142
баламен кілемде не болмаса үстелшеде отырып, жеке сабақтар өткізеді.
Монтессори - педагог өте байқампаз бақылаушы болуы керек және әр
баланың жеке даму деңгейі жайлы анық түсінігі болуы тиіс. Ол осы кезде
балаға қандай материалдар қажет екенін біліп, шешім қабылдауы керек.
Педагог баланың ісіне тек оған көмек керек болған жағдайда ғана араласа
алады. Ол тәрбиеленушіге көмек көрсету үшін адекватты әдістер таба алатын
жағдайда болуы керек. Нәтижесінде балаларда білім алумен қатар назарын
шоғырландыру, есту, есте сақтау қабілеті, тағы да басқа маңызды қасиеттері
терең де берік қаланады. Монтессори әдістемесі бойынша педагогикалық
үдерісті ұйымдастыру ерекшелігі сол - белсенділік ауырлығының орталығы
педагогтан балаға ауысады. Бала тек тыңдаушы, педагогтың айтып жатқанын
енжар қабылдап отырушы емес, ол жеке қызығушылығы мен ойларына
қарап, өз бетімен жұмыс істеу арқылы белсенді түрде білім, дағды
жинақтайды. Ол өзі таңдаған материалмен айналысады. Айналысатын
ортаныда өзі таңдап, қанша уақыт керектігін де өзі шешеді. Ең алдымен,
Монтессори - педагог баланың дамуына бағытталған заттық - кеңістік орта
жасайды, сондай-ақ, ол ортада тәртіп болуын қадағалайды, жаттығулар
орындалып, болған соң материалдардың өз орнында жиналып тұрғанына
көңіл бөледі. Тәртіпті сақтауға балалар да қатысады, осы арқылы олар
ұқыптылыққа қатысысады.
Достарыңызбен бөлісу: