Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет66/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  «Мектеп директоры» әдістемелік  журналы. 
2.   «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы. 
3.  Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. 
4.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 
5.  «Егемен Қазақстан» газеті. 
6.  «Атырау» газеті. 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМДЕГІ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІК 
 
Исабаева Мадина Ахметовна 
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, № 193 ЖББМ-нің   
химия-биология  пәнінің жоғары  санатты  оқытушысы 
 


126 
 
 «Адам – бүгін  адам, ертең топырақ
Жылтылдап бұл дүние алдар бірақ 
Ертең қайда боларсың білермісің 
Өлмек үшін туғансың ойлан шырақ!» 
                                                                                                     Абай 
 
Қазіргі таңда жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесін іске асыру 
үшін  оны  жаңашыл  технологияландыру  қажеттігі  туып  отырғаны  баршаға 
белгілі. 
ХХІ  ғасырда  әлемдік  өркениет  төрінен  орын  алып,  Қазақстанның  жан-
жақты  дамуының  бірден-бір  жолы  білім  мен  ғылымды  әр  қырынан  меңгеру 
қажет  болып  отырғаны  белгілі.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  Білім  мен  ғылым 
қызметкерлерінің  ІІІ  съезінде  «Құрылымдық  өзгерістер  мұғалім  кадрларын 
әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс»  - деп, 
атап көрсетті. 
Экономикасы  күшті  дамыған  елдердің   тәжірибесі  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  экономика,  ғылым  және  мәдениеттің  қарқынды  дамуының 
негізгі кепілі  екендігін көрсетіп отыр. Олай болса  қазіргі заманның ақпараттық 
және   телекоммуникациялық  технологиясын  игеру  әрбір  мұғалімнің  басты 
міндеті болып табылады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  арқылы   дамыта   оқыту,  дара  тұлғаға  бағыттап 
оқыту   мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу  тәрбие  үрдісінің  барлық 
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. 
Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды 
міндет  —  талабы   таудай  дарынды  жеке  тұлғаны  іздеп  тауып,  оны  жетілдіріп 
шығару.  Қазіргі  кезеңде  мұғалімінің  алдында  тұрған  маңызды,  жауапты 
міндеттің  бірі  -  оқушыға  тиянақты  білім  беру.  Жаңа  технологияларды 
күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану,  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді 
жолдарын  көрсетеді.  Қазіргі  оқыту  барысында  қолданылып  жүрген  көптеген 
технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға 
бағытталған. Заманымыздың білім жүйесі оқу-тәрбие үрдісінде технологиядағы 
түрлілігімен  сипатталады.  Бүгінгі  таңда  педагогикалық  технологияға  ерекше 
көңіл бөлудің себебі неде? 
Біріншіден,  педагогикада  іскерлік  жүйесінің  жаңа  жолын  табуға 
қажеттіліктің тууы. 
Екіншіден,  оқытуда  жеке  белгілей  оқыту,  білім  беру  тиімділігін  арттыру. 
Қорыта айтқанда,технологияны жобалау — оқушы мен ұстаз арасындағы өзара 
қатынасты  қалыптастырып,  білімге  қызығушылығын  арттыруды  бір  жүйеге 
келтіру,әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, осы педагогикалық жүйені 
дамыту,  оны  практикада  пайдалану  шарт.Бұл  жетістіктерге  арнайы  курс, 
тәжірибе  алмасу  және  жалықпай  іздену  арқылы  жетеді.  Демек,  білім  беру 
мазмұнын  жаңарту,  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  дамыту   бүгінгі  күннің 
обьективті заңдылығы. 
2.1) Ақпараттық технологияларды қолданудың  негізгі мақсаты 


127 
 
– Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы 
–коммуникативтік   қабілеттерін,  ақыл-ойын,  танымдық  және  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту,  алған  білімдерін  практикалық  іс-әрекетте  қолдануға 
үйрету. 
2) Ақпараттық технологияларды қолданудағы негізгі міндеттері: 
–  Ғылыми  –  педагогикалық  әдебиеттерден  жаңа  ақпараттық  технология 
туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу. 
–  Жаңа  ақпараттық  технологияны  ұйымдастыру  үшін  материалдық 
техникалық базаны жетілдіру,  іс шаралар кешенін әзірлеу. 
–  Компьютерлік  және  саралап,  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  оқыту 
үрдісіне енгізу негізінде: 
а)  Химия  пәнінен  электрондық  оқулықты  қолдану  арқылы  өткізілген 
сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау. 
б)  Химиядан  өткізілген  дәстүрлі  және  электронды  оқулықты  қолданып 
оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау. 
в)   Химиядан  өткізілген  дәстүрлі  және  электронды  оқулықты  қолданып 
оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет