Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет53/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 
ТӘЖІРИБЕСІ  
 
Абдраимова А.Б., Басболатова А.Р., 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»,  
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы  
бойынша тренерлер 
 
Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары 
рухани- адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік 
қасиеттерге  ие  лайықты  азаматтарды  тәрбиелеудің  тірегі  болуды  мақсат 
тұтады.  
Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын 
көрсететін келелі ой,  салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге  құрылған  маңызды 
құжат.  Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық  болмыстан,  ұлттық  кодтан 
айырылып  қалмай,  оны  әлемдік  құндылықтармен  үйлестіріп,  Қазақстанның 
игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп, 
«...  Біз  жаңғыру  жолында  бабалардан  мирас  болып,  қанымызға  сіңген, 


86 
 
бүгінде  тамырымызда  бүлкілдеп  жатқан  ізгі  қасиеттерді  қайта  түлетуіміз 
керек», - дейді.[1]  
Ал,  ізгі  қасиеттерді  жаңғырту  ең  алдымен  отбасы,    мектептің 
еншісінде.  Өкінішке  орай,  көп  жағдайда  заманауи  отбасы  мен  білім  беру 
баланы жоғары әлеуметтік мәртебеге және материалдық құндылықтарға қол 
жеткізуге  бағыттайды,  алайда  мұндай  табыс  пен  жетістікке  қалай  қол 
жеткізуге болады, бұл оған шынайы бақыт әкелетіні жөнінде немесе адамның 
шынайы  бақыты  туралы  ойланып,  толғануға  үйретпейді.  Білім  беру 
жүйесінде  орын  алып  отырған  нақты  жағдаят  адамгершілік  құндылықтар 
бағасының  төмендеуін,  басымдықтардың  материалдық  игіліктер  жағына 
ауысып бара жатқанын дәлелдейді.  
Адамзаттың  жаһандық    мәселелерінің  негізгі  көрінісі  тұтыну 
идеологиясының кең таралуы болып табылады. Әрбір белгілі қажеттіліктерді  
қанағаттандыру адам  бойында жаңа бір қажеттіліктерді туындатады. Осыған 
сәйкес,  адам  шексіз,  сарқылмайтын  қажеттіліктердің    шырмауына  түскен. 
Демек,  ең  алдымен,  адамның  өзінің  өзгеруін,  адамзаттың  материалдық 
игіліктерді  тұтыну  идеологиясынан  рухани  өзін-өзі  кемелдендіруге  қайта 
бағдарлау жөнінде ойлану қажет. [2] 
Рухани жаңғырудың маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де 
айтып  кеткен.  Мысалы,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  ғалымдарға  «Ар-ұждан 
ілімін»  әзірлеп,  оны  барлық  білім  беру  ұйымдарына  міндетті  пән  ретінде 
енгізу  жөнінде  ұсыныс  айтқан.  Бүгінгі  таңда  Шәкәрім  Құдайбердіұлының 
арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім 
беретін  мектептерінде    өткізілетін  өзін-өзі  тану  сабақтары  –  ар-ұждан 
сабақтары болып табылады. [3] 
Бағдарламаның  рухани-адамгершілік  тереңдігін  ашу  адамзаттың  ұлы 
ойшылдарының  ілімдерінен  және  өмірбаяндарынан  тұратын  өркениеттің 
рухани  тәжірибесіне  сүйенбей  мүмкін  емес.  Ұлы  адамдардың  өмірбаяны  – 
кемел өмір сүрудің, ойдың, сөздің, істің бірлігінің мысалы болып табылады. 
Неге ұстаздарымыз осы бай мұраны дұрыс бағытта қолданбасқа? Әрине, ол 
үшін  ұстаздың  өзі  ең  алдымен  осы  ұлыларды  өз  өміріне  үлгі  тұтқан  адам 
болуы  қажет.  Қазақтың  ұлттық  мәдениеті  кез  келген  халықтың  мәдениеті 
секілді  мәңгілік  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  негізделген.  Сонымен 
қатар, 
рухани-адамгершілік 
идеялардан 
және 
балаларға 
деген 
сүйіспеншіліктен 
тұратын 
ізгілік 
педагогикасының 
бай 
мұрасы 
бағдарламаның  ғылыми-педагогикалық  негізін  құраса,  сананың  жоғары 
деңгейлерін 
қарастырған 
ізгілік 
психологиясындағы 
зерттеулер 
психологиялық-педагогикалық негіздерін құрайды.  
Қазіргі  таңдағы  ғылымдарда  жалпы  рухани-адамгершілік  тәрбие 
парадигмасы  өзгерістерге  ұшырады,  ол  туралы  Ш.А.  Амонашвили, 
А.Джумсаи,  В.И.  Волынкин,  В.П.  Зинченко,  Д.М.  Маллаев,  М.  Щетинин, 
Т.И. Петракованың еңбектерінен көреміз.[4]  
Ш.А Амонашвили «...Педагогикадағы жаңа ұғым – бұл рухани ізгілік» 
дейді.  Ол  бүкіл  білім  беру  жүйесі  арқылы  өтіп,  оның  негізі  болуы  тиіс. 


87 
 
Руханилық,  ізгілік,  сүйіспеншілік,  мейірімділік,  бейбітшілік,  игілік 
ұғымдарының  негізінде  педагогикалық  сананы  өзгерту  ғана  білім  берудегі 
кедергілерді  –  қоғамдағы  рухсыздық  пен  өнегесіздікті  жеңуге  мүмкіндік 
береді. Расында, мұғалімдерді өзгерту қажет, ол заман талабы, онсыз  бүгінгі 
білім  беру  жүйесіндегі  дамыған  елдер  қатарына  қосылу,  алдыңғы  қатарлы 
білім  беру  жүйесін құру  сияқты  жасалып  жатқан  ауқымды  іс-шаралар,  оған 
кеткен  қаржы  далаға  кетері  анық.  Сонда  қай  жағына  қарай  өзгерту  керек? 
Аудандарды аралап, біліктілікті арттыру курстарын өткізіп жүріп жаңалыққа 
көзі  түгел  ашылмаған,  немесе  елуді  алқымдап  қалдым,  осының  маған  не 
керегі  бар  деп  ескімен  отырып  қалған,  жаңа  ғана  мектепке  келіп,  өзінің 
мұғалімдігін  не  деп  бастарын  білмей  жүрген  мұғалімдерді  көп  көреміз 
немесе  жаттанды  білімге  әбден  жаттығып,  қатып  қалған  қала  мұғалімдері 
болады...  Курстың  алғашқы  күндері  педагогикадағы  ізгілік,  сүйіспеншілік 
туралы  ой  қозғасаң,  мұғалімдер  шағымдана  бастайды,  барлығында  көп 
реніш, қанағаттанбаушылық...т.б. себептерді айтады. 
Міне,  бұл  «мұғалімдіктің  шынайы  мұғалімдіктен»  алшақтап 
кеткендігінің айқын көрінісі. Екінің бірі оқушы мен мұғалім, мұғаліммен ата-
ана, ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынастарды дұрыс жолға қою және 
оны  өзінен  бастау  керектігін  терең  түсіне  білмесе,  ондай  мұғалімдіктен  не 
пайда?  Мүмкін,  мектептегі  шексіз  тексеріс  (әдістемелік  көмек  беру 
органдары,  кабинеттері),  шамадан  тыс қағаз  жұмысы,  жоспарды  орындауға, 
цифрлар,  мектеп  рейтингісі  сияқты  талаптардан  мұғалім  әбден  шаршаған 
болар  деп  те  ойлайсың,  бірақ  «жоқтан  барды  шығарып»  жүрген,  ізгілік 
педагогикасының авторы Ш. Амонашвилиге алғаш рет шабыт берген ұстазы 
В.Вардиашвили  сияқты  нағыз  ұстаздарымыз  да  баршылық.  Сондықтан  да 
жаңартылған  бағдарлама  бойынша  өткізіліп  жүрген  біліктілікті  арттыру 
курстарымыз  мұғалімдікті  шынайылыққа,  ізгілікке,  өз  мамандығын  сүюге 
шақырады.  
2013  жылдан  Ақмола  облысы  бойынша  1738  мұғалім  жаңартылған 
«Өзін-өзі  тану»  бағдарламасы  бойынша  біліктілікті  арттыру  курстарынан 
өтті.  Облыс  бойынша  17  аудан  мен  2  қаланың  ішінде  бүгінгі  күні  15  аудан 
мен 2 қала мұғалімдері жаңартылған «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша 
біліктілікті  арттыру  курстарын  мемлекеттік  тапсырыспен,  аудандық  білім 
бөлімінің сұраныстары арқылы курстар ұйымдастырылып, қамтылды.   
Бүгінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 
бойынша  біліктілікті  арттыру  курсын өткен ұстаздарымыз  өзінің жеке  және 
кәсіби  өміріндегі  елеулі  оң  өзгерістері  жайлы  айтады.  Бағдарламаның 
идеяларын  тәжірибеде  қолданып,  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сәйкес 
әрекет  жасай,  олардың  әрқайсысы  өз  өмірінің  шынайы  жаратушысына 
айналады.  Курсқа  дейінгі  және  курстан  кейінгі  өткізген  сабақтарын 
салыстырып, сабақтың жаңартылған құрылымы  туралы оң көзқарастарымен 
бөліседі.  Оқушылармен,  ата-аналармен  өткізілген  сауалнамалар  нәтижелері 
жаңартылған  бағдарлама  бойынша  біліктілігін  көтерген  ұстаздың  заманауи 
келбетін қалыптастыруда: ол өз оқушыларына өмірдің мәні туралы терең ой 


88 
 
салатын,  дәстүрден  тыс  сабақ  үлгісін  ұсыну  арқылы  адалдық,  мейірімділік, 
шынайылық  пен  ой  тазалығына  тәрбиелейтін,  ізгілік  педагогикасының 
қағидаттарын ұстанатын адам. 
         2015-2018  жылдар  аралығында  Републикамыздың  әр  облысында 
нәтижелі  жетістіктермен  «Өзін  –  өзі  тану»  рухани-  адамгершілік  білім беру 
бағдарламсы бойынша кеңейтілген біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. 
Ақмола облысы бойынша өткен жылдары 200 педагог осы  курстан сүрінбей 
өтті.  Курс  аясында  тыңдаушыларға  ұсынылатын  дәрістер  мен  пратикалық 
сабақтар,  бейнебаяндар  «Бөбек»  ҰҒПББСО-ның    материалдары  негізінде 
жүзеге асырылады.
 
 
        Бағдарламаның  бірінші  кезеңінде  түйінді  идеялары  мен  оларды  мектеп 
тәжірибесіне  енгізу  әдістемесіне  шолу  жасалып,  жеке  дара  зерттеулер 
жүргізуге  мүмкіндік  беретін  бірнеше  жазбаша  тапсырмаларды  орындады. 
Бұл  кезеңнің  басты  міндеті-  әрбір  тыңдаушы  өзінің  мұғалім  әрі  адам 
ретіндегі жаратылысын жаңаша ұғына алуына көмектесу болып табылды.      
        Курстың  мазмұны  нені  және  қалай  оқыту  туралы  ақпарат  алуға  ғана 
емес,  ең  алдымен,  мұғалім  тұлғасының  ішкі  жан  дүниесінің  өзгеруіне 
бағдарланған.  Бұл  мұғалімнің  оқыту  іс-әрекетінде  әрбір  оқушы  өзінің  ішкі 
рухани-адамгершілік  әлеуетін  аша  алатындай  жағдай  туғызу  іскерлігінің 
дамуын қамтамасыз етеді.  
        Екінші  кезеңінде  Бағдарламаның  негізгі  идеялары  сыныпта  және 
тыңдаушының  жеке  өміріндегі  тәжірибе  жүзінде  асырылып,  мұғалім 
сыныптың  деңгейінде  Бағдарлама  идеяларының  негізінде  бірізді  сабақтар 
топтамасын  өткізді,  сабақтан  тыс  іс-әрекет  ұйымдастырып,  ата-аналар 
жиналысын  өткізді.  Сондай-ақ,  мұғалім  жалпыадамзаттық  құндылықтар 
туралы  реферат  дайындады.  Ең  бастысы  -  мұғалімнің  ең  алдымен  өзінің 
рухани  табиғатын  ұғыну  қажеттілігі,  балаларға  күнделікті  өмірде 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  басшылыққа  алуда  үлгі  бола  білу 
қажеттілігі болып табылады. Тек осы жағдайда ғана мұғалім әрбір оқушыға 
қажетті білімді жеткізе алады. 
        Мұғалімдердің  барлығы  қайырымдылық,  қамқорлық    акцияларын 
өткізді.  Басым  көпшілігі  үшін  бұл  жаңалық  болды,  өйткені  алғашқы  рет 
өткізгендерін мойындап, есеп беру кезінде жасаған игі істен алған әсерін аса 
бір толқумен жеткізе, көз жастарын жасыра алмайды. Мұндай істің «бір рет» 
қана  болуы  мүмкін  емес,  оның  жалғасы  саналы  түрде  жалғасатынын  және 
бұл  ойды    осы  акцияларға  қатысқан  оқушылардың  өзі  мұғалімге  бірінші 
болып ұсынғандарын қуанышпен жеткізеді.  
 
Ағымдағы  жылы  жаңартылған  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасы 
бойынша  біліктілік  арттыру  курстарынан  өткен    ұстаздарымыз  жаңа 
нәтижелерге қол жеткізуде. Өткізіліп жатқан барлық іс-шаралардан «Өзін-өзі 
тану» жаңартылған бағдарламасының алғашқы ауқымды нәтижелерін байқап 
жүрміз. Сонымен қатар, жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбие мен білім 
берудің  өзегі  ету  мақсатында  облысымызда  «Өзін-өзі  тану»  рухани-


89 
 
адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  4  пилотты  білім  беру 
ұйымдары белгіленіп, жұмыстарын бастап кетті.  
 
Білім  беруді  ізгілендіру  жағдайында  педагог  миссиясының  жаңа 
түсінігі  –  оқушының  өзін-өзі  тануы  мен  өзін-өзі  жетілдірудің 
шабыттандырушысы  болу,  өзін  ашуға  көмектесу,  шексіз  адами  әлеуетін 
жетілдіру,  қоршаған  ортамен  үйлесімді  қарым-қатынас  орнату.  Бірақ,  «... 
оқушыларға  білім  ұшқынын  беру  үшін,  мұғалім  бірінші  өз  бойына  нұр 
шуағын  сіңіруі  керек»  деп  жазған  В.А.  Сухомлинский.  Болашақ  ұстазға  ең 
бірінші  мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  ұмтылу  негізінде  өз 
өмірін және кәсіби дамуын саналы жобалау әрекетін үнемі адамгершілікпен 
саралап отыруы қажет.  
 
Бүгінгі  заманауи  өмірде  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасының  осындай 
шағын  қадамдары  әр  мұғалімді  «шынайы  ұстаздыққа»  әкелетініне  нық 
сенеміз. Әрине, ол үшін бұл мәртебелі іс тоқтамай, жылдан жылға еліміздің 
білім беру жүйесінде ауқымды орын алуы қажет.  
 
 
 Пайдаланылған әдебиеттер
1.  https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-
zhanhghyru 
2.  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  ҚР  педагогикалық 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Үшінші (базалық) 
деңгей., Алматы, 2014 ж. 
3.  Тренерге арналған нұсқаулық. Базалық деңгей, Алматы, 2015 ж. 
4.  Роль  учителя  в  программе  нравственно-  духовного  образования 
«Самопознание», Алматы, 2013 ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет