холестериннің, мыс деңгейі, сілтілі фосфатазаның, 5-нуклеотидазаның (5-
НУК), гаммаглютамилтранспептидазаның (ГГТП) белсенділігі жоғарылап,
билирубинемия байқалады.
Клиникасы. А вирусты гепатиті айқын клиникалық белгілерімен
(сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі
мүмкін (инаппрантты түрі). Сарғыштықсыз түрінде сарғыштық пен
гипербилирубинемиядан басқа гепатиттің барлық клиникалық және
биохимиялық
көріністері болады, трансаминазалардың белсенділігі
жоғарылайды,
анти-HAV
IgM
анықталады.
Субклиникалық
(инаппарантты) түрінде клиникалық симптомдары болмайды, бірақ
трансаминазалардың белсенділігі жоғарылап, анти-HAV IgM анықталады.
Ауру түрлерінің ажыратылуы:
-ағымы бойынша: жедел, жеделдеу, созылмалы;
-ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр.
Клиникалық белгілерімен өтетін гепатитке 4 кезеңнің ауысып ағуы
тән:
жасырын кезең, продромалды, аурудың өршу кезеңі (сарғыштық),
реконвалисценция.
Достарыңызбен бөлісу: