Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет74/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың    денсаулығын  нығайтуға 
арналған    жағдайлар: 
  Адамның қабілеттері мен, мінезі туғаннан  пайда болмайды, олардың 
көбісі өмірінің үш   жылында дамиды. Үш жасқа дейінгі бала 
логикалық ойлары жоқ, өзінің инстинкт пен интуиция сына жүгінетін 
жануарларға жақын келеді. 
  Ерте  жаста  музыкалық  есту  қабілеті,  физикалық  қабілеттері 
этетикалық қабылдау-сенсорлық реакция дамиды. 
  Бала  ашуланғанда  не  жылағанда,  оның  неге  өйткенін  анықтау  керек. 
Егер  сіз  тек  ұрсып  не  көңіл  аудармай  қойсаңыз,  бұл  баланы  одан 
сайын эгоист және қырсық етеді. 
  Қызығушылық  -  бұл  тәрбиенің  және  бала  дамуының  жақсы 
стимуляторы. Бірақ та бұл жерде бір мәселе бар: баланың бір нәрсеге 
қызығушылығы тез жоғалып кетеді, себебі оның көрсем, білем деген 
ұмтылысы  шексіз.  Баланың  қызығушылығы  әлемді  тануда  маңызды 
шарт және ол оның ақыл-ойының дамуына керек болады.  
  Қайталау - баланың қызығушылығын ынталандыратын ең жақсы әдіс. 
Баланың есте сақтау қабілетін ол қайталаудан рахаттанатын болғанша 
жаттықтыру  керек.    Баланың  тамағы  оның  басқа  да  сезімдері  секілді 
бір мен үш жас арасында дамиды. 
  Баланы  шынайы  өнегемен  таныстырыңыз.  Егер  оның  таза  ақ  парақ 
сияқты  миында  Матисса  и  Пикассо  суреттері  мен  Моцарт  және 
Бетховен музыкасы қалатын болса, олар оның талғамына да әсер етуі 
мүмкін. 


143 
 
  Бала  үшін  бір  нәрсеге  назарын  аударып  отырғаннан  гөрі  өзінің 
күштерін  әр  түрлі  істерде  байқап  көрген  пайдалы.  Бір  жағынан,  ол 
белгілі бір аумақта жақсы жетістіктерге жетеді, бұл оған күш қосады, 
ол басқа істерде де табысты болады. 
  Ойыншықтардың  көптігі  баланың  назарын  алаңдатады.  Көптеген 
психологтардың  ойынша,  баланың  айналасында  ойыншықтар  көп 
болса,  олар  баланың  бір  ойыншыққа  назар  аударып,  сонымен 
ойнауына кедергі жасайды. Бала бір ғана ойыншықпен ойнаса, соған 
байланысты әр түрлі ойындар ойлап табады. 
  Әр  бала,  оның  дарындылығының  деңгейіне  қарамастан,  өзіне  деген 
мұхият  қары-қатынасты,  марапаттауды,  көмекті  күтеді.  Сонда  ол 
өзіндегі барлық жақсыны барынша дамытатын болады. 
  Өзіне  ала  алатын  тұлға  болып  өседі.  Бала  басқалардан  ақылды  бола 
тұрып, адамдарға сенбейтін болса, ол өмірде көп нәрсеге қол жеткізе 
алмайды. 
  Бала үшін қауіптің барлығын алысқа тығып тастаудың керегі жоқ. Бұл 
тәжірибеде баланың айналасында вакум жасайды да, оның сипап сезу 
сезімдерінің дамуына кедергі болады. 
  Қорыта  келгенде  М.Монтессори  әдісі  ұлттық,  діни,  мәдениеттілік 
дәстүрлерін 
жалпы 
физиологиялық 
тұжырымдамалық 
«космостық 
тәрбиемен»  жарастыра  біріктіретін,  сондай-ақ,  баланың  субъективті 
позициясын  мойындауға  және  бала  табиғатының  ересек  адам  табиғатынан 
ерекше екенін жариялауға негізделген әдістемелік базасы бар, мәні бойынша 
тұтас,  ұтқыр  эволюцияландырушы  авторлық  жүйе  болып  табылады. 
«Монтессори-педагогикасының»  әлемдегі  көптеген  елдерінің  білім  беру 
саласындағы 
бейімделуінің 
жалпы 
және 
жеке 
заңдылықтары 
М.Монтессоридің  өзінің  жүйесінің  негізін  сақтауды  анықтауға  мүмкіндік 
береді, бұл замануи қазақстандық педагогиканың дамуы мен байытылуының 
перспективаларын 
қамтамасыз 
етеді. 
М.Монтессори 
әдістемесімен 
тәрбиеленген баланың оқуға деген ынтасы, жұмыста ықпал көрсету қабілеті 
артады,  балада  дербестік  пайда  болады,  қарым-қатынастардың  жақсы 
әдеттерін  және  ішкі  тәртіпті  меңгереді.  Әдіс  ерік-жігерді  жаттықтырады, 
саналы білім, сапалы тәрбие, ашық жоғары сезім, еңбек сүйгіштік жәнек өзін-
өзі  жетілдіруге,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  белсенділігін 
қалыптастырады.  Баланың  назарын  дамытуға,  шығармашылық  және 
логикалық  ойлауға,  жадын,  сөйлеу  қабілетін,  қиялын,  моториканы 
қалыптастыруға көмектеседі деген тұжырым жасауға болады. Бұл әдістемеде 
айналадағы  адамдармен  араласу  дағдысын  меңгеруге  септігін  тигізетін 
ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ баланың 
дербестігін  дамыту  үшін  күнделікті  өмірдекгі  әдеттерді  меңгеруіне  көңіл 
бөлінеді.  Ойыншықтар  арқылы  баланың  ұсақ  қол  моторикасын  дамыту, 
логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту,  денсаулығын  ерте  жастан  қолға  алу. 
М.Монтессори  жүйесі  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың    денсаулығын 
нығайтуға  үлкен  септігін  тигізеді.  Атап  айтсақ,  жүйке  жүйесінің,  көру 


144 
 
мүшелерінің жақсаруын, ұсақ қол моторикасының, сипап - сезу мүшелерінің 
дамуына т.б жағдай жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет