Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ  РУХАНИ



Pdf көрінісі
бет54/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ  РУХАНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗІ 
 
Сугурбаева Анаргул Сагинбаевна 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ 
Султанова Гүлназ Сайлаубаевна 
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қожасай негізгі мектебі 
 
Әрбір  тарихи  дәуір  өзіне  тиесілі  болмысымен  айрықша  ерекшеленеді. 
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан шағында жаһандық жаңғырумен қатар 
рухани  жаңғыруды  тең  ұстауды  нақты  мақсат  ету  -  бүгінгі  күннің  басты 
талаптарының бірі.  «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық 
кодты сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-
оңай»,-деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  саяси  бағдарламалық  еңбегінде  басты  назарда  айтып 
өткендей,  адам  баласының  рухани  дамуы,  ұлттық  сананың    өсуі,  еліміздің, 
ұлтымыздың  құндылықтарын  дәріптеу,  тарихты,  мәдениетті,  салт-дәстүрді 


90 
 
насихаттау, туған жерді сүюге, Отанға қамқорлық жасауға тәрбиелеуге үлес 
қосу кез-келген азаматтың парызы.    
Қазіргі  таңда  ұрпақ  тәрбиесіне  рухани  құндылық  бағытта  жаңаша 
көзқараспен қарау, озық мәдениет үлгісіне үйлесімділігін қосу, белсенділікті 
дамыту,  тұлға  еркіндігін  жан-жақты  қалыптастыру  жаңа  формациядағы 
жаңашыл педагогтардың басты мақсатына айналуы тиіс. Тұлғаның даму өзегі 
–  рухани-адамгершілік  құндылық.  Осы  орайда,  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасы Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға 
маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерілеуін  жылдам 
қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш  деп  айтуға  болады.  Аталмыш 
бағдарламаның  еліміздің  болашағы  келер  ұрпақтың  бойына  рухани 
құндылықтарды  қалыптастыруда  алатын  рөлі  зор.  Ал    рухани-адамгершілік 
құндылық дегеніміз  - тұлғаның өмірдегі өз орнын табуға, қоршаған ортадағы 
мәдени  тұтастықты  қалыптастыратын  жиынтық  болса,  ал  құндылық  деген  -  
сезім мен ақылдың ұштасуын және сол арқылы іс-әрекетті  белгілейді.  
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі білім беру жүйесіндегі 
өзекті  мәселенің  бірі  –  оқушылардың  бойындағы  рухани  құндылықтар  мен 
адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  болып  отыр.    Ғылым  мен 
техниканың орасан зор жетістіктеріне қол жеткізіп, жаңа технологиялардың 
қоғам  өмірінің  түрлі  саласында  кеңінен  еңгізілуіне  байланысты  жастарды 
жаңа  кезеңнің  талаптарына  сай  тәрбиелеу  үшін  оларға  жаңа  мазмұнның 
жоғары деңгейінде білім беру қажет. Білім мен тәрбиенің егіз ұғым екендігін 
еске  түсіре  отырсақ,  оқушылардың  ұлттық  рухани  құндылықтарын 
қалыптастыруда қазақ әдебиеті пәнінің атқаратын ролі зор. Әдебиет сабағы – 
рухани  құндылықты  сіңіртетін,  ұлттық  санаың  кеңеюіне  үлес  қосатын, 
өмірлік  ұстаным  мен  өзіндік  көзқарасты  қалыптастыратын,  тәлім  мен 
тәрбиенің  қайнар  бұлағы  іспеттес.  Әдебиет  -  тәрбиені  үйрететін, 
оқушыларды адамгершілік тұрғыда тәрбиелейтін пәннің негізгі өзегі.[1;84] 
 
 Рухани-адамгершілік, ұлттық  тәрбие берудің маңызды педагогикалық 
міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа 
сапалық  көзқарасын,  сөз  бен  істің  бірлігін,  адамгершілік  нормаларының 
ауытқушылығына  жол  бермеуді  қалыптастыру  болып  табылады.  Ал 
тәрбиенің  негізгі  міндеті  –  қоғамның  қажетті  талаптарын  әрбір  баланың 
борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына 
айналдыру  болса,  әдебиет  сол  қасиеттерді  тұлға  бойына  қалыптастыруға 
негіз болатын басты құрал.  
 
Сан  ғасырлық  тарихы  бар  туған  халқымыздың  төл  әдебиеті  оқушыға 
еліміздің  кешегі  өткені  мен  бүгінгі  болашағыннан  сыр  шертетін,  салт-сана 
мен  әдет-ғұрыпты  танытатын,  бабалар  өнегесін  үлгі  ететін,  оларды 
дәріптеуге  баулитын  мол  тәрбие  көзі  болып  саналады.  Бұл  ойымызға  
халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесінің түйіні, еліміздің  тарихы, әлеуметтік 
тыныс-тіршілігі,  ақыл-өнегесі  мол  көрініс  тапқан,    ғасыр  шежіресі  –  мақал-
мәтелдер, көркем сөздің хас шеберлері, қазақтың би-шешендерінің шешендік 
сөздері,  даналық  ойлары,  жалпы  айтқанда,  қазақтың  халық  әдебиеті 


91 
 
(фольклор), сондай-ақ, әдебиеттің көрнекті өкілдері, заңғар жазушылары мен 
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дарабоз ақындарының тәрбиеге, өнегеге толы 
өлең-жырлары  мен  көркем  шығармалары  дәлел  бола  алады.  Мысалы,  ауыз 
әдебиетінің  бір  үлгісі  ретінде  мақал-мәтелдерді  алсақ,  мақал-мәтелдерде 
халқымыздың  ұлттық  тәрбиесі,  дәстүрі,  ой-өрісі,  әдет-ғұрыптары  бар. 
Оларды  сабақта  жиі  қолдану  арқылы  оқушылардың  ой-өрісін  кеңейтіп,  сөз 
қорларын  байытып,  өнегелі  де  тәрбиелі  болып  өсулеріне  ықпал  жасай 
аламыз.  «Ағаш  тамырымен,  адам  жолдасымен  мықты»,  «Білімді  өлмес  – 
қағазда  аты  қалар,  ұста  өлмес  –  істеген  заты  қалар»,  «Жақсымен  жолдас 
болсаң,  жетерсің  мұратқа,  Жаманмен  жолдас  болсаң,  қаларсың  ұятқа», 
«Көппен  көрген  –  ұлы  той»,  «Жақсыдан  –  үйрен,  жаманнан  –  жирен», 
«Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез» және осы секілді т.б. мақал-
мәтелдер оқушылардың ойына ой тастайтын, өнегесі мол халқымыздың асыл 
қазынасы іспеттес [2;91].  
 
Оқушыларды  адамгершілік-патриоттық  тұрғыда  тәрбиелеуге  ХІХ 
ғасырда жалынды жырымен қазақ әдебиетіне өшпес із қалдырған халықшыл 
ақын  –  Махамбеттің  өлең-жырлары  мен  оның  батыр  да  нар  тұлғасын  үлгі 
етуге  болады.  Ол  бір  жағынан  егеулі  найза  қолға  алып,  егескен  дұшпанына 
атойлап  қарсы  шапса,  екінші  жағынан  отты  жырларымен  төңірегіндегі 
сарбаздарына рухани күш-қуат берді. Мысалы: 
                                     Ереуіл атқа ер салмай
                                     Егеулі найза қолға алмай, 
                                     Еңку-еңку жер шалмай
                                     Қоңыр салқын төске алмай, 
                                     Тебенгі терге шірімей
                                  Теріге  майдай  ерімей...    [3;38].  Сондай-ақ,  ақынның 
«Толарсақтан саз кешіп» өлеңіндегі: 
                                     Толарсақтан саз кешіп, 
                                     Тоқтамай тартып шығарға, 
                                     Қас үлектен туған қатепті, 
                                     Қаранар керек бұл іске. 
                                     Қабырғасын қаусатып
                                     Бір-біртіндеп сөксе де, 
                                     Қабағын шытпас ер керек, 
                                     Біздің  бүйткен  бұл  іске...  [3;45],  -  деген  найзаның 
ұшындай өткір өлең жолдары ұлттық сана сезім мен азаматтық патриотизмді 
қалыптастыратын  рухани  қалыптың  өміршең  өнегесінің  үлгісі.  Сол  сияқты 
сонау  ақын-жыраулар  поэзиясындағы  Асан  қайғы,  Ақтамберді,  Қазтуған, 
Шалкиіз,  Тәтіғара  сынды  жыраулардың  өлең-жырларындағы  рухани-
адамгершілік  қасиеттерді  дәріптеу,  ар-намысты  әрдайым  биік  ұстау  сияқты 
тәрбиелік  мәні  зор  мәселелер  жан-жақты  көрініс  тапқан.  Мысалы,  Асан 
қайғының:  
 
                                       Мінезі жаман адамға
                                                 Енді қайтіп жуыспа. 


92 
 
                                                 Тәуір көрер кісіңмен, 
                                                 Жалған  айтып  суыспа...[4;27],-  деген  өлең 
жолдары  немесе Майлықожаның ақынның:    
                                                Жаман-жақсы әр істі, 
                                                Пейілінен табады. 
                                                Парасатты ер жігіт
                                               Жақсыдан  ғибрат  алады...[4;98],-  деген  салмақты 
ойы тыңдаушысына тағылым берсе, Шалкиіз жыраудың келесі сөзінен: 
                                                 Атаның ұлы жақсыға, 
                                                 Малыңды бер де басын қос
                                                 Бір  күні  болар  керегі...[4;105],-  деп  тәлім-
тәрбиенің лебі ескендей әсер береді. 
 
Мектептің  жоғары  буынында  оқытылатын  жазба  әдебиеттің  өкілдері 
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы,  С.Мұқановтың  «Ботагөз» 
романы, 
Ж.Аймауытовтың 
«Ақбілек», 
«Қартқожа» 
романдары, 
С.Сейфуллиннің    «Қарағанды»,  Ә.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер» 
романдарындағы  адамгершілік,    жақсы  мен  жаман,  адалдық  пен  арамдық 
арасындағы қарама-қайшылықтар, әділдіктің ақ туын көтерген, елдің бірлігі 
мен  бүтіндігін  ойлайтын  адами  қасеттері  жоғары  азаматтардың  образдары 
арқылы  оқушы  санасына  рухани-адамгершілік  қасиеттерді,  ұлттық 
құндылықтарды  қалыптастыруға  болады.  Мәселен,  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясындағы  Ұлжан  ананың,  Зере  әжейдің  ақылдылығы,  мейірімге, 
парасаттылыққа  толы  жүректері,  Құнанбайдың  жақсы  ел  билеуші  азамат, 
саясаткер, Абайдың адалдығы, ел жанын ойлайтын азамат кейіпінде берілген 
образдары,  сондай-ақ,  «Қан  мен  тер»  романындағы  Еламанның,  Райдың, 
Мөңкенің образдары оқушыларға ой салатыны белгілі.  
 
Адам бойындағы асыл қасиеттер – адамгершілік, әділдік, шыншылдық, 
рухани  тазалық,  қамқорлық  қасиеттері  жоғалмаса,  келешек  ұрпақ  та  осыны 
ұғынып  өседі  деп  сенеміз.  Сонымен,  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін 
айтсақ,  ұлы  ұстаз  Әл-Фарабидің  «Тәрбиесіз  қолға  білім  салма...»  деген 
даналық  ойымен,  қазақтың  біртуар  ұлы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «...Біз 
әрқашанда  білімге  ұмтыламыз.  Негізінде  ең  бірінші  тәлімге  ұмтылуымыз 
керек.  Бізге  тәлімді  рух,  тәрбиелі  білім  қажет...»  [5;10],  -  деген  қанатты 
сөздерімен түйіндегіміз келеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет