билигнин 0,5-1,0 г/кг- түнге соңғы тамақтанудан кейін 2-3
сағаттан соң
беріледі) тағайындалады.
Аурудың орташа ауырлық ағымында жоғарыда аталған емге
қосымша асқазан мен ұйқы безінің қорыту жұмысын жақсарту үшін
фермент препараттарын (панкреатин, креон, мезим форте, фестал) береді.
Инфузиондық-дезинтоксикацаялық ем ретінде қан тамырға тамшылап
5% глюкоза ерітіндісін, гемодез (400 мл күнара), рибоксин (20-30 мл), 5%
аскорбин қышқылын құямыз.
Ауыр ағымда дезинтоксикациялық шаралар күрделенеді: 5%
альбумин, қан сары суы немесе протеин (250-500 мл) және гемодезі күнде
400 мл/тәу 4 күн қатарынан құйылады.
Анорексия кезінде қоюланған полиион ерітінділерін, аминоқышқыл
қоспаларын (аминостерил, гепастерил, гепатамин). 10 күн
ішінде
гипербарийлік оксигенация тәулігіне 1-2 рет жүргізіледі.
Тағайындалған
ем
нәтижесіз
болса
глюкокортикостероидті
(преднизолон 60 мг/тәу - 120 мг/тәу), экстракорпоралды детоксикация
(гемосорбция, плазмоферез, плазмосорбция) ем беріледі.
Аурудың ұзақ мерзімді ағымында гепатопротекторлар 1-3 ай (карсил,
силимар, гепатофальк, гепабене, эссенциале, рибоксин) беріледі.
Гепатиттен кейін пайда болған ұзақ гипербилирубинемия кезінде өт
қышқылының туындыларын (урсофальк, урсосан), адеметионин (гептрал)
қолданылады. Тікелей емес фракциясы
басым гипербилирубинемия
болғанда фенобарбитал тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: