Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет149/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

ög ‘ақыл’, ‘ой’ ДТС 378  – бір арнаға тоғыстырылады.Н.А.Баскаков кезінде 
көне түр. u- ‘шамаға ие болу’, ‘шыдау’, ‘күші жету’ ДТС 603 түбір сөзді
uq- ‘түсіну’, ‘ұғу’ моносиллабпен салыстырған БМ 150-151: *uq- > *u-. Дж. 
Клосон, e- / i- < er- ‘бар болу’ сықылды, көне түр. u:-‘ны да осылайша 
«қысқартылған» тұлға екенін мойындайды Clauson ED 2, 193. Сал.: u- ~ як.
uy- ‘шамаға ие болу’ Рамстедт 135. Ұқтас ұстаным: u- ‘шама-шарқысы 
жету’ < түр. uγ- / ж.-ұйғ. uq- ‘түсіну’ Котвич 15. او ‘күшті болу’
түбірін Ибн әл-Мұханна ‘Өте күшті (Алла Тағала сипаттамасы ретінде)’,
‘Алла Тағаланың атауы, бір аты ретінде’ қолданылатын ﻥﻏﺎاو сөзінде 
табады: او + ﻥﻏﺎ есімше жұрнағы АФТ 051; П.М.Мелиоранский бұл 
салыстырудан күмәнданса да: “корень او неизвестен» аталғ. еңб., бізше Ибн 
әл-Мұханна жорамалы шындыққа саятын сияқты – сал.: көне түр. есімше 
түріндегі ūğān ‘барлығын билеп-төстеуші Алла Тағала’ Clauson ED 2 ж.б. 
Қорытынды *yuŋ- түпнұсқасы үшін Н.А.Баскаков екі фонетикалық әрі 
семантикалық даму жолын ұсынады:  
uŋ- ~ un- 

*yuŋ- →
↘ 
 uq- ~ uγ- > uw- > uu- > u- 
– алғашқыда бір жалпы *‘түсіну’, *‘шамаға ие болу’ мағынасында, дами 
келе ерекшеленген екіленген түрде: 


un- ~ uγ- > uw- > uu- > u- ‘шама-шарқысы 
жету’ 

*yuŋ-
↘ 
uq- ~ uγ- ‘түсіну’ БМ 150-152.
Және морфема *yuŋ- (етістік), Николай Александровичтың ұстанымы 
бойынша, жалпы түр. *aŋ ‘сана’, ‘ақыл-ой’, ‘ой, пікір’ (есім) сөзінің 
синкреттік сыңары болып табылады бұл да сонда. Осыларды ескере отырып,
*aŋ ~ *uq ж.б. ‘түсіну’  ‘түсінік’ мағынасындағы гомогендік ұя-
қатарлардың – бізге әзірге тек қана етістік мағынасына ие ‘шамаға ие болу’, 
‘шама-шарқысы жету’ қолданымдардың да есім сыңары болуы ықтимал 
екенін “хабарлағандай” ақпар береді. Сал.: көн. түр. uquş ‘ақыл’, 
‘саналылық’, ‘зеректік’  uquş- ‘түсіну’ ДТС 613 сықылды дериваттарды 
ж.б. 
4-ші бағыт: *us // *es ‘ойлау’, ‘білу, ұғу, түсіну’

‘білім’, ‘ой’, ‘пікір’, 
‘ақыл’, ‘сана’. Түр. us- ‘ойлау’, ‘ұғу, түсіну’  us ‘ой-пікір’, ‘ес’ бірер 
нұсқада жолықса да Clauson ED 240-241 ж.б., көбінесе бір ғана тілде 
немене бір ғана ескерткіште екеуі де бірден сирек кездеседі: us- ‘ойлау’
ДТС 616 және us ‘ақыл-ес’, ‘ой’, ‘сана’, ‘ақыл’ Курышжанов 210; Ибатов 
223; ﺍﺱ us – Махмұт Қашғарлыда оғыз деген түсініктемесімен ‘жаман 
мен жақсыны айыра білетін адам, есті’, Әбу-Хайанда ﺍﻮﺹ us ‘ақыл, 
біліктілік’, Ибн әл-Мұханнада us- (usmaq) етістігі ‘ниеттену, талпыну’
ж.б., сал: Наджип I 324-326; ЭСТЯ I 606-607. Аталмыш түбірдің жалпы түр.
*es нұсқасына жақындығын мойындай келе, Э.В.Севортян төркіні бір екі 
түбірдің қолданысына байланысты нақты салалануды, жіктелуді, 
бөлшектенуді ұсынады:  

 
 
us – оңтүстік-батыс түрік тілдерінде 

*ортақ түпнұсқа →
↘ 

 
es – солтүстік-батыс түрік тілдерінде 
және өзбек
пен ұйғыр тілінде 
Оy-  ‘ойлау’  oy ‘ой, түсінік’ ұя-қатарында кездесетін кең қолданысқа 
ие түр. uz- / oz-  және мамандарға жақсы таныс y ~ d / t ~ 
ϑ
 ~ z / s дыбыс 
үйлесімі – бұл пікірге еш қайшы келмейді.
4-ші бағыт: *es ‘ұғу’



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет