Е вирусты гепатиттiң эпидемиялық аумақтары Оңтүстiк-Шығыс
Азияда, Индияда, Орталық Америкада тiркелген. Аурудың бiрен саран
жағдайлары Америка мен Европада да кездеседi.
Патогенезі. Патогенез факторлары А гепатитке ұқсайды. HEV, HAV
тәрiздi, цитопатиялық әсер етiп, гепатоциттердiң тiкелей вирусты
цитолизiне әкеп соғады. HEV-инфекциясы
кезiнде иммунопатологиялық
механизмдердiң маңызы үлкен емес. Бiрақ, Е гепатиті кезiнде А гепатитке
ұқсас жылдам иммундық жауап дамиды.
Реинфекция болуы мумкiн. А вирусты гепатиттен ерекше, Е
вирусты гепатиттен кейiн өмiр бойы сақталатын иммунитет болмауы
мүмкiн. Е гепатиті вирусының созылмалы
тасымалдаушылығы және
аурудың созылмалы түрлерi болмайды.
Е гепатитiнiң басқа гепатиттерден ерекше, жүкті әйелдерде ауыр
ағымы және өлiм қаупі патогенездiң шешiлмеген сұрақтарына жатады.
Е гепатиті кезiндегi бауырдың патоморфологиялық өзгерiстерi А
гепатитке ұқсас. Некробиоздық процесс нүктелi
немесе дақты некроздың
дамуымен шектеледi; гепатоциттердiң көбiсi зақымдалмайды. Осыған
байланысты ауру көбiнесе жеңiл, сарғаюсыз немесе көмескi түрде өтедi. Е
гепатиттiң ауыр және фульминантты түрлерi дамыған кезде (әсiресе, жүкті
әйелдерде)
бауырдың тараған көпір тәрiздi, субмассивтi немесе массивтi
некроз белгiлерi анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: