Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ - БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет90/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ - БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ 
 
Байғараева Айжан Кулжабаевна  
Алматы облысы, Іле ауданы 
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, 
тілін,  білімін,  адамзаттық  мәдениетті,  адами  қасиетті  мол  терең  түсінетін 
шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. 
 Ұлттық  тәрбие  деп,  жеке  тұлғаның  ұлттық  сана  сезімі  мен  мінез-
құлқының  ана  тілін,  ата  тарихын,  төл  мәдениетін  және  ұлттық  салт-
дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. 


184 
 
  Ұлттық  мәдени  құндылықтар  дегеніміз  не?  Қарапайым  тілмен 
айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән 
зат,  адами  қадір-қасиет,  яғни  халық  ғасырлар  бойы  жинақтаған  ұлттық 
рухани және материалдық құндылықтар. 
  Адамдардың  бойында  қалыптасқан  имандылық  қадір-қасиеттер 
рухани  құндылықтарға,  ал  адамдардың  қолымен  жасалған  тұтыну  заттары 
мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге 
бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық 
құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған 
асыл  мұралық  рухани  байлығынан  болашақта  ел  билейтін  ұрпақтарды 
сусындатып,  отбасында  да,  мектепте де  ұлтжандалылық  пен отаншылдыққа 
баулып,  өз  халқын,  өз  мемлекетін  көздің  қарашығындай  қорғайтын 
тұлғаларды тәрбиелеп шығару. 
   Өз  ұлтын  қадірлеп-қастерлеген,  ұлт  қадірін  білген  азаматтың 
бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе 
алмаймын.Үзу  қолымнан  келмейді»-дейді. Сырым  Датұлы: «Мен  ағайынды 
екеумін: бірі-өзім, екіншісі-халқым» - дейді. 
  Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық 
ұлттық   рухани  және  материалдық  құндылықтары  туралы  ұлағатты,  құнды 
ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды 
тәрбиелеуге неге қолданбасқа?  
  Қоғамдағы 
адамдар  жасаған  рухани,  материалдық,  мәдени 
құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның 
ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін 
айтқым  келеді.  Интеллектуалдық  деңгейі  жоғары  тұлғаны  қалыптастыру 
үшін,  оны  оқытып  қана  қою  жеткіліксіз.  Оны  тұлға  ретінде  жан  –  жақты 
дамытуға  қолайлы,  оқытудың  шығармашылық  түрін  жасау  қажет,  яғни 
шығармашылық  оқу  әрекетін  туғызу  қажет.  Бұл  баланы,  берілген  оқу 
материалын  жаттап  алу  ғана  емес,  керісінше  өз  бетімен  білім  алу  үшін 
ізденуге үйретеді. 
  Жеке  тұлғаны  ұлттық  тәрбие  арқылы  дамыта  отырып,  нақты  әрекет 
арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: 
-  белсенді  қарым-қатынас:   оқушы  мен  мұғалімнің  әрбір  мәселеде  өз 
көзқарастарын білдіріп отыруы; 
-  индивидтік:  мұғалімнің  әр  жеке  оқушының  ерекшелігін  дамытуы, 
қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; 
-  өзіндік  тәртіп:  өзіндік  бақылау  мен  бағалауды,  шешім  қабылдауды 
үйрену және оны дамыту
-  шыдамдылық:  әр  түрлі  пікірлерді  қабылдай  алу,  бір-бірінің  пікірлері 
мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. 
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру 
негізінің  бірден-бірі  мектепішілік  жүргізілетін  тәрбиелік  іс-шаралар. 
Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы,  өнер-
білімді игеруі  – тәрбиеге, өскен араға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. 


185 
 
Осыны  жақсы  түсінген  халқымыз “Ұстазы  жақсының  -  ұстамы  жақсы”, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет