Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет233/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   295
Экономикалык теория

Активтік операциялар – бұл несиелер беру.
Пассивтік операциялар – бұл ақша жинақтарын және банктің 
табыстарын жұмылдыру. Банктегі барлық салымдар депозиттер және 
жинақ салымдары болып бөлінеді.
Банктік қызмет көрсетулер – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз 
төлемдерді жүзеге асыру, валютамен және алтынмен байланысты 
операциялар, бағалы қағаздарды шығару және сақтау, трасталық 
(сенімгерлік) операциялар. Банктер кеңестер береді, ақпараттар 
ұсынады. Соңғы жылдары банктік қызмет көрсетулердің көлемі 
айтарлықтай өсті.
Банктік операциялардың барлық түрлері пайыз түрінде пайда алуға 
мүмкіндік беретін несиелік негізде (активтік және пассивтік) немесе 
өз клиенттері есебінен комиссиялық сыйақылар алу негізінде жүзеге 
асырылады. 
Сонымен, барлық операциялардан түсетін банктік пайданы маржа 
деп атайды. Маржа – активтік операциялар бойынша пайыздар мен 
пассивтік операциялар пайыздардың айырмашылығынан болатын 
банктік таза пайда. Банктік пайдадан басқа банктің табыс көздеріне 
инвестициядан, биржалық операциялардан түсетін табыстар және 
банктік қызмет көрсетулерден түсетін комиссиялық сыйақылар 
жатады.


289
Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары. 
Дамыған елдердің қазіргі банк жүйесі арнайы мамандандырылған 
қаржы-несие институттарын да өзіне жатқызады. Кейбір жағ-
дайларда бұлар үшінші деңгейлі болып табылады. Арнайы 
мамандандырылған қаржы-несие институттары мыналар жатады: 
инвестициялық банктер, жинақ банктері, несиелік одақтар, сақтан-
дыру компаниялары, зейнетақылық және инвестициялық қорлар. 
Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары халықтың 
шағын капиталы мен жинақтарын жұмылдырып, солар арқылы 
экономиканы инвестициялайды. 
14.5. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет