спорт, салауатты 


67 
 
өмір  салтын  сақтау.  Патриотизм  –  тұлғаның  кіріктірілген  қасиеті,  өз 
Отанына,  отандастарына  сүйіспеншілікпен  қарау.  Сонымен  бірге, 
бейбітшілікке  ұмтылудан,  мемлекеттік  билікті  сыйлаудан,  Отанына  қызмет 
етуге  даярлықтан,  өз  қадір-қасиетін  сезіну.  Ұлтаралық  келісім  және 
толеранттылық.  Қоғамда  саяси  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісім 
сақталған.  Бұл  құндылықтар  қоғамның  іргетасы,  ерекше  қазақстандық 
толеранттылықтың негізі болды. Тіл – этнос құрушы, ұлтты біріктіретін баға 
жетпес  құндылық  болып  табылады.  Ана  тілі  –  халықтың  ғасырлар  бойы 
жиған  өмірлік  тәжірибесін  жеткізудің  табиғи  тетігі.  Ұлттық  тіл  –  адамзат 
өркениетінде әлемді түсіну мен әлемді сезіну ерекшеліктерін, өмір сүру және 
мәдениет,  адамгершілік  және  эстетикалық  құндылықтар  бейнесін  ұрпақтан 
ұрпаққа жеткізудің негізгі жолы [16].  
Қазақстан көптілді мемлекет ретінде «үштілділік тұғырын» (қазақ тілі, 
орыс  тілі,  шет  тілін)  қатар  ұстап  келеді.  Еліміздің  көптеген  білім  беру 
ұйымдарында  оқу  үдерісі  үш  тілде  жүргізіліп  жатыр.  Ең  маңызды 
құндылықтардың  бірі  өз  халқының  мүддесін  қорғайтын  азамат-патриотты 
тәрбиелейтін  қазақстандық  патриотизм  болып  табылады.  Бұл  Қазақстан 
халқы  тудырған  ұлттық  этномәдени  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарды  тану, 
өткен  тарихымызға  құрметпен  қараудың  моральдық  нормаларына  және 
құндылықтарына  орнықтырылған  патриоттық  тәжірибені  меңгеру  арқылы 
іске  асырылады.  «Мәңгілік  ел»  идеясының  негізі  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  гуманизм,  патриотизм,  төзімділік,  адамгершілік,  ұлтаралық 
сыйластық  пен  ашықтық  ұстанымдарын  алға  қояды.  Бұл  құндылықтар 
Қазақстандағы  барлық  ұлттар  мен  этностарды  біріктіретін  ұлттық  идеяға 
негіз  бола  алады.  Сондықтан  да  ұлттық  парыз,  ұлттық  сезім,  ұлттық  сана, 
ұлттық рух және ұлт мақтанышы, ұлт намысы құндылықтар ұлттық идеяның 
негізгі  көрінісі  болып  табылады.  Заманауи  тұлға  білім  беру,  оқыту, 
тәрбиелеу,  өзіндік  тәрбие  процесінде  қалыптасады,  ал  осы  инновациялық 
кешенді  процесс  білім  берудің  бірқатар  жаңа  құндылықтарын  талап  етеді. 
Білім  берудің  жаңа  құндылықтары  оқушыларға  құқықтық  мәдениет,  қоғам 
өмірінің нормаларын меңгертуден, экономикалық оқыту және экономикалық 
білім беруден құралады [2;13].  
Тәуелсіздігіміздің  негізі  «мәңгілік  ел»,  қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың 
мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де білікті өскелең ұрпақ  – мәңгілік 
ел тірегі болмақ.  
Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері 
жасасып  келе  жатқан  бай  ауыз  әдебиетінде  сақталған.  Ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  мектепте  бастауыш  сыныптан  бастап 
оқушыларға  мақал-мәтел,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  жыр  жаттатып,  ертегіні 
нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңірсек, 
мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, даналықтары арқылытәрбиелесек, өскелең 
ұрпақтың  жалпыадамзаттық  құндылығын  қалыптастыруға  болады.  Демек, 


68 
 
жастайынан  осыларды  естіп,  ұлттық  бұлақтан  сусындап  нәр  алған  бала 
ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.  
Жаһанданудың  қазіргі  үдерісі  «Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыру 
отандық  білімнің  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуі,  жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  дамуы  және  жеке  тұлғаның  мәдениеті  мен  кәсіби 
құзырлығының тұрақты қалыптасуы болып табылады.  
Елімізде  бүгінгі  нарықтық  реформа  мен  қоғамдық  қатынастар 
жағдайында  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  бойына  сіңіріп 
өскен  жас  ұрпақ  еліміздің  өркендеуіне  қалай  да  болса  әсерін  тигізеді.  Бұл 
дегеніміз  бүкіл  қазақстандық  мәдениетті  дамыту,  халық  бірлігін  ортақ 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  негізінде  нығайту,  жастарды  патриоттық 
рухта  тәрбиелеу,  мемлекеттік  тілді  және  үш  тұғырлы  тіл  саясатын  одан  әрі 
дамыту,  Қазақстан  Республикасы  менің  Отаным  деген  патриоттық  асыл 
сезімді толыққанды ұғынған болашақ тәрбиелейтін қоғамның негізі қаланбақ.  
Өскелең  ұрпақ  тәрбиелеуде  білім  беру  ұйымдарында  қазақ  халқының 
ұлттық  құндылықтарын,  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негізделген 
тәрбиенің  құқықтық,  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  тәрбие  жүйесін  құру 
қажет.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  оқыту 
процесіне енгізу  
арқылы  тәрбиенің  негізгі  бағыттарын  оқу  үдерісінде  және  сабақтан  тыс  іс 
шаралар  ұйымдастыру,  отбасында  да,  мектепте  де  ұлтжандылылық  пен 
отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз  мемлекетін  көздің  қарашығындай 
қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару аса маңызды. Сондықтан да ұлттық 
парыз,  ұлттық  сезім,  ұлттық  сана,  ұлттық  рух  және  ұлт  мақтанышы,  ұлт 
намысы құндылықтар ұлттық идеяның негізгі көрінісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет