125
бөлімде тақырыпқа сай топтық, жұптық жұмыс негізінде проблеманы шешу
жолдарын қарастырған іс-әрекеттер орындалды. Жұмыс
өзара талқылау, қызу
пікір, тақырыптағы мәселені өздері шешу арқылы жүзеге асты. Мұғалім әр
сабақта «Оқушы үніне» құлақ түріп, өзіне аса салмақ салмай, оқушының өзі
шешуіне бағыт - бағдар беруі керек екенін тағы бір мәрте түсінді. Негізгі
мақсатым да осы жұмыстарға идея ұсыну арқылы мектеп ұстаздарының
кәсіби шеберліктерінің шыңдалып, ойларына ой қосып, ұстаздардың
жұмысының нәтижесін өздеріне көрсету еді. Бұл ұйымдастырған жұмысым
да сәтті өтті.
Өлкетану, елінің тарихын білу бағытымен Индер ауданының 90
жылдық мерейтойына қарсаңында мектептегі әр оқушының туған өлкесіне,
туған жеріне деген сүйіспеншілігін, оның қадір - қасиетін сездіру мақсатында
15 минуттық үзіліс кезінде жергілікті бард ақын, сазгер Табылды
Досымовтың «Сәйгүлік», «Мен қазақ» және ауданымыздың әнұранына
айналған «Дендерім-байтақ мекенім» әндеріне флешмоб ұйымдастырып
отырмын. Бұл М.Әуезов атындағы мектептен бастау алып, келесі көрші
мектептерге сәлемдеме ретінде жолдау. Осы жолдауымыз іске асса, келесі
мектептер жалғап алып кетсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Оқушылар тек
жаңғыртып қана қоймай Табылды Досымовтың кім екенін біледі,
шығармашылығын жатқа айтады, туған өлкенің қадір - қасиетін ұғынады
деген ойдамын. Қазақ қашанда өзінің ұлттық өнерімен ұлық. Ендеше, бұл
жолдағы ізденіс пен жаңа шығармашылық көкжиектер мектептің мәртебесін
әркез асқақтата беретіні анық. Елбасымыз атап айтқандай, «табыстың кілті -
білімде» қай кезеңде болсын, қай салада болсын, біз
«Табысты болудың ең
іргелі, басты факторы білім екенін әрдайым бірінші орында тұруы шарт.
Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана
табысқа жететінін» түсінетін уақыт келді. Бүгінгі байлық, бүгінгі мақтан
тек
қана білімнің, білімдінің айналасында салтанат құрады.
Достарыңызбен бөлісу: