Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет32/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған  әдебиеттер: 
1. 
Тойбазарова Н.А. Интерактивті оқыту .-Ақтөбе, 2006      
2. 
Абтикалыков Н.Б. «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық 
технологияларды пайдалану». – Қызылорда, 2012. 
3. 
Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.- Алматы, 1981 
4. 
Тұрғанбаева  Б. Интерактивті оқыту  технологиялары. –Алматы, 2000 
5. 
Білім және ғылым. Энциклопедиялық  сөздік. –Алматы, 2009 
6. 
Нақыпова Г. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың мәні. /Қазақстан 
мектебі, №10, 2009 
 
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР  – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 
Адилханова Марал Тенелевна 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» 
акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша 
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
 
  
Жаһандану 
үдерістері 
халықаралық 
ынтымақтастықтың 
жаңа 
экономикалық  формаларына,  ақпараттық  ағымдардың  күшеюіне,  өзге 
мәдениеттердің  іс  тәжірибесін  игеруге  деген  сұраныстың  туындауына, 
жаңашылдық  пен  өзгерістерге  деген  ынтаның  өсуіне  байланысты  қарқын 
алып  келеді.  Осы  жаһандық  үдерістерге  байланысты  әр  мемлекет  ұдайы 
бәсекеге қабілетті болу үшін әрі ақиқат өмірдің талаптарына жауап беру үшін 
өзінің  экономикалық  даму,  қауіпсіздік,  әлеуметтік  инвестициялар,  мәдениет 
пен білім және т.б. траекториясын түзуде.  
  
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламалық  мақаласында  -  «Болашаққа  бағдар:  қоғамдық  сананы 


54 
 
жаңғырту» патриоттық сезімді меншікті ұлттық мәдени-генетикалық кодтың 
іргелі негізі ретінде тұжырымдайды. 
  
«Білім  туралы»  Заңында  тәрбиелік  бағдарламалардың  білім 
алушылардың,  тәрбиеленушілердің  патриоттық,  азаматтық  сезімдерін, 
интернационализмді, жоғары моралін және рухани дүниесін қалыптастыруға, 
сонымен  қатар  жан-жақты  қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  дамытуға 
бағытталатыны атап көрсетілген [1]. 
  
Қазақстан  мектептерінің  қазіргі  кезеңдегі  тән  ерекшеліктерінің  бірі  –
оның барлық сатыларда жаңартылып отырғанында. 
  
Жаңарту ерекшеліктерінің бірі ретінде білімнің құндылықтары ретінде 
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінде белгіленген құндылықтары тұжырымы 
анықталды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен «Болашаққа бастар жол - 2050: 
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық 
идеясы  балалар  мен  жастардың  бойында  әлеуметтік  жауапкершілікті, 
қазақстандық  қоғамның  игілігі  және  бірлік  сезімі  үшін  еңбек  етуге 
дайындықты  тәрбиелеуге  бағытталған.  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  іске 
асырудың іргесі мектептің кезінде қалануы тиіс [1]. 
  
М.Жұмабаев жастарға білім мен тәрбие берудің шалғай нәтижелері мен 
этномәдени  мүдделерді  іске  асыру  жөнінде  толғана  отырып,  бай  рухани 
қазынаны,ұлттық тәрбиедегі көпғасырлық тәжірибені сақтау қажеттігіне баса 
назар  аударып,  «әр  ұлттық  ұландары  өз  халқының  ортасында  өмір  сүріп, 
еңбек  ететіндіктен,тәрбиеші  оларды  ұлттық  дәстүрлер  рухында  тәрбиелеуге 
міндетті» екендігін айтады [2]. 
Ұлттық  құндылықтар  –  қандай  да  бір  этникалық  қауым  өкілдерінің 
өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. 
Ұлттық  құндылықтар  бір  этностық  топқа  тиесілі  адамдардың  мінез- 
құлқының әлеуметтік және нормативтік-мәдени аксиомасы рөлін атқарады. 
Мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар 
жүйесі  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
еңбектерінде  тұжырымды  түрде  баяндалған.  Бұл  –  ұлтаралық  келісім  және 
ұлттар  ішіндегі  бірлік,  қазақстандық  патриотизм,  жоғары  тіл  мәдениеті, 
толеранттылық,  тұрақтылық  және  жаңғырту.  Президенттің  Отанымыздың 
алға басуы және гүлденуі жолында этностар мен этникалық топтарды рухани 
біріктіру идеялары өте өзекті. 
Берілген  мемлекеттік  аксиологиялар  негізінде  жалпыадамзаттық  және 
ұлттық  құндылықтар  жүйесінде  тәрбие  жүйесін  жаңғыртудың  мемлекеттік 
басымдықтары  «Қазақстан  2020:  болашаққа  жол»  Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік  жастар  саясатының  2020  жылға  дейінгі  тұжырымдамасында 
көрсетілген.  Жастардың  әлеуметтену  процесі  келесі  құндылықтарға 
негізделеді: патриотизм, халық бірлігі, мәдени саналуандық, толеранттылық, 
отбасы, денсаулық және спорт, саламатты өмір салтын сақтау [3]. 
Патриотизм.  «Патриот  болу  –  бұл  Қазақстанды  өз  жүрегіңде  ұялату», 
Мемлекет  басшысы  бұл  құндылықты  осылайша  айқындап  берді.  Жас 


55 
 
қазақстандықтар үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы өз елінің патриоты 
болудың жарқын үлгісі болып табылады. 
Ұлтаралық келісім және толеранттылық. Қоғамда саяси тұрақтылық пен 
ұлтаралық  келісім  сақталған.  Бұл  құндылықтар  қоғамның  іргетасы,  ерекше 
қазақстандық толеранттылықтың негізі болды. 
Отбасы  барлық  адамзаттың  басты  құндылығы  болып  табылады.  Әрбір 
адамның өмірдегі жолы отбасынан басталады және отбасы тұлға қалыптасуы 
мен дамуына баға жетпес ықпал етеді. 
Тұрақтылық  –  Қазақстан    жетістігінің  негізі  және  дамуының  басты 
нәтижелерінің  бірі.  Елдегі  көпэтникалы  және  көпконфессиялы  халықтың 
бірлігі  толық  құндылық  және  барлық  ұрпақтың  міндеті  –  елдің  өркендеуі 
үшін осы құндылықты сақтау және көбейту . 
        Мәдени  әр  алуандық  –  бөлмейтін,  керісінше  біріктіретін  құндылық. 
Этникалық  әр  алуандыққа  негізделген  Қазақстан  халқының  ділін  жас  ұрпақ 
әлемдік  мәдениет  ағынында  жоғалтпастан  бірегей  ұлттық  игілік  ретінде 
сақтауы қажет. 
  
Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізіндегі  тәрбие 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  –  2030»  Жолдауында, 
«Білім  туралы»  Заңда,  Халықаралық  конвенцияларда,  Үкіметтің  және  Білім 
және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құжаттарында көрсетілген 
тұжырымдамалық идеяларды дамытады [3]. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  –  бұл  уақыт  өте  келе  өзгеріске 
ұшырамайтын 
және 
адамдардың 
белгілі 
бір 
шектеулі 
тобы, 
барша  адамзат  үшін  маңызды  абсолют  құндылықтар.  Бұл  құндылықтар 
халықтың барлығына тән, ішкі мәні терең және сыртқы моральдық ережелер 
емес,  тура  ішкі  іс-тәжірибе  нысаны  ретінде  қабылданады,  яғни  олардың 
негізінде  адамның  ар-намысы  махаббат,  шынайылық,  жайлылық,  парыз, 
күштемеу,  қайырымдылық,  рақымшылықты  нақтылы  түрде  көрсетеді. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  мәңгі,  тарихи  тұрғыдан  шектелмеген 
рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа 
құндылықтар  жүйесінің  өзгермелі  инварианты  болып  табылады,  әр  адамда 
және 
материалдық  әлемде  барынша  қалыптасады.  Олар  барлық  адамдар  үшін 
эталон,үлгі  болып  саналады,  оларды  дамытуға  педагогикалық  процесс 
бағытталған [4].  
Тәрбие  –  үздіксіз  процесс,  ол  мектептегі  тәрбие  жүйесінің  барлық 
компоненттерімен  іске  асырылады,  оларға:  сабақтар,  сыныптан  тыс  және 
мектептен  тыс  тәрбие  шаралары,  сынып  ұжымындағы  іс-әрекет,  қосымша 
білім беру жатады. Оқу процесінің тәрбие әлеуеті күшті. Заманауи білім беру 
бағдарламаларының  мазмұны  елеулі  тәрбие  мүмкіндіктерінен  тұрады, 
оларды іске асыру оқу процесінің негізгі бірлігі ретінде сабақтың ойластыра 
ұйымдастырылуына  байланысты.  Сабақ  тек  ақпарат  көзі  болып  қана  емес, 
тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  етіп,  дамытуы,  тәрбиелеуі  үшін  келесі 
талаптар сақталуы қажет: 


56 
 
1.  Сабақтың  мақсаты  мен  міндеттерінде  оқыту,  тәрбие  және  дамыту 
бірлігі принципінің бейнеленуі; 
2.  Адамгершілік,  руханилық,  азаматтық  және  ізгіліктіктің  жоғары 
үлгісінен тұратын оқу материалын мақсатты таңдау; 
3. 
Оқушылардың  жалпыадамзаттық  құндылықтар  жүйесінде  дұрыс 
бағдарлануы  үшін  ізгілендіру  және  ізгіліктендіру  принциптерін,  балада 
қоршаған  дүние  үшін  жауапкершілігін  дамытатын  экологияландыру 
принципін,  іс-әрекеттің  түрлі  бағыттарында  балалардың  бейімі  мен 
шығармашылық  қабілеттерін  анықтауды  және  дамытуды  көздейтін  сыртқы 
және ішкі саралау принциптерін іске асыру; 
4. Педагогикалық технологиялардың тәрбиелік әлеуетін пайдалану; 
5.  Білім  берудің  түрлі  сатылары  және  оқу  бағдарламаларының 
мазмұндары арасында сабақтастықты жүзеге асыру; 
6. 
Оқушылардың  өзіндік  шығармашылық,  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыру; 
7. 
Сабақ  мазмұнына  оқушылардың  жағымды  әлеуметтікмәдени 
тәжірибесін  кеңейтуді  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік  рөлдердің  ойнатылуын 
белсенді түрде қосу [3]. 
  
Сонымен  бірге,  итальяндық  педагог  М.Монтессоридің  догмалық 
оқытудың  баламасы  ретінде  балабақшада  және  бастауыш  мектепте  еркін 
тәрбие  беру  мен  ерте  дамыту  идеясын  іске  асырған  өздігінен  даму 
технологиясы  бойынша  ұйымдастыру  қызметі  кең  тарады.  М.Монтессори 
баланың  дербес  даму  қабілетіне  сүйене  отырып,  педагогтың  басты  міндеті 
қоршаған  ортаның  қалыптасқан  жағдайларында  өзіндік  дамудың  табиғи 
процесі үшін «азық  жеткізу» деп білді [3]. 
Қазақстанның  білім  беру  теориясы  мен  практикасын  тарихи-
педагогикалық  талдау  инновациялық  мектептің  тәрбие  жүйесін  ізгілікті 
идеяның  маңына  топтастырылған,  теориялық  (жаңа  адам  тәрбиесі 
тұжырымдамасын  әзірлейтін)  және  практикалық-бағдарлық  (берілген 
тұжырымдамаларды жаңа үлгідегі оқу орындарында іске асыратын) бағыттар 
бойынша  іске  асырылатын  философиялық,  жаратылыстану  ғылыми  және 
қоғамдық-педагогикалық  ізденістердің  бірлігі  ретінде  анықтауға  мүмкіндік 
береді. 
Құндылықтар  негізгі  жол  –  өз  халқының,  сол  сияқты  өзге  ел 
халықтарының 
мәдениеті 
арқылы 
тасымалданады. 
Оқушылардың 
жалпыадамзаттық  құндылықтарға  бағдарын  қалыптастыру  олардың  жас 
ерекшеліктерін  ескерген  жағдайда  ғана  іске  асуы  мүмкін.  Бұл  ізгіліктілік 
бағдарын қалыптастыру процесінде мұғалімнің рөлін арттырады. 
         В.А.Караковскийдің  тәрбие  жүйесінің  басты  идеяларына:  міндетті 
мектепішілік  ұжым  құру;    оның    ішінде    өзін-өзі  басқару  элементтерінің 
болуы;  басты    міндеті    ұжымдық  жұмысқа    дайындау    болып    табылатын 
коммунарлық  әдіс  енгізу  жатады.  Ол  мектеп  жұмысына  пәрменді  әдістерді: 
балалардың 
тұлғалық 
ерекшеліктеріне 
сүйену; 
оқушылардың 
коммуникативтік  қабілеттерін  дамыту,  білім  беру  процесіне  тек  балаларды 


57 
 
ғана  емес,  сонымен  бірге  олардың  ата-аналарын  да  қатыстыруды  енгізуге 
тырысты [3]. 
Песталоццидің:  «Мектептің  мақсаты  –  тәрбие  және  тек  қана  тәрбие» 
деген сөзі барлық кезде де тәрбиеге аса зор көңіл бөлінгенін дәлелдейді. Ал 
жұмыстың жаңа, заманауи технологияларын, түрлері мен әдістерін меңгеру – 
мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің міндетті шарты. Сыныптан тыс және 
мектептен  тыс  жұмыстың  тиімділігі  оқушы  қызметін  ұйымдастыруына 
байланысты. 
Тәрбие  мақсаты  белгілі  бір  жалпыадамзаттық  немесе  ұлттық 
құндылықтарды  дамыту  емес,  өзіндік  дамуда  табиғи  қабілеттерді  жүзеге 
асыру үшін жағдай жасау болуы тиіс. Әрбір балаға табиғатынан өзіндік даму, 
сыртқы  жағдайларға  сіңісу,  оларға  бейімделу  және  оларды  өзгерту  қабілеті 
берілген – бұл қабілет өз дамуындағы тиісті жағдайларда тұлғаны қоғамдық 
болмыстың  ортақ  құрылымынан  шығып  қалмайтын  дербес  адам  ретінде 
сипаттайтын  қасиеттер  тудыруын  қамтамасыз  етеді.  Ұжымда  тәрбиелеу 
идеясына негізделген педагогикалық процесс – бұл Р. Баден-Пауэлдың, С.Т. 
Шацкийдің,  А.С.  Макаренконың  және  т.б.  педагогикалық  жүйелері.  Олар 
тұлғаны  дамытуда  түрлі  идеологиялық  нұсқамаларға  негізделе  және  өз 
идеяларын  әртүрлі  экономикалық  және  саяси  жағдайларда  жүзеге  асыра 
отыра, топтық қарым- қатынастардың оң әсерін іске асыруда жеке даралықты 
қалыптастырудың жолын көрсете білді [3]. 
Білім  берудің  ұлттық  құндылықтарына  тән  қасиет  ол  өзінің  ең  үздік 
үлгілерінде білім берудің жалпыадамзаттық құндылықтары бола алады. 
Білім  берудің  ұлттық  құндылықтарына  тән  ерекшеліктер  ретінде 
мыналарды тануға болады: халықтық педагогикадағы олардың терең, тарихи 
тамырын;  рухани  және  материалдық  ұлттық  құндылықтармен  табиғи 
байланысты;  тарихи  даму  процесінде  олардың  жаңару  және  көбею 
қабілеттері,  сонымен  бірге  оларға  тән  дәстүрлермен  сабақтастықты  сақтай 
отыра,  бірақ  бір  мезгілде  өз  генезисінің  белгілі  бір  кезеңдерінде  өзектілігін 
жоғалтуы  немесе  керісінше  осы  ұлттық  мектептің  және  педагогикалық 
теорияның  алға  жылжуында  басым  бағдары  болуы  мүмкін,  бұл  кезде  білім 
берудің  жалпыадамзаттық  құндылықтары  сәйкес  жоспармен  тығыз 
байланысын  үзбейді. 
  
Қазіргі  қазақстандық  балалар  мен  жастарда  сапалы  білім  алу  уәжінің 
өсуі,  әлеуметтік  белсенділігінің  артуы,  жаңа  кәсіптерді  және  ақпараттық- 
коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, 
мәдениетаралық  қарым-қатынасты  жандандыру  сияқты  жаңа  позитивті 
трендтер  пайда  болды.  Өз  елінің  тарихына,  мәдениетіне  және  дәстүрлеріне, 
халқының  мәдени  мұрасына  қызығушылықтарының  артуы  негізінде  ұлттық 
өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, 
ізгілікке  бағдарланған  дүниетаным  қалыптасу  процесі  жүріп  жатыр.  Елдегі 
оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты [4]. 
  
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік 
Ел»  патриоттық  актісі  –  қазақстандықтардың  біртектілігі  мен  бірлігінің 


58 
 
ауқымды 
да 
бірегей 
генетикалық 
бағдарламасы. 
Біздің 
рухани 
құндылықтарымыздың негізгі форматын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу –  әрбір 
азаматтың  парызы  болуы  тиіс.  Халқымыздың  басты  әрі  маңызды  құжаты  – 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясындағы  басты  құндылықтарды  басты 
бағдарымыз  ете  отырып,  мемлекеттің  стратегиялық  саясатын  қолдап, 
бейбітшілік  пен  тұрақтылығымызды  сақтай  отырып  жетілдіру  –  әрбір 
қазақстандықтың басты міндеті екендігі айқын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет