Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет94/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

                  
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ 
 
Бутимбаева Жанаткуль Мошановна 
Еңбекшіқазақ аудандық балалар мен жасөспірімдердің туризм және 
экскурсия орталығы  
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың    «Рухани 
жаңғыру:  болашаққа  бағдар»  атты  халқымыз  үшін  стратегиялық  мәні  зор 
бағдарламалық  еңбегінде  бірқатар  маңызды  міндеттерге,  қазақ  елінің 
болашағын  кемелдендіруге  қатысты  өзекті  мәселелерге  баса  назар 
аударылғаны  мәлім.  Басты  мақсат  -  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына 
қосылу  үшін  санамыз  ісімізден  озық  жүруі,  яғни  ой-сана  күнделікті  өмір 
талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін, бұл еліміздегі 
саяси және экономикалық жаңаруларды толықтырып қана қоймай солардың 
өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті.  Елбасының «Болашаққа бағдар: 
рухани жаңғыру» атты мағынасы терең еңбегіндегі туған жер патриотизм, өз 
елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне елжандылықпен атсалысу, Қазақстанның 
қасиетті  рухани  құндылықтары  немесе  «Қазақстанның  киелі  жерлерінің 
географиясы»  жобасын  іске  асыру  жұмыстарын  білім  беру  ісі  мен  ғылым 
саласы  өкілдерінің  қызметінсіз  көзге  елестету  еш  мүмкін  емес  дер  едік. 
Сондықтан  да  мұны  ел  Президенті:  «...бұл  білім  беру  саласында  ауқымды 
өлкетану  жұмыстарын  жүргізуді,  экологияны  жақсартуға  және  елді 
мекендерді  абаттандыруға  баса  мән  беруді,  жергілікті  деңгейдегі  тарихи 
ескерткіштер  мен  мәдени  нысандарды  қалпына  келтіруді  көздейді. 
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан 
көрініс  тапса  игі»  деп  орынды  ескертеді.  Аталған  игілікті  шараларды 


198 
 
орындау  жұмысы  білім  беру  саласының  қызметкерлеріне,  жергілікті 
жерлердегі  билік  өкілдеріне  үлкен  міндеттер  жүктейді.  Қорыта  айтқанда, 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  іс-шараларын 
жүзеге    асыру  жұмысы  оқу-біліммен,  ғылыммен  тығыз  байланыста 
атқарылатын  жүйелі  үрдіс.  Аталған  игілікті  шараларды  орындау  жұмысы 
білім  беру  саласының  қызметкерлеріне,  жергілікті  жерлердегі  билік 
өкілдеріне  үлкен  міндеттер  жүктейді.  Мұны  күнделікті  өмір  тәжірибесі 
көрсетіп келеді. Елбасы Н.Назарбаев айтпақшы: «Сынаптай сырғыған уақыт 
ешкімді  күтіп  тұрмайды,  жаңғыру  да  тарихтың  өзі  сияқты  жалғаса  беретін 
процесс...  Екі  дәуір  түйіскен  өліара  шақта  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру 
және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи 
мүмкіндігі беріліп «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің 
дана  сөзінің  маңыздылығы  күннен  күнге  артып  келеді.  Өйткені  әрбір  білім 
алушы өз жері мен оның байлығының иесі болу үшінұлттық құндылықтарын 
сақтай  отырып,  жаңа  технологияларды  меңгеріп,жаңаша  өмір  сүрге 
үйренудің жолдарын да білуге тиіс.. Егер қоғамның дамуы білімді де білікті 
адамдардың  жаңаша  қызмет  атқаруын  керек  ететін  болса,  сол  жаңашыл 
болашақ  қоғам  мүшелеріне  білім  мен  тәрбие  беретін  ұстаздарымыз  тың 
идеялармен қаруланған, жаңашыл болуы керек екені сөзсіз. Білім мен тәрбие 
жүйесі қоғам дамуымен бірге жаңарып келеді.Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік 
революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында 
еліміздің  бүгіні  мен  жаңа  әлем  көшбасшыларының  қатарына  қосылу  үшін 
алға  қойған  маңызды  міндеттерді  нақтылап  берді.  Білім  берудің  жаңа 
сапалық көрсеткіштерінің нақты бағдарламасы ретіндегі Жолдаудың «Адами 
капитал  -  жаңғыру  негізі»  білім  саласындағы  жетінші  міндеті  білім  беру 
саласын дамыту бойынша маңызды міндеттерді айқындап берді.  
Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа,  білім,  ғылымға  маңыз 
беруі  -  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерілеуін  жылдам  қарқынмен 
жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен 
алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Елбасы рухани жаңғырудағы 
ұлттық  сананың  роліне  баса  назар  аударып,бірнеше  міндеттерді  айқындап 
берді.  Оның  ең  негізгісі  ұлттың  терең  тари  хынан  бастау  алатын  рухани 
ұстынды 
сақтап 
қалу. 
Тарихтың 
белестерінен 
сүрінбей 
өткен 
құндылықтарымыз  бен    озық  дәстүрімізді  табысты  жаңғыртудың  алғы 
шартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан 
мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі 
қасиеттерімізді  қайта  түлетуіміз  керек»,  −  екенін  атап  көрсетті.  Президент 
рухани  жаңғырудағы  ұлттық  сана-сезім  көкжиегін  кеңейтуде  екі  нәрсенің 
басын  нақты  ашып  беріп  отыр.  Оның  бірі  -  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет 
сақталмаса,  ешқандай  жаңғырудың  болмайтындығы.  Екіншісі  –  алға  басу 
үшін  ұлттың  дамуына  кедергі  болатын  өткеннің  кертартпа  тұстарынан  бас 
тарту.  Мұндағы  басты  идея  -  болашақ  пен  өткенді  үйлесімді  сабақтастыра 
білу.  Озығын  алып,  тозығын  тастау.  Елбасының  идеясы  тарихқа  деген 
көзқарасты  түзету  мен  ұлттық  бірегейлікті  сақтап,  ұлттық  сана-сезімнің 


199 
 
көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Рухани байлықтың кемел болғаны бұл 
жеке  азаматтарымыз  үшін  де,  әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған 
еліміз  үшін  де  өте  маңызды  үдеріс.Ұлттық  құндылықтарымызды  жаңғырту 
арқылы  жас  ұрпақтың  санасына  патриоттық  тәрбиені  сіңіру  руханирухани 
жаңғыруға  негіз  болады.  Яғни  замана  сынынан  сүрінбей  өтіп,  ата-
бабамыздан  жеткен  озық  дәстүрлерді  ұрпақ  санасына  сіңіре  отырып, 
жаңғырта білуіміз қажет. Бұл қажеттілік адами құндылықтар, рухани қазына, 
жастарды  тәрбиелеу,  олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре  білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігінен туындайды. Жас 
ұрпаққа  патриоттық  тәре  берудің  негізгі  идеялары  Елбасының  “Қазақстан-
2030”  стратегиялық  Жолдауында:  «Олар  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы,  өз 
елінің патриоттары болады»,-делінсе, ҚР-ның «Білім туралы» Заңында «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеттері  азаматтық  пен  елжандылықты,  өз  Отаны 
ҚР-на  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік рәміздерді  құрметтеуге,  халық дәстүрін 
қастерлеуге,  әлемдік  және  отандық  мәдениеттің  жетістіктеріне  баулу,  қазақ 
халқы  мен  республиканың  басқа  халықтарының  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен 
дәстүрлерін  зерделеу,  мемлекеттік  тілді,  орыс,  шетел  тілдерін  меңгеру» 
делінген.  Осыған  орай,  бүгінгі  жас  ұрпақты  патриоттыққа  тәрбиелеу,  жеке 
тұлға  талабы,  қоғам  қажеттігі.  Егеменді  еліміздің  жарқын  болашағы  болар 
жас  ұрпаққа  терең,  мазмұнды  білім  беру  мен  ұлтын  сүйер  патриот  етіп 
тәрбиелеуде мектептің орны ерекше. 
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-
сезімі,  жаңа  өзгерісті  қабылдай  білуі.  «Жаңғыру»  атаулыға  бұрынғыдай 
тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге  шекеден  қарамауға  тиіспіз. 
Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық   дәстүрлерді  табысты 
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Бұл  – тарлан 
тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле-
сімді  сабақтастыратын  ұлт  жадының  тұғырнамасы.   Бұл  ретте,  тұтас 
қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағы-
тын атап өтуге болады. 
1. Бәсекекеге  қабілеттілік                                                                                                        
2. Прагматизм 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау 
4. Білімнің салтанат құруы 
5. Қазақстанның  эволюциялық дамуы 
6. Сананың ашықтығы 
7. Таяу жылдардағы міндеттер 
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана 
емес,  сонымен  бірге,  біздің  заман  сынағына  лайықты  төтеп  беруімізге 
қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. 
Елбасының  «Болашаққа  бағдар:  руxани  жаңғыру»  мақаласы  аясында  
«Туған жер» бағдарламасы – ұлтқа бағытталған ұран, мемлекеттік идеология 
өзегі  ретінде  аса  құнды  үндеу  болып  табылады.  Қоғамдық  санаға  рухани 
сілкініс  беріп,  ұлы  мұрат-мақсаттардың  түйін-тұжырымын  мәйелі  ой-


200 
 
толғаумен  саралаған  жоспарлы  жобаны  халық  жылы  қабылдады.  Рухани 
үндестік үйлесім тапқан, мәдени-рухани құндылықтарға басым мән берілген 
жаңғыру  бағдары  жұртшылықтың  жігерін  жанып  қамшылады.  Елге  мұра, 
ұрпаққа  үлгі  болатын,  ұлттық  сананың  кемелденуін  көздеген,  табысқа  жету 
тетіктері  тізбектелген  бұл  толғауды  елім  деген  барша  азамат  қолдап, 
қуаттайды.  Мұндағы  терең  ой  қозғаған  нақты  әлеуметтік  жобалар  ұлтты 
ұйыстырып, 
ұлы 
мақсаттарға 
жетелейтініне 
сеніміміз 
мол.                                                                                                                                                                                                           
Ал,  басты  бағыты  –  ұлттық  патриотизмге  негізделген.  Таяу  жылдардағы 
міндеттер  бөліміндегі  «Туған  жер»  бағдарламасы  —  уақыт  талабынан 
туындаған 
идеология 
жинағы. 
        Ауқымды  үш  мәселені  қамтыған  жоба  жалпыұлттық  сипатта 
жаңғырудың  тиісті  тетіктерін  анықтап  берді.  Осылайша,  ой-санада  жаппай 
жаңғыру  үдерісі  басталды.  Тағылымды  туған  жерге  тағзым  етіп  түлету  – 
перзенттік парызымыз. Ұлттық бірегейлік темірқазығы саналатын туған жер 
жобасы  патриоттық  тәрбиенің  негізгі  өзегі  болмақ.  Ұлы  дала  өркениетіне 
өрнектеп  жол  салған  жобада  ұлттық  дара  қасиеттеріміздің  жоғалмауы, 
жаңғырып  жоғарылауы  қарастырылған.  Ұлттық  бірегей  сана-сезімге ұлттық 
игі мүдделер арқылы әсер ететіні ақиқат. Себебі, терең тарихтан өнеге, қуат 
алған халықтың ұрпағымыз. Тар жол, тайғақ кешу нәубаты таңбаланған, ата-
бабаларымыз көздің қарашығындай қорғаған жердің қадір-қасиетін түсінеміз. 
Теңдесі жоқ туған жердің тас, топырағына дейін тағзым ететін тәуелсіз елдің 
рухты,  өжет  азаматтарымыз.  Бүгінгі  күн  —  Атажұртқа  адал  әр  азаматтың 
жеке  жауапкершілігі  сынға  түсетін  сарабдал  уақыт.  Бір  қуантарлығы,  осы 
сын-межеде  суырылып  алға  шығып,  отансүйгіштігін  нақты  істермен 
дәлелдеп  жүрген  қайраткерлер,    қарапайым  жандар  да  бар.  Мысалы,  туған 
жерге  деген  ерекше  құрметтерін  адам  жанына  жылулық  сыйлайтын 
қайырымдылық  шаралар  жасау  арқылы  білдіріп  жатқандар  бар.  Сондай-ақ 
ұлттың  рухани  жаңғыруына  бастайтын  «Туған  жер»  бағдарламасын  сәтті 
жүзеге  асыру  бойынша  нақты  ұсыныстар  білдіріп,  жобаларды  қолға  алуда. 
Жүрегі  елім  деп  соққан  әр  азамат  «Туған  жер»  бағдарламасын  жүзеге 
асыруға үлес қосуы керек. Туған жерге деген ерекше құрмет – туған жердің 
тарихын,салт-дәстүрін  тереңірек  оқып  білу,дәріптеу.  Туған  жерді  қастерлеп 
сүюге,  туған  жер  қадірін  арттыруға,  заманауи  озық  өркениет  үлгілерін 
дамытуға деген шамшырақ ұранның күштілігі осында. Жаhандану заманында 
жұтылап  қалмай  жаңаша  жаңғыруға,  рухани  жұтаңдықты  болдырмауға 
шақырады.  Ұлт  бірлігі  –  ұлы  байлық.  Ұлттық  дамуда  мызғымас  ұлт  бірлігі 
аса маңызды. Рухани дүниелер арқылы қоғамға үлкен маңыз берген бастама 
— ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған. Ұлттық рухымызды 
көтеру  үшін,  әлбетте  төл  тарихымызды,  тәрбиенің  түп  қазығы  –
құндылықтарымызды  дәріптеу  қажет.  Рухани  өрлеудің  алтын  арқауы  – 
ұлттық код ерекшеліктерін сақтау арқылы жаңғыру. Отаншылдық рух туған 
жерге, туған елге деген махаббаттан басталады. Бағдарлама неге «Туған жер» 
деп аталады? Адам баласы-шексіз зерденің ғана емес,ғажайып сезімнің иесі. 
Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында қаз басқан қасиетті 


201 
 
мекені.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Туған  жерге,  оның  мәдениеті  мен  салт-
дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды 
көріністерінің бірі» деген қанатты сөздері осының дәлелі. Туған жерге деген 
сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы бағдарламаның мәні неде?  «Туған жер» 
бағдарламасы  бойынша  алынған  іс-шаралар  үш  бағытты  қамтиды.                                                                                                                                                                                      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет