1. 2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың



бет1/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
#21452
  1   2   3   4   5


МАЗМҰНЫ

Кіріспе................................................................................................................ 3

I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.

1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6

1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың

себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12

1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18

II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары

2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның

түрлері.................................................................................................................25

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35

2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,

не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44

Қорытынды.........................................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде адамның бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар-намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерін мойындауды қажет етеді. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны ерекше аталып көрсетіледі [2,36.]. Осыған орай, елдегі саяси жүйедегі реформалар өмірді барлық қырынан демократиялай отырып, жеке адам мүддесін ұжым, бүкіл қоғам мүддесімен ұштастыруға, сондай-ақ адамды қоғамдық дамудың орталығына қоя отырып, оның дұрыс өмір сүру және еңбек ете алу жағдайын қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті, саяси бостандықты орнатуға, адамның жан-жақты дамуына және рухани баюына мүмкіндіктер жасауға бағытталады. Алайда жаңа қоғам құру оңай шаруа емес. Бұл процесс кейбір келеңсіз құбылыстармен үштасып жатады. Соның бір көрсеткіші - елдегі соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлардан құқықбұзушылықтардың көбеюі. Қылмыстардың тұрақты өсуі тенденциясының қалыптасуы қоғамдағы табиғи-саяси жағдайларға келеңсіз әсер етеді, адамдар арасындағы келіспеушілікті үлғайтып, халықтың болашағына деген сенімсіздігін арттырады.

Елімізде 1993 жылы ақша реформасын жүргізу барысында ұлт мақтанышы, тәуелсіз мемлекет рәмізі, мемлекет тәуелсіздігінің басты бір белгісі болатын өзінің алғаш ұлттық валютасы-теңгені шығарды. Қазақстан халқының басым көпшілігі нарық жағдайына жаңа үйреніп, оның заңдылықтарын енді игеріп жатуы жаңа қылмыстар түрлерінің пайда болуына әкеп соқты. Оның нақты бір көрінісі - жалған ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау, сақтау, не оларды сату.

Аталған қылмыстың қауіптілігін барлық уақытта да көпшілік мойындап келген. "Хандықтардың, корольдіктердің, республиканың қүлауына негізінен төрт түрлі жағдай әсер етеді: ол шапқыншылық, өлімнің болуы, егін-ауыл шаруашылығындағы жұтшылық және монеталардың құнсыздануы. Алғашқы үш жағдай басқа түскенде тәуекелге бел бууға болады, олар - жорамал. Ал, монетаның құнсыздануын кейбіреулер республиканың құлауының негізі ретінде мойындамайды, себебі ол мемлекетті бірден, зор екпінмен емес, жайлап, жасырын түрде мемлекетті құртады және жояды" [3,99-10066.].

Жалған ақшаны жасау, сақтау, не айналымға жіберуден елдің экономикалық ақша айналымы заңы бұзылады, инфляцияға сара жол ашылады. Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:

- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;

- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;

- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату тек экономикалық қызмет саласына ғана зиян келтіріп қоймай, жәбірленушінің меншік құқығына да белгілі дәрежеде әсер етеді. Жалған ақша мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді. Халықтың өз ұлттық ақша бірліктеріне деген құрметін, ал бағалы қағаз рыногында жалған бағалы қағаз эмитент беделін өз бәсекелестері арасында түсіріп, сенімсіздік тудырады. Осыны ескеріп, ҚР қылмыстық заңында ұлттық ақша бірліктері, бағалы қағаздармен қатар шетел валютасы мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Іс-тәжірибеде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу көп жағдайда ұйымдасқан нысанда кездеседі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, айналымға жіберу түріндегі жекеленген қылмыстық әрекеттерді жалғыз қылмыскерге жүзеге асыру қиындау. Ол үшін жалған құжатты жасайтын мамандарды, оны таратуды жүзеге асыратын тұлғаларды тартады. Ал, ұйымдасқан қылмыстармен күрес бүгінде мемлекеттегі өзекті мәселе екендігі баршаға аян.

Аталған қылмыспен күресудің қиындығы сол, ол тікелей ғылыми-техникалық жетістіктермен, қоғам әл-ауқатының жақсаруымен тығыз байланысты. Тәжірибеде жалған ақша мен бағалы қағазды жасауда жай стандартты баспа құралдарының жедел түрін қолдану анағұрлым тиімді: ол жоғары дәрежеде құжат көшірмесін даярлайды, сенімді және оңай қол жеткізуге болады, әрі жинақы.

Қай кезеңде болмасын жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күрес, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру өзекті мәселе болған. Бұл қылмыстардың түрлі мемлекеттерде өзіндік ғасырлық тарихы бар екені жұмбақ емес. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуден қорғанудың түбегейлі әдістерін, жолдарын ешбір елде, ешбір заманда, ешкім де ойлап тапқан емес. Қылмыстылық - қоғам сияқты мәңгілік. Алайда, қылмыстардың алдын алудың тиімді жолын іздеу - адамзат парызы. Жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуды арнайылап ауқымды зерттеген отандық еңбектер жоқ. тек Ағыбаева Л.А.-ның диссертациялық жұмысында бұл тақырыптың кейбір жақтары көрсетілген[6].

Дипломдық жұмысының басты мақсаты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күресу шараларын жүйелеу және жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату туралы қылмыстық норманы толық ашып қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың актуалдығы - аталған тақырыпта жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не айналымға жібергені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеу және оны дұрыс дәрежелеу мәселелеріне қатысты қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттама берілген, оның Қазақстан Республикасында алғаш рет арнайы, кешенді түрде ғылыми тұрғыдан зерттелуі диссертацияның ғылыми жаңалығы болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасындағы жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестендіріп жүргізіледі. Қылмыстылықпен күресте әлемдік ғылыми тәжірибедегі жетістіктер қамтылады.
I ТАРАУ. ЖАЛҒАН АҚША МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ЖАСАУ, САҚТАУ, НЕ САТУҒА КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы
Қылмыстылық мәселесінің тарихы адамзат цивилизациясынан бастау алады. Қылмыстылық ұғымы кең. Оны статистикалық және әлеуметтік тұрғыдан да қарауға болады. Қылмыстылық - объективті, адамзат қоғамымен, оның заңдарымен байланысты әлеуметтік, сондай-ақ тарихи өзгермелі құбылыс.

Қылмыстылықты әлеуметтік құбылыс ретінде қарасақ, ол әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде пайда болады. Неміс криминологы Арманд Мерген (1961ж.): "Қылмыс - ертеден келе жатқан және қоғаммен бірге өмір сүретін әлеуметтік құбылыс", дейді.

Қылмыстық заң актісімен реттелетін қылмыстар қылмыстылықты құрайтын болғандықтан, ол - қылмыстық құқықтық құбылыс болып табылады. Қылмыстылық қоғамға қауіпті және мемелекет заңдарына қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктердің жиынтығы тұрғысынан қаралады. Қылмыстылық басқа әлеуметтік құбылыстардан құқықтық сипатымен ерекшеленеді, оның бұл қылмыстық құқықтық сипаты басқа құқықбұзушылықтардан да айырып тұрады. Қылмыстылық дегеніміз белгілі уақыт аралығында мемлекеттегі қылмыстардың жиынтығы түріндегі тарихи өзгермелі, объективті және әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Криминологияда экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседі. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым. Ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттің белсенді ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндірісті, технологияларды дамытуды, халықаралық сауда көлемін ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруды, бірлескен экономикалық және қаржылық институттар құруды, сондай-ақ экономика саласындағы құқықбұзушылықтардың, экономикалық қылмыстардың алдын алуды қажет етеді.

Бу Свенсон экономикалық қылмысты экономикалық қылмыстар ұзаққа созылатын, жүйелі, пайдакүнемдік ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиі кездесетін, жазаланатын әрекет, деп есептейді [24,3-766.]. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиеті барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.

Ал, Тіленчиева Г.Д. экономикалық қылмыстарға төмендегі белгілерді жатқызады [25,356.]:

- олардың экономикалық-шаруашылық механизмдермен байланысты;

- қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесіндегі тұлғалар ғана қылмыстың субъектілері бола алады.

Аталған белгілер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрі де жүйелі түрде жасалына бермейді, сондай-ақ қылмыскердің тек сол экономикалық жүйедегі тұлғаның бірі болуы шарт емес.

Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргізу қызметін бұзады. Қылмыскер өзіне материалдық игіліктерді алу үшін шарауашылық механизмдерді саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизмнің звенолары бір-бірімен тығыз байланыста. Қылмыспен бір звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизмдеріне эрозия алып келеді. Экономикалық қылмыстардың кейбірі пайдакүнемдіктен басқа ниетпен де жасалынады.

Дженаро Д.Д. мен Бетерс Э.: "Экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әділ процесі, ол заңмен қорғалынатын нарықтың ойын ережесін бұзады",-дейді [25,116.]. Шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бір түрі ретінде, -дейді Вороженин В., - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Шаруашылық қылмыстың топтық объектісі рыногтық экономиканың дамуына негізделген, қоғамдағы шарашылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады.

Ал, Дементьева Е.Е. диссертациялық жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгілерге төмендегілерді жатқызады [26,256.]:

- материалдық игіліктерді тарату үшін (пайдакүнемдік) жасалынуы;

- жәбірленушілердің ұжымдылығы және белгісіз болуы;

- ұзақ, жүйелі;

- мемлекеттің, кәсіпкердің және жеке азаматтардың мүдделеріне шығындардың келуі.

Автор өз еңбегінде жәбірленуші мәселесін көтереді, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игілікке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаның меншік құқығына да нұқсан келтіреді, деп есептейді. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншік құқығынан қауіптірек болады да, қылмыстың объектісі ретінде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандандырылған қызмет барысында жасалынады, деген автордың пікірімен келісуге болады, бірақ та барлық уақытта емес. Тұрмыстық мәмілелерді жасауда мамандандырылған қызметтің болуы міндетті емес.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату көне заманда, ақша пайда болғаннан-ақ қоғамда кездесіп отырған. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік туралы заңнамалардың даму тарихы ерекше жағдайлардан өтті. Ресейдің алғашқы қылмыстық кодексі (1922) бұл қылмыстық әрекетті құжаттарды бұрмалаудың түрі ретінде қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыс деп қарастырды. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сатуға мемлекеттік қылмыстық сипат беріп, ОАК мемлекеттік қылмыстар туралы (1927) жалпы одақтық ереже қабылданды. Қылмыстық нормада пайдакүнемдікпен жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сатқаны үшін жауапкершілік көзделді. 1959ж. Қазақ Советтік Республикасы қылмыстық кодексінде жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау шаруашылық қылмыстар қатарында қаралды. Бүгінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу - ақша-несие саласында кездесетін қылмыс. Ақша-несие жүйесі мемлекеттің негізгі элементі болғандықтан, бұл мемлекеттің экономикалық қызметтері ұғымын қамтиды. Экономикада ақша-несие жүйесі ерекше орын алады, бұл ұғымдарды бөлек қарау мүмкін емес. Елдің рыногтық өтпелі экономикалық жағдайында, кәсіпкерлік бостандығы жарияланып, бәсекелестікке жол берілгенде, құн мен сыртқы экономикалық қызмет либерализацияланғанда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмысты экономикалық қылмыс қатарына жатқызбау әділ болмас еді.

Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстарды Қайыржанова С.Е. банктік қылмыс қатарында зерттейді [27,186.]. Банктік қылмыстар - экономикалық қылмыстардың жекеленген түрі. Жұмыста банктік қылмыстарды екі топқа бөледі:

- банк жүйесінде жасалынатын қылмыстар;

- банк қызметі саласындағы қылмыстар.

И.А. Сербина: "Жалған ақшаны жасау, сақтау, не сату банктік операцияларды, не басқа мәмілелерді жүзеге асыру процесінде кездеспейді. Бұл құжаттар әріптестер арасында шарт жасамай сатылады", - деп есептейді [28,30-3666.]. Банк жүйесіне эмиссиялайтын, эмиссияламайтын банктер жатады. Ал, банктердің бірден-бір қызметтері валюта айырбастау, сондай-ақ бағалы қағаздарды техникалық сақтау болғандықтан, жалған ақша мен бағалы қағазбен байланысты қылмыстардың бұл салада кездеспеуі мүмкін емес. Мысалы, ақша айырбастау шарты ауызша нысанда да жасалынады, демек тұлғалар арасында шарт бар, реституция қолданылады.

Ақша-несие, бағалы қағаздар рыногы саласының қазіргі таңдағы криминологиялық жағдайын зерттеу нәтижесінде төмендегідей ерекшеліктерді байқаймыз:

- аталған қылмыс санында біршама ғана ауытқулардың болуы;

- қылмыстың қоғамға елеулі дәрежеде қауіптілігі;

- қылмыстың ғылыми технологиялық жетістіктермен тығыз байланыстылығы;

- ақша-несие саласындағы қызметтерге ерекше әсер етуі;

- жоғары дәрежеде латенттік сипат алуы.

Қылмыстылық келесі негізгі үш көрсеткіштермен өлшенеді: жалпы жағдайы, құрылымы мен динамикасы. Сонымен қатар, қылмыстылық қылмыспен келген шығынның мөлшерімен, оның сипатымен де өлшенеді.

Қылмыстылықтың жалпы жағдайы - бұл қылмыстардың және қылмыскерлердің сандық көрсеткіші. Қылмыстылық деңгейі коэффицентпен анықталады. Жалған ақша мен бағалы қағадарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің қылмыстылық коэффиценті жалпы қылмыс саны мен халық санының арақатынасының нақты массаға көбейтіндісіне тең. Әрбір 10000 адамға шаққанда 50 қылмыстан келеді.

Қылмыстылық құрылымы - қылмыс түрінің белгілі аймақта, уақыт аралығындағы жиынтығы. Оны мына белгілер сипаттайды: әлеуметтік-демографиялық, қылмыстық құқықтық және криминологиялық.

1 және 2-кестелерге сәйкес, экономикалық қылмыстар саласындағы ҚР ҚК бойынша өндірісте тіркелінген жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар санының көрсеткіші төмендегідей [29].: 1998 жылы 3593 экономикалық қылмыстардың 871-і жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыс, 1999ж. 3538 экономикалық қылмыстардың 866-і, 2000ж. 5292 экономикалық қылмыстардың 639-ы, 2001ж. 5622 экономикалық қылмыстардың 590-ы, 2002ж. 6036 экономикалық қылмыстардың 797-ы, 2003ж. 4669 экономикалық қылмыстардың 844-ы жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар. 1998-1999жылдары экономикалық қылмыстардың 1/4-і, ал 2001ж. экономикалық қылмыстардың 1/8-і жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу құрған.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар 1998ж. мен 2003ж. аралығында азайып барып алғашқы қалпына келген. Қалталы кәсіпкерлер арасында ақшамен есептесуде детекторларды қолдану соңғы кездерде жайлап өріс алуда. Алайда, мұндай жағдай қылмыстар санының азаюына толық кепіл емес-ті. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың латентті қылмыстар қатарынан табылатындығы да мәлім.

Қылмыстылық динамикасы - белгілі уақыт аралығында қылмыстылық, оның негізгі құрылымдық көрсеткіштерінің тұтасымен өсуі, не төмендеуі. Қылмыстылық динамикасына мына факторлар әсер етеді: әлеуметтік және құқықтық. Біріншісі - қылмыстың себептері мен оларға жол беретін жағдайлар, халықтың демографиялық құрылымы, миграциясы. Екіншісі - қылмыстық және басқа жазаланатын әрекеттер кездесетін салаларды тарылтатын, не кеңейтетін, нақты қылмыстарды топтауға, оларды саралауға әсер ететін заңдардағы, қылмыстық және әкімшілік жазалардағы өзгерістер мен толықтырулар. Қылмыстылық динамикасы белгілі жағдайда қылмыстарды есепке алу, тіркеу жағдайымен, құқық қорғау органдары қызметтерінің тиімділігімен, қылмыстардың дер кезінде ашылуымен де байланысты.

Жалпы ҚР аумағы бойынша өндірістегі жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстық істердің арасынан тергеу аяқталып, сотқа жіберілгендерінің орта есеппен алғандағы жайы төмендегідей: 1998ж. - 6,1%, 1999ж. - 10,2%, 2000ж. - 13,8%, 2001 ж. -14,4%, 2002ж.- 11%, 2003ж. - 17%.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстарға криминологиялық сипаттама беруде жекеленген географиялық аймақтарда қылмыстардың ашылу жағдайларын қарастырудың орны зор (Кесте 3). Сотқа жіберілген қылмыстық істердің ашылуының деңгейі 1998ж. -2000 жылға дейін тіпті 10%-ға да әрең жеткен, 2000ж. -2003ж. жоғарылаған. Соңғы екі жылдағы жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу туралы қылмыстардың ашылуының жақсы көрсеткіші ІІО мен ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнініндегі Агенттіктің (қаржы полициясы) бірлескен қызметтерінің жемісі деуге болады. Ал, жекелеген жағдайда қылмыстардың ашылу деңгейінің ең жоғары көрсеткіші 30%, ал Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Целинное басқармаларында ғана қылмыстардың ашылу деңгейі 80%-ға жеткен.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу түріндегі қылмыстарды ашу, тергеу барысында төмендегідей кемшіліктер кездеседі:

- қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу нормативтік базасының жетілдірілмеуі, баяу дамуы;

- қылмыстық әрекетерді ашуды ұйымдастыруда құқық қорғау қызметшілерінің біліктіліктерінің жетіспеуі;

- тергеу, жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге материалдық-техникалық құралдардың жетіспеуі;

- құқық қорғау қызметкерлерінің экономикалық және физика-химия салаларындағы ілімдерді біле бермеуі;

- ақша-несие саласында қылмыскерлердің криминалды кәсібилігінің, ой-өрісінің дамуы және т.б.

Кесте 1 - Экономика саласында тіркелінген қылмыстар



Кесте 2 - Қылмыстық қудалау органдарының есебі бойынша жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың 1997-2003-жылдар аралығындағы күйлері туралы мәліметтер


1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар
Кез келген құбылыстың пайда болуын сипаттайтын жалпы категория "детерминация" деп аталады. "Детерминация" - бұл құбылыстар, процестер мен жағдайлардың объективті тәуелдігі. Айналамызды қоршаған түрлі құбылыстар бір-бірімен байланысты, олар барлық уақытта диалектика заңына сәйкес қозғалыста болады. Детерминация төмендегідей өзіндік ерекшеліктерге ие: жағйдай, қызметтердің байланысы, коффеляция, себептілік және басқалар.

Себепті байланыс - детерминация туралы ілімнің негізгі түрі, ядросы. Себептілік - криминологияда ең күрделі, шиеленіске толы мәселелердің бірі. "Себептілік" ұғымына дұрыс түсінік беру үшін оны кезегімен, түрлі жағдайларға қатысты қарастырған дұрыс.

Себептілік - детерминацияның ішкі мазмұны, мәні. Себепті байланысқа мыналар тән: жалпыламалық, уақыт пен аймақтағы үздіксіздік. Табиғаты жағынан себептілік - генетикалық байланыс. Себептілік категориясында бір құбылыс міндетті түрде екіншіге (нәтижеге) айналады. Себептілік бір-біріне әсер ететін нақты оқиғаларды ғана сипаттайды, құбылысты өзгертуі де мүмкін. Себептілік категориясы тек себеп, жол беретін жағдай, нәтиже, олардың байланысы ғана емес, нәтиже мен себептердің арасындағы кері байланысты да қамтиды. Кез келген себеп түрлі жол беретін жағдайлармен бірге болады. Себеп - нәтиже туғызатын құбылыс, ол нәтижеге жету үшін белгілі оқиғаның дамуын қамтамасыз етеді.

60 жылдары криминология тек қылмыстылықтың күйі, жолдары мен құралдары жөніндегі ғылым ретінде қарастырылды [30,86.]. Қылмыстылықтың нақты бейнесін, оның дамуын анықтау, қылмыспен күресте не істеу керек деген сауалға жауап бермейді. Кез келген қылмыстылықтың пайда болуына қоғамдағы қайшылықтар себеп болады. Қылмыстылықты танып, баға беру мен күресу барысында қылмыстылықтың детерминациясы, себептері мен қылмысқа жол беретін жағдайларды міндетті түрде анықтау қажет болғандықтан, кейінгі оқулықтарда криминология қылмыстылықтың себептері мен қылмыстылықтың шарттарын зерттейтін болған [31,986.].

Ғалымдар қылмыстылықтың әмбебап себептерін анықтауға тырысқан. Түрлі жағдайларға қарамастан қылмыстылықтың пайда болуының нақты жолы, негізгі, дәлме-дәл себептері жоқ. Барлық халыққа, уақытқа ортақ қылмыстылықтың да бейнесі болған емес, бұл өзгермелі, тұрақсыз құбылыс. Кудрявцев В.Н., Эминов В.Е.: "Кез келген қоғамдағы қылмыстылықтың жалпы себебі - жалпы әлеуметтік қайшылықтар" - дей келе, қылмыстылықтың себептерін қоғамның түрлі салаларына қатысты қарастыруды ұсынған [32, 1806.].

Қылмыстылықтың себептері әлеуметтік әдебиеттерде екі бағытта түсіндіріледі: әлеуметтік және биологиялық.

Қылмыстылықтың себептері ұғымына қатысты түрлі көзқарастар бар. Бір ғалымдар қылмысқа әсер ететін құбылыстарды. себеп пен қылмысқа жол беретін жағдайларға айыру "фактор теориясын" жоққа шығарады,- дей келе, бұл құбылыстарды "фактор" деп атаған. Бір жағдайда фактор - бұл қандай да бір процестің сипаты мен белгілерін анықтайтын, оның қозғаушы күші, себебі болып табылады. Екіншіде фактор - ол құбылыстың өзгеріп, дамуы кезінде басшылыққа алатын белгілердің жиынтығы, себептедің тобы. "Фактор" -"себеп", "шарттары", "жол беретін жағдай", "мән-жайлар" ұғымдарын алмастырушы категория [33,186.]. Курганов С.И. қылмыстардың себебі мен жол беретін жағдайлар, қылмыстылықтың шарттарына ортақ "мән жайлар" деген атау беруді ұсынған. Кузнецова Н.Ф. қылмыстылықтың себептері мен шарттарын "криминогенді детерминант" ұғымына жатқызды [34,486.].

Ғылыми еңбектерде "қылмыстардың себептері" мен "қылмысқа жол беретін жағдайлар, шарттар" ұғымдарының арақатынасы зерттеледі. Қайыржанов Е.І., себеп пен жол беретін жағдай ұғымдары арасында салыстармалы ерекшеліктер бар екенін айта келе, себеп генетикалық сипатқа ие болғандықтан нәтиже тудырады, итермелейді, ал жол беретін жағдай -нәтиженің болуына жағдай жасайды, мүмкіндік береді, деп есептейді [35,266.].

Қылмыстылық себептері мәселесін дұрыс, нақты шешудің жолы оны ғылыми топтау болып табылады. Криминологияда қылмыстылық себептері, кеңес дәуірі тұсында логикалық жүйеге келтірілді. Қылмыстылықтың себептері қамтылу деңгейіне, әлеуметтік құбылыстардың мазмұны мен сипатына, мақсатына, әлеуметтік факторлардың қылмыстылыққа әсер ету механизміне, қоғамдағы әлеуметтік формациялардың ерекшеліктеріне қарай бөлінеді. Профессор Қайыржанов Е.І. қылмыстардың себептерін екі топқа бөледі: макродәрежедегі мән-жайлар (әлеуметтік-экономикалық формацияның, идеологиялық, әлеуметтік құндылықтардың және т.б. өзгеруімен), екіншісі -нақты қоғамға қауіпті әрекеттердің жасалуына әсер ететін микродәрежедегі мән-жайлар [35,906.].

Құқық қорғау органдарына кадрлар даярлау мәселесі ертеден-ақ айтылып келе жатқан күрделі сұрақ. Құқық қорғау органдарында қызметшілер жиі ауысып, арнайы білімі бар мамандар іс жүргізуге қатыстырыла бермейді. Қылмыспен күресте мамандандырылған полиция қызметкерлерінің тұрақты ядросының болмауы бүгінгі таңда қылмыстың өсуіне басты жол ашып беріп отыр. Мамандандырылған полиция қызметшілерінен айырылудың себебін еңбек қатынасындағы олқылықтар мен әлеуметтік әділеттілік қағидасына сәйкес, материалдық қамсыздандыру мәселесінің нашар болуымен де түсіндіруге болады. Білікті мамандарды қызметке тарту, жас мамандарды тәрбиелеу, еңбекке баулу сынды қасиеттер сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде орындалса екен.

Қылмыстардың өсуіне құқық қорғау органы қызметшілерінің тиісті дәрежеде құқықтық қорғалынбауы да себепші. Ұйымдасқан қылмыскерлер жауапкершіліктен қашып, түрлі жолдармен құқық қорғау органы қызметшілеріне қарсы әрекеттер ұйымдастырады, компроматтар жинауы да ғажап емес. Қылмыскер мүндай әрекеттерді қызметшіні уәкілеттігінен босату үшін жасайды. Кінәсіз құқық қорғау органы қызметшісіне қиянат жасаған мұндай тұлғалар тиісті дәрежеде жазасын алғаны жөн.

Соңғы жылдардағы қылмыстық іс құжаттар мен статистикалық материалдарды талдап, сұрақ-жауап алып, ғылыми еңбектермен таныса отырып, ұйымдастыру шараларына байланысты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуге мынадай кемшіліктерді жатқызамыз:

- өндірістің дамуына қарағанда тауар мен көрсетілетін қызмет құнының өсуі, делдалдықтың және банктік капиталдың алға шығуымен экономикада инфляциялық процестің дамуы;

- айналымда қолма-қол ақша мөлшерінің өсуі;

- номиналдық құны жоғары банкноттардың пайда болуы;

- қолма-қол емес есеп айырысудың жақсы дамымауы;

- елде шетел валютасының еркін айналымда болуы;

- ақша бірліктерінің жаңа үлгілерінің айналымға енуі;

- санаулы халықтың кірісі жоғары, ал елдің көпшілігінің кірістерінің төмен болуына байланысты өмір жағдайын дифференцациялаудың күшеюі;

- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың көпшілігінің мүдделері қоғам мүддесіне қайшы, пайдакүнем, сондай-ақ экономика саласында құқықбұзушылыққа, қылмыс жасауға бейім болуы;

- ақша мен бағалы қағаздың қорғану белгілерімен халықтың хабардар болмауы;

- сауда-саттық орындарының ұйымдастырылмаған нысанда кездесуі;

- тауарлар сату және қызмет көрсету рыногының жүйесізденуімен қолма-қол ақша айналымының бақыланбауы;

- ҚР аумағында көшірме құралдарын сырттан енгізудің бақылаусыз болуы;

- қылмыспен күресу, оны ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын, тергеу әрекеттерін ұйымдастыру, құқық қорғау органдарының кадрларын даярлау және оларды қаржыландыру, қаражатты орынды, тиімді жұмсау жөніндегі сұрақтардың шешілмеуі;

- көп халықтың экономика саласында білімдерінің болмауы, мәмілелер және басқа да операцияларды жасаудың, соның ішінде бағалы қағазға да қатысты ережелерді, процедурасын білмеуі салдарынан жәбірленушілердің көбеюі;

- қоғамдық тәртіп сақшыларының құқықбұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытпауы;

Техникалық шараларға байланысты жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің себептері мыналар:

-ақшалар мен бағалы қағаздарды тексеретін детекторларды қаражатпен байланысты ұйымдардың иеленбеуі;

-шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың көшірмесін көшірме-көбейткіш техникалардың көмегімен алудың техникалық мүмкіндіктерінің болуы;

-ақшалар мен бағалы қағаздардың көшірмесін жасаудан қорғайтын көшірме құралдарының қолданыста жүрмеуі, оған мүмкіндіктің болмауы;

-ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы екендігін тестілейтін техникалық құралдардың енжар;

- полиграфиялық техника мен технологияның дамуы;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жеткілікті дәрежеде қорғалынбауы;

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың пайда болуына келесі құқықтық факторлар әсер етеді:

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздар жөніндегі нормативтік актілердің жетілдірілмеуі;

- бағалы қағаздар жөнінде әлемде бірыңғай түсініктердің болмауынан ҚР-ғы бағалы қағаздар мен шетел мемлекетінің бағалы қағаз түрлері арасында ерекшеліктердің кездесуі;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату туралы қылмыстарды сот практикасында қарау мәселелері туралы қылмыстық заңға түсініктеме беретін актілердің (Жоғары Сот қаулысы) қабылданбауы;

- қылмыстық құқықтық маңызы бар ұғымдарға толық түсініктердің берілмеуі;

- қылмыстық әрекеттерді саралау мәселелерінің туындауы. Қылмыстардың пайда болуы саяси себептермен де ұштасып жатты.

Мемлекеттердің бейбіт келісімге келе алмауы да қылмысқа терең жол салды. Мысалы, фашистік төңкеріске даярлық кезінде қаражат тарту мақсатында жалған француз банкноттарын шығару үшін 1920 жылы ұйымдасқан топ құрылған. Оның құрамында Венгрия мемлекет басшысының хатшысы Харти-Барта, министрлер де болған. Топтың құрамына мүшелікке алу үшін ант берілген. Қылмыстық әрекет мемлекеттік масштабта (!) жүргендіктен ақша даярлайтын қағаз, бояулармен қамсыздандырумен байланысты қиындықтар болған. 1922 жылы 3000-ға жуық 1000 франктік билет даярланған. Кейін югославиялық динар, чехословакиялық крон, румыниялық лейлер жасауға көшкен. Бұл қылмыс халықаралық деңгейге көтерілгендіктен, қылмыс ашылып, 24 чиновник және атақты өкілдер ұсталынған. Қылмысты ұйымдастырушы князь Виндингред түрмеге қамалған [5,576.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстық әрекеттердің арнайы себептерін анықтау үшін ҚР аумағында ақша-несие саласын мұқият, объективті талдау негізінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жасалғаны, сақталғаны, не айналымда жүргендігі туралы мәліметтерді жоспарлы түрде жинап, жан-жақты зерттеп, жүйелеу керек.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауға мынадай кемшіліктер себепші болады:

-өндірістік-технологиялық прогрестің нәтижесінде өндірісте қолданылатын құралдардың, объектілердің көптілігінен жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасап алу мүмкіндігінің болуы;

- жалған ақша мен бағалы қағазды жасау үшін қажетті құралдардың, материалдардың көптеген шаруашылық субъектілердің иеленуі, бұл құралдардың мақсатты қолданылуын ұжымдық тексерістің болмауы;

- өндірістік және өндірістік емес салаларда, сондай-ақ азаматтардың иелігіне жоғаралы сапалы көшірме-көбейткіш құралдарын жаппай тарату және олардың бақыланбауы;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың технологиясы туралы мәліметтермен танысуға болатын кітапханаларда, мекемелерде оқырмандарды есепке алуын ұйымдастырмау, бұл мәліметтердің қылмысты ашу кезінде қолданылмауы;

- жалған ақша даярлаушылардың кәсібилігінің артуы, жалған құжатты даярлау сапасының жоғарылауы;

- бұрын арнайы ресми құжаттар даярлайтын типографияларда қызмет еткен, немесе қызмет етіп жүрген тұлғалардың арнайы есепке алудың жүзеге асырылмауы;

- ақша бірліктері және бағалы қағаздар даярлайтын типографияларда қызмет еткен, немесе қызмет ететін тұлғалардың, олардың туған-туыстарының ақша мен бағалы қағазды жасаудың технологиясын қүпияда сақтауын қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге асырылмауы;

- уәкілетті және құқық қорғау органдарының жалған ақша мен бағалы қағазды жасаудың алдын алу шараларын бірлесіп атқаруда белсенділік танытпауы;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау фактісін анықтауға байланысты жедел-іздестіру шараларының белсенді жүргізілмеуі, оның дұрыс бақыланбауы;

- жалған ақшаны жасау фактісін анықтау барысында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістері туралы сараптама органдарына анықтамашы, тергеушілердің толымды сұрақтар қоймауы;

- сараптамашылардың жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістерін зерттей отырып, бұл құжаттың шетелде даярланғаны, немесе мұндай құжаттың бұрын соңды қаралғаны туралы анықтама, тергеу органдарына хабарламауы;

- жалған ақша бірліктерін жасаушылар, немесе оның әдістері туралы мәліметтерді Интерполдың ҮОБ-дан алу мүмкіндіктерін құқық қорғау органдарының практикада қолдана бермеуі;

- қылмыстық атқару мекемелерінің кәсіби қылмыскерлердің жалған ақша мен бағалы қағазды жасау тактикасын басқа сотталушыларға жариялау мүмкіндіктерінің алдын алмауы және тағы да басқа мән-жайлар.

Ал, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтауға төмендегідей кемшіліктер себепші:

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау орындарын қарау тактикасын жедел-іздеу қызметшілерінің толық игермеуі;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың сақталуын анықтауда жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету базасының қалыптаспауы;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау фактілерін анықтауда жедел-іздеу, тергеу, органы қызметшілерінің белсенді қызмет етпеуі;

- азаматтардың меншігіне, ар-намысына байланысты конституциялық құқықтарын сақтай отырып, қылмыскердің, яғни жалған ақшаны сақтаушының қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін фактілерді табу мақсатында (Мысалы, тінтуде, зат алуда, ақпараттар жинауда) жедел-іздестіру заңды шараларын ұйымдастырудың қиын болуы және т.б.

Сонымен қатар, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберуге жол беретін кемшіліктерге мыналар жатады:

- басқа елдерде айналымда жүретін өз төлем құрал-ақшасы мен бағалы қағаздарының немесе шетел валютасының жалған түрінің сырт елдерде даярлануы;

- шетелде даярланған ақша мен бағалы қағаздардың ҚР аумағына шетелден келуі, қажетті кедендік бақылау қызметінің жүзеге асырылмауы;

- жалған ақша мен бағалы қағазды жасау орнынан қашық жерде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберудің жолдарын қылмыскерлердің алдын ала ұйымдастыруы;

- жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберген деп сезіктенген тұлғалардың көпшілігінің шын мәнінде өзі ұсынған ақша мен бағалы қағаздың жалған екендігін білмегендер болып келуі;

- ұйымдастырылмаған сауда-саттық орындарының жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберулеріне ыңғайлы болуы.

Әсіресе, жалған ақшалардың айналымда жүруінің себептерін анықтауда ақша айырбастау орындарының орналасу жағдайына, олардың қызметін қадағалау функцияларына аса назар аудару қажет. Ақша айырбастау пунктерінде де жалған ақшалар қабылданып жатады. Оған мынадай қайшылықтар жатады:

- валюталық кассирлердің төмен деңгейдегі кәсіби дайындығының болуы;

- тиісті операцияларды бекітетін және құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың құжат шынайы екендігін дұрыстап тексермеуі, ұқыпсыздық танытуы;

- бақылау-ревизиялық қызметтінің жеткіліксіздігі;

- айырбастау орындарында, кассаларда құжаттың шынайылылығын тексеретін жоғары сапалы детектордың болмауы және т.б.

Сонымен, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың алдын алу шараларын ұйымдастыруда ескеретін себепті мән-жайларды екі топқа бөлуге болады: жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың жасалуына жол беретін жалпы мән-жайлар және арнайы.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуге жалпы жол беретін мән-жайларға, себептерге ұйымдастыру, техникалық және құқықтық қайшылықтарды жатқызамыз.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуге жол беретін арнайы мән-жайлар дегеніміз жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу түріндегі жекеленген әрекеттердің себептері (кемшіліктер) болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет