Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУДЕГІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ



Pdf көрінісі
бет96/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУДЕГІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ   
 
Жаримбетова Махабат Малгаждаровна 
Астана қаласы, №13 жалпы орта мектебі 
 
Қазақ халқы – дәстүрін ұмытпаған, салтын жоғатпаған халық. Үлкенді 
құрметтеп, кішіні ізеттеген халық. Қаншама жаңа сілкіністер келсе де, өзегін 
жоғалтпаған  халық.  Алғашында,  ұрпақты  сақтау  міндеті,  кейіннен  тілді 
сақтау  міндеті  тұрды.  Ендігі  кезекте,  болашақты  ойлайтын  кезек  келді. 
Елбасымыздың  енгізген  жаңа  бағдарламасы  осы  кезеңнің  бастамасы  болып 
тұр. «Болашақ – жас ұрпақ» демекші, келешекті жетектейтін жас өспірімдер 
мен жас мамандарды қолдау керек. Ол үшін, бірінші кезекте, сана мен білімді 
дамыттыруымыз  керек.  Халық  санасы  жоғары  болса,  білімге  деген 
құштарлық жоғарылайды. Әр бір бала сауатты болып, болашағын жоспарлай 
алатын, бәсекеге қабілетті болады.   
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның 
түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім 
үйлесе  отырып,  ұлттық  береке,  бірлік  салтанат  құрған  бәсекеге  қабілетті, 
табысты  ел  болу.  «Сонымен  бірге,  жаңғыру  ұғымының  өзі  мейлінше 
көнерген,  жаһандық  әлеммен  қабыспайтын  кейбір  дағдылар  мен  әдеттерден 
арылу  дегенді  білдіреді»  -дейді  Н.Ә.Назарбаев.  Сондықтан  рухани  жаңғыру 
үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. 
Құндылықтар  мен  адамгершілік  бағдарлар  және  патриотизм  өзара 
байланыса  отырып,  ұлттық  идеяны  қалыптастырады.Осыған  байланысты 
патриотизм ұлттық мемлекет стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады 
және    оның  негіздері  өзінің  кіші  отанына,  атамекені  –  Туған  жеріне  деген 
махаббатқа  қаланады."Рухани  жаңғыру"  бағдарламасының  басты  мақсаты  - 
өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген 
махаббат,  мақтаныш  пен  адалдық,  адамгершілік  борыш,  Отан  алдындағы 
борыш,  қазақстандықтардың  сезімін  шынайы  патриотизм    ретінде 
қалыптастыру. 
"Рухани 
жаңғыру" 
бағдарламасының 
төрт 
Кіші 
бағдарламаларының  бірі  «Тәрбие  және  білім»  –  жан-жақты  және  үйлесімді 
дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.  Саяси, 
әлеуметтік  және  экономикалық  салалардың  дамуы    қоғамдық  сананы 
жаңғыртуымен  қатар  жүреді.  Қоғамдық  сананы  қайта  құру  үшін,  жаһандық 
сын-қатерлері  жоқ   және  салт-дәстүрлерді  сақтайтын  жобаларды  іске  асыру 
мүмкіндігін қарау керек. 
Патриотизм  өз  жеріне,  кіші  Отанына  деген  махаббаттан  бастау.  Кіші 
отанымызға  деген  махаббаттан  үлкен  отанымыз  –  туған  елімізге  деген 
махаббат басталады. 
Бұл кіші бағдарламаның мақсаты – бәсекеге қабілетті, прагматикалық, 
мықты,  жауапты,  шығармашыл  тұлғаларды  тәрбиелеп,  біртұтас  ұлттың 
жетістік іргетасы болып білімге деген табынушылықты күшейту. Білім беру 


203 
 
ұйымдарын,  отбасы  және  басқа  да  институттардың    тәрбие  мен  оқытудың 
күшін жұмылдыру арқылы Ұлттық жүйені дамыту. 
Қоғамдық  сананы  жаңғыртудың  негізгі  жобасы  ретінде  «Жаңа 
гуманитарлық білім. «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» қарастырылады. Оның 
орындалуы келесі нақты қадамдарды қамтиды: 

 
Еліміздің 
барлық 
жоғары 
оқу 
орындарында 
гуманитарлық 
кафедралардың қалпына келтірілуі

 
Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемнің жүз үздік 
оқулықтарын қазақ тіліне аудару; 

 
Мемлекеттік емес аудару бюросын құру
Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарына болашағына 
ғана  емес,  бүтіндей  мемлекеттің  дамуына  әсер  етеді.  Сондықтан,  оған 
әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де. 
Білім  және  ғылым  саласындағы  әр  түрлі  өткізіліп  жатқан  іс-шаралар 
мақсаты  –  білім  деңгейін  көтеру.  Олардың  орындалуын  толығымен 
қадағалау, қатысушылардың ішінен қабілетті жастарды жоғалтпай, көпшілік 
ішінен  көзге  түспей  қалудан  сақтау  керек.  Өткізіліп  жатқан  жарыстар  мен 
олимпидалар  талаптарын бір  қайта  қарап,  ерекше оқушыларды  тани алатын 
дәрежеге жету керек.  
Сана  мен  білімді  дамытатын,  ол  –  кітап.  Қазақ  тілінде  оқылатын 
кітаптар  санын  көбейтіп,  шет  елдердің  рухани  құндылықтардың  қадірін 
көрсеткен  кітаптарды  қазақ  тіліне  аударып,  сонымен  қатар,  қазақ  халқынан 
шыққан  ұлы  ойшылдар  мен  жазушылардың  кітаптарын  өз  елімізде  жетік 
меңгерту  керек.  Өз  халқынан  шыққан  білм  сәулесін  жарқын  шашқан 
ғалымдар  мен  жазушыларды,  классиктер  мен  реалисттерді  өз  ұрпағы  оқу 
және ұстану, сана мен ішкі патриоттық сезімдердің алғышарттары.  
Елбасының  бағдарламалық  мақаласында  елдің  рухани  жаңғыруы 
мемлекеттік тіл мен салт – дәстүрі, әдебиеті мен мәдениетін сақтай отырып, 
патриоттық  тәрбие  беру  арқылы  жүзеге  асырылуы  тиіс  делінген.  Қазіргі 
заманғы  жағдайда  қазақ  тілі  әлемдік  қауымдастықтан  өзіндік  орнын 
қалыптастыруы  қажет.  Рухани  бай әрі білімді адамзат  қана  тарихты  өзгерте 
алады.  Себебі  білімді,  сауатты  адамдар  ХХІ  ғасырда  адамзат  дамуының 
негізгі қозғаушы күші болмақ. Мемлекеттік тілдің ұстанымдарын білім және 
ғылым  саласында  күшейту,  сонымен  қатар  қазақ  тілінде  оқитын 
студенттердің  тенденциясын  өсіру  –  қазақ    тіліндегі  оқулықтардың 
гуманитарлық  білімнің  барлық  бағыттарын  объективті  факторлармен 
анықтайды.  Сонда  да,  мемлекеттік  тілде  оқитын  студенттерді  оқу 
әдебиеттерімен  қамтамасыз  етуде  қиындықтар  бер.  «жаңа  гуманитарлық 
білім. 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулықтар» жобасы, әлеуметтік-гуманитарлық 
пәндердің  оқытушыларын  есептемегенде,  кумулятивті  жарқын  әсер 
көрсететін  болады.  Академиялық  ғылым  саласында  әлеуметтік  – 
гуманитарлық    пәндерді  қазақ  тілінде  дамуына  аудармашылық  жобасы 
көптеген  үлесін  тигізеді.  Қазақ  тілінде  ғылымы  айналымдағы  замануи, 


204 
 
әлеуметтік  процесстерді  түсіндіретін    жаңа  теориялар,  концепциялар 
енгізілетін болады.  
Қазақ  Елінің  жастары  білімді,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  болуға 
ұмтылулары  керек.  Себебі,  жаңа  дәуірде  тек  бәсекеге  қабілетті,  аса  білімді, 
сауатты  адамдар  ғана  табысқа  жетеді.  Ел  жастарында  осындай  қасиеттер 
болса, кез-келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық. Ел Президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  осылайша  Қазақ  Елінің  болашағын  білікті  жастармен 
байланыстарынын  ерекше  атап  өтті.  Кез-келген  елдің  болашағы  қашан  да  – 
өсіп  келе  жатқан  ұрпағына  байланысты  Сол  себепті  де,  Қазақстан  бәсекеге 
лайықты, білікті жастарды дайындауға  баса назар аударып келеді. Мәселен, 
тоқсаныншы  жылдардың  басында  «Болашақ»  бағдарламасы  қолға  алынып, 
бүгінге дейін оң мыңдаған ел жастары әлемнің маңдайалды оқу орындарында 
білім  алды,  тәжірибе  жинақтады.  Ел  аумағында  жоғары  деңгейдегі 
университтер ашылып, зияткерлік мектептер қалыптасты. Десе де, мұнымен 
тоқтап  қалуға  болмайды.  Заман  жаңарған  сайын,  білім  беру  саласын  да 
жетілдіріп отыру қажет. 
Мемлекет  басшысы  аталмыш  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады: 
«Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге 
шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық 
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу 
қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол 
адасуға  бастайды.  Сонымен  бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі 
полюстерін  қиыннан  қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды». 
Саяси,  экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы 
нәтижелерге  қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани 
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды 
үдеріс. 
Жаңашылдықты ескі әдістермен оқытуға болмайтыны аян. Сондықтан 
да  бағдарламаны  жүзеге  асыру  аясында  жобаның  әдістерін  оқу-тәрбие 
үрдістеріне кеңінен енгізуге бағыт алынды. Біздің таңдауымыздың негізінде 
прагматизм  қағидасы  тұр.  Жобаның  қызметі  сөзден  iске  көшiп,  қажеттi 
қолданбалы икемдiлiктерге ие болуға мүмкіндіктер туғызу.  


205 
 
Ұлы  Абайдың  философиясындағы  танымдық-ағартушылық  ойлардың 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасында  көтерілген  мәселелермен  үндесіп 
жатқанын  байқауға  болады.  Абай  философиясы  еш  уақытта  ескірмейтін, 
замана  сұраныстарына  лайықты  жауап  табуға  болатын  жауһарлардың 
қатарында.  Сондықтанда  гуманитарлық  саладағы  білім  беру  және  тәрбие 
ісінде  Абайдай  ойшылдарымыздың  еңбектері  де  қолға  алған  тағдырлық 
маңызы  үлкен  осы  ұлы  іске  септігін  тигізері  анық.  Осы  мәселелерді  іске 
асыру  үшін  ең  бірінші  қажеттілік  -  жастарды  Елбасының  еңбектерімен  кең 
ауқымды  танысуға  мүмкіндіктер  туғызу.Бүгінгі  таңдағы  ең  маңызды 
мәселеге  көңіл  аударуымыз  керек.  Рухани  жаңғыру  бағдарламасы,  шын 
мәнінде  қоғамдық  сананы  өзгерту  бағытындағы  гуманитарлық  ғылымдағы 
инновациялық серпіліс. Алайда кез-келген ашылулардың ғылымилығы оның 
методологиялық  дайындығымен  анықталады.  Сондықтан  да  бүгінгі  таңдағы 
жоғары мектептің, гуманитарлық ғылымдардың алдыңдағы маңызды міндет - 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  методологиясын  негіздеу  болып 
табылады.  Методологияның  өзін,  күрделі  теориялық  және  тәжірибелік 
міндеттерді  жүзеге  асыру  мен  қолданудағы  дүниетанымдық  қағидаларының 
жиынтығы деп, кең мағынада түсінуіміз керек. 
«Сананы  жаңғыртудың»  мазмұнын  негіздей  отырып,  Президент 
жаңғырудың  алты  бағытын  белгілейді:  бәсекеге  қабілеттілік,  прагматизм, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет