63
МӘҢГІЛІК ЕЛ НЕГІЗІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Комекова Сандугаш Оралхановна,
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ, Жоғары мектептегі білім
беру мен оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагог-
магистрі
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізі – жастарды патриотизмге
тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие мәселесі Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан –
2050» Жолдауында жаңа мазмұнға ие болды. Елбасы атап өткендей, жаңа
қазақстандық партиотизмнің басты мақсаты – қоғамдық келісімді сақтап
нығайту. Бұл біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір
сүруіміздің бұлжымас шарты. Қазақстандық патриотизмнің негізі – бұл
барлық азаматтардың тең құқықтағы және олардың Отан абыройы үшін
ортақ жауапкершілігі болмақ. Яғни, елдің ұлы рухын, адамның адами
қасиеттерін, еліміздің елдігін арттыратын құндылықтарды біріктіретін идея.
Елбасымыз көтерген ұлт болашағына негізделген «Мәңгілік Ел» идеясы
бүгінгі уақыт талабына сай тарихи танымдық, ұлттық деңгейдегі білім,
ғылым және мәдени құндылықтарға ие, саяси бағыттағы терең ұғым.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – еліміздегі барлық саланы қамтитын
үздіксіз білім мен ғылымның өркендеп өсу жолы және елдігіміз бен
бірлігіміз, ерен еңбегіміз шыңдалатын үлкен өмірлік сынақ. Елдің
тәуелсіздігі, тәуелсіздіктің мәңгі әрі баянды болуы адамның ұлттық
қасиеттеріне негізделген құндылықтарда. Философ-ғалым Т.Ғабитов
“Құндылықтар – қасиеттер... бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі
арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Қасиеттер адам бойына
моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі” - деп айтып
кеткен еді [5;6].
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде «Мәңгілік Ел» идеясы
оқу бағдарламасына енуі керек. Бұл идея қазақстандық бірегейлік
бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет» -
делінген. Осы бағытта біріншіден, «Мәңгілік ел» идеясын зерттеп,
зерделеуде, оны жас ұрпаққа насихаттауда және оқу үдерісіне енгізуде
ғалымдарымыз бен педагогтарымыз, әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал.
Екіншіден,
ұлттық
идеямызды
балабақшада
тәрбиеленіп
жатқан
бүлдіршіндерден бастапжас ұрпаққа жеткізу үшін қажырлы жұмыс
жасауымыз керек. Өскелең ұрпақтың санасына, өмір салтына сіңірген
құндылық пен сенім «Мәңгілік ел» орнатудың қозғаушы күші болары
күмәнсіз. Үшіншіден, келешегі кемел «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстанның
барлық аймақтарына жеткізу жұмыстың басты мақсаты. Төртіншіден, қазақи
рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік
тәжірибелердің маңызы зор [5;6].
64
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең этикалық сипаттағы
құбылыстарын қайта өркендету және даму кезеңі болып табылады. Ол
ұлттық тілдердің, ұлттық салт-дәстүрлердің, ұлттық мәдениеттің, ұлттық
сана-сезімнің өсуін, ұлттық мемлекеттің мәнінің артуын, ұлттық
қозғалыстардың күрт дамуын, жалпы алғанда бүкіл адамзаттық және ұлттық
құндылықтардағы орын алған күрделі өзгерістерді қамтыды.
Н.Ә.Назарбаев: «Біз әрбір азаматтың абыройы мен атағы бағаланатын,
жоғары моральға, этникалық стандарттар мен рухани құндылықтарға
орын бар қоғам құруымыз керек», - деп атап көрсеткен болатын [11;13].
Елдің тәуелсіздігі, тәуелсіздіктің мәңгі әрі баянды болуы адамның ұлттық
қасиеттеріне негізделген құндылықтарда. Құндылықтар қоғамда адамдардың
мінез құлықтары мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік, саяси
құқықтық реттеуші қызметін орындайтын белгі. Жалпыадамзаттық және
ұлттық
құндылықтар
тақырыбының
кейбір
аспектілерін
отандық
ғалымдардың:
Р.Б.Әбсаттаров,
В.Х.Баймырзаева,
А.Ж.Мұқажанова,
Р.Қадыржанов,
Қ.Ж.Нұғманова,
ал
этнопедагогикалық
және
этнопсихологиялық құндылықтарды Қ.Жарықбаев, С.Қалиев С.Ұзақбаева,
К.Қожахметова, Ж.Наурызбайлардың басқада еңбектерінде қарастырылған
[14].
«Құндылық» дегеніміз – философия, мәдениеттану, әлеуметтану,
педагогика және психология ғылымының негізі ұғымы болып табылады.
Құндылық тұлғаның бойындағы қасиеттердің жиынтығы. Құндылықтар –
өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, адам өмірінің
мәніне деген бағалаушы қатынас құралы [13;15]. Құндылықтарды жіктеу
ғылыми мәселе болып табылады. Құндылықтарды жіктеудің ең жалпы негізі
ретінде қоғамдық өмірдің салалары, құндылықтарды ұстанушылар,
құндылықтар иеархиясы қарастырылады. Халықтың көпшілігіне қозғау
салатын қомақты саяси өзгерістер мен қайта құрулар қоғамдағы
қолданыстағы идеалдар мен құндылықтарға негізделуі және олардың
тарапынан қолдау табуы тиіс. Қоғамдық өмірдің негізгі салаларына сәйкес
құндылықтарды үш топқа бөледі: материалдық, әлеуметтік-саяси және
рухани. Бұл жөнінде В.П.Тугариновтың пайымдауынша қоғамдық өмірді
үшке бөледі: бірінші, өмір құндылықтары: өмір, денсаулық, қуаныш,
айналаңдағылармен
қарым
қатынасқа
түсу;
екінші,
материалдық
құндылықтар:
физиологиялық
қажеттілікті
қанағаттандыру, рухани
қажетілікті өтеу. Бұл адамның тән және рух негізінде жүзеге асырылады.
Үшінші, әлеуметтік-саяси құндылықтар: қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік,
бейбітшілік, бостандық, әділдік, теңдік, адамилық [16;17].
Жалпыадамзаттық
құндылықтар
дегеніміз
–
адам
туралы
философиялық ілім мен аксиологияны оқытатын пәннің маңызды
құрамдастары жүйесіне енетін түсініктер кешені. Олар адам тегінің ұлттық,
саяси, діни және басқа да әуестігінен еркін жалпы мүддесін білдіруімен
ерекшеленеді және осы сипатта адамдық өркениет дамуының императиві
болып
табылады.
Г.А.Омарованың
пікірінше,
жалпыадамзаттық
65
құндылықтар – тарихи шектен шықпайтын табиғаты бар бітпейтін этикалық
құндылықтар, біртұтас рухани шынайылықтың түрлі қырлары және
әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық құндылықтардың өзгермелі
жүйесінің инварианты болады. Мысалы, бұған шынайы махаббат, парызын
риясыз орындау, шыншылдық, ішкі әлем және тыныштық, мейірімділік,
жақсылық, обал-сауапты ескеру және т.б. жатады [13;18].
Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік
тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтар
бір этностық топқа тиесілі адамдардың мінез-құлқының әлеуметтік және
нормативтік-мәдени аксиомасы рөлін атқарады. Барлық уақытта да өмірдің
өзі табиғи және мәдени түрлерде сақтау мен дамыту мәселелері құндылыққа
негіз болған. Сондықтан да, жалпыадамзаттық құндылықтардың біріне басқа
құндылықтардың негізі ретінде жеке адамның өмірін жатқызуға болады.
Ғылымға дейінгі дәуірде адамдардың ақиқатты түсінуі көпмағыналы болды.
Оған: тәжірибелік білімдер, әңгіме, сенім, белгі, үміт, нанымды жатқызуға
болады. Оларды тасымалдаушылар: қарттар, бақсылар, көріпкелдер,
сәуегейлер, абыздар, философтар, ғалымдар ерекше құрметке ие болды.
Көреген билеушілер ғылым мен білімнің дамуына қамқорлық жасады.
Ақиқат – адамның ең жоғары интеллектуалды құндылығы. Адамзаттың
бастапқы құндылықтарына наным – қандай да бір нәрсені ақиқатында,
дәлелді қажет етпейтін, тексермей-ақ тек іштей көз жеткізу арқылы
мойындау жатады. Ал, діни көзқарас тұрғысынан наным күтуді жүзеге
асыруды және көзге көрінбеске сенуді білдіреді. Бір қоғамдастықтағы сенетін
кісілердің әлем туралы түсініктері шамамен бірдей болады, өйткені олар
қоғамдастарының өткені (дәстүр) мен қазіргі тәжірибесіне сенуге бейім.
Шығармашылық
жоғары
жалпыадамзаттық
құндылық
ретінде
қарастырылады.
Шығармашылық
адамға
жасаушы,
болмағанды
шығарушыдай сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл - іс-әрекеттік құндылық
адамгершілік, әсіресе көркем-эстетикалық салада айқын байқалады.
Шығармашылық нәтижелерінде адамның ішкі және сыртқы әлемінің бірлігі
көрінеді. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар сурет салды, баспанасын,
тұрмыс бұйымдарын, киім-кешегін, қару-жарағын, еңбек құралдарын, табыну
заттарын, жасаған [13;16].
Іргелі жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі – ар, адамның міндеттенуін
және тыйым нормаларын белгілейтін моральдық бақылау мен адамгершілік
өзіндік бақылау, ішкі дауысты жүзеге асыруына мүмкіндік беретін қабілеті.
Ар – адамда бар тілектің көрінуіне жол бермейтін ішкі түйсік. Абырой
маңызды этикалық және ұлттық құндылық болып табылады, ол адамның
әділдік, адалдық, шыншылдық, тектілік, қасиеттілік сияқты сапаларын
бағалаумен байланысты кешенді түсінік. Басқа жалпыадамзаттық құндылық
– парыз абырой санатымен байланысты. Парыз – бұл іштей қабылданатын
(ерікті) міндеттеме. Парыз моральдық міндеттеме (моральдық парыз,
адамгершілік парыз) – адамның басқа адамдар алдындағы ерікті моральдық
міндеттемесін айтады. Парыздың басқа түрлері: азаматтық, патриоттық және
66
әскери парыз. Жалпыадамзаттық құндылық – қасиет адамның моральдық-
этикалық сапаларына ішкі қарым-қатынасы, моральдық-адамгершілік санат
ретінде адам тұлғасын құрметтеу және өзіндік құрмет. Әділеттілік –
адамдардың мүдделерін қамтамасыз ету, олардың қасиеттерін құрметтеу.
Әділеттілікті бекіту адамдарда қанағаттануды тудырады. Ал әділетсіздік
ашу-ыза, наразылық, кек, жеккөрушілік, қызғаныш, өштесу және т.б.
тудырады, әділеттілікті орнату жолында күреске итермелейді. Бұл
әділеттіліктің маңызды моральдық-құқықтық құндылық екенін дәлелдейді.
Қайырымдылық – басқа адамға аяушылық, тілектестік, қамқорлық,
сүйіспеншілік қарым-қатынасы. Жақсылық – игілік, пайдалы іс жасауды,
жақын адамға, сол сияқты таныс емес жанға немесе тіпті жан-жануарға,
өсімдік әлеміне көмек көрсетуді білдіретін риясыз және шынайы ұмтылыс.
Жақсылық өз кезегінде пиғыл (ниет) сияқты азат ерікпен іске асырылуы
мүмкін. Сәттілік, ұтымды жағдайлар жақсылық бола алмайды. Жақсылық
жауыздыққа қарағанда игі іс жасаудың қарапайым еркімен көрсетілмейді,
себебі мұндай ерік қанағатсыз, яғни адамгершілікке қатысты бейтарап
болады. Нағыз жақсылық риясыз болуы керек. Қазақта «Әуелгі байлық –
денсаулық» деген мақал бар. Шынында денсаулық – басты байлық.
Денсаулық – кез келген тірі ағзаның тұтас алғанда өзінің және органдарының
толығымен өз қызметін атқару қабілетін, сырқаты, ауруының болмауын
білдіретін күйі. Салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор. Денсаулықта
теріс өзгерістерді тудыратын қоғамдық өмірдің қиындауымен, техногендік,
экологиялық, психологиялық, саяси және әскери сипаттағы тәуекелдердің
артуымен адам ағзасына түсетін жүктеменің артуына және сипатының
өзгеруіне байланысты салауатты өмір салтының өзектілігі туындап отыр. Ең
жоғары эстетикалық құндылық – әсемдік. Әсемдік санатында адамға ләззат
сезімін сыйлайтын, сонымен қатар адамның шығармашылық, танымдық
қабілеттерінің бостандығы мен толықтығын заттық-сезімталдық түрде іске
асыратын шынайылық құбылысы. Мағынасы жағынан жақын түсініктер:
үйлесімді, жетілген, сұлулық, әдемі. Жалпыадамзаттық құндылықтарға сол
сияқты заң және құқықтық тәртіп жатады. Заңдылық – қоғамдық өмірде
құқық пен заңның үстемдігінен, қоғамдық қатынастарға қатысушылардың
құқықтық нормаларжәне қоғамда тәртіп пен ұйымшылдықты қамтамасыз
етуден тұратын қоғамдық-саяси тәртіп. Құқықтық тәртіп – заң және басқа
құқықтық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілетін қоғамдық қарым-
қатынастар жағдайы, қоғамдық тәртіптің құрамдас бөліктерінің бірі. Бұл
әлеуметтік байланыстардың шын мәнінде реттелген жағдайы, заңдылықтың
сапалық көрінісі [5;13;16].
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбие
жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік басымдықтары «Қазақстан 2020:
болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген. Жастардың әлеуметтену
процесі келесі құндылықтарға негізделеді: патриотизм, халық бірлігі, мәдени
Достарыңызбен бөлісу: |