Кипчаки евразии: история, язык и


 Шыңғыс хан империясының мемлекеті мен құқық жүйесі



Pdf көрінісі
бет166/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

1. Шыңғыс хан империясының мемлекеті мен құқық жүйесі 
Мемлекеттік басқару жүйесі. Империя басшысы – қаған, Шыңғыс хан 
ұрпағынан сайланады. Қаған шексіз билікке ие болды. Билік аманат түрінде 


немесе ұрпақ сабақтастығы жолымен беріліп отырды. Қағанды таққа 
отырғызу оны құрылтайда сайлаумен іске асырылатын болды. Қағанның 
құзыры өте күшті болды: мемлекет құзырындағы жер мен ел билігі, "жосық" 
түріндегі заң және "жарлық" түріндегі бұйрық құқықтық нормаларын бекіту, 
әскерге Бас қолбасшы әрі бірінші діндар болды. Қағаннан төмен ұлыс 
хандары болды. Бұлар да Шыңғыс ханның балаларынан сайланатын болды. 
Қағанды толық мойындағанымен, ұлыс хандары өз иеліктеріндегі жерлерде 
билікті мейлінше тәуелсіз жүргізді. Жаулап алынған жерлерде ұлыс хандары 
жергілікті билікті – даруғаш (ортағасырлық қазақта – дәріуіш), 
даруғабектерді (қазақта – дәріубек) сайлайтын болған. Олардың негізгі 
міндеті: халық санағын жүргізу, салық жинау және оны хан ордасына 
жеткізу, иелігіндегі елден жасақ шығару, пошта қызметін ұйымдастыру және 
қамтамасыз ету. Сонымен қоса, даруғабектер отырықшы мекендерде 
басқару-полиция қызметін де атқарды. 
Шыңғыс хан заманында, одан кейін де ел басқарудың "Мемлекеттік 
Кеңес" Орталық аппараты болды. Бұның құрамына ірі беделді адамдар кірді. 
Мемлекеттік Кеңесті оң министр басқарды. Ел басқаруда Хан канцелярисы 
ерекше рөл атқарды. Оны Ұлұқ бітікші басқарды. Канцелярияда хатшылар 
мен жазушылар қызмет атқарды.
Жергілікті билік Шыңғыс хан ұрпағының қолында болды. Олар 
иелігінде басқару және әскери билікті өз қолдарында ұстады. Сонымен қоса, 
жергілікті билікте қаған сайлайтын "Жарғышы" – сот қызметкері болды. 
Мемлекеттік басқару жүйесінің бір ерекше бөлігі – пошта болды. Пошта 
жүйесі әр жерде орналасқан пошта стансасы – йамдар арқылы байланысты. 
Станса арқылы биліктің өкімін, арнайы құжаттарды, империя атқамінелері 
мен хан кісілерін жеткізуді қамтамасыз ету қызметтері атқарылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет