Кипчаки евразии: история, язык и


Әкімшілік-территориялық құрылымы



Pdf көрінісі
бет167/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Әкімшілік-территориялық құрылымы. Шыңғыс хан империясы 
негізгі төрт ұлұсқа (жұртқа) бөлінді. Ұлұсты хан биледі.
Орталық Қарақорым аймағы мен Қытай жері негізгі жұрт делініп, оны 
қағанның өзі басқарды.
Қазақстанның көп жері, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Қаратеңіз 
маңы мен Аралдың оңтүстігі жерлері Жошы Ұлысына кірді. 
Жетісу, Қашқария, Орта Азия жерлері Шағатай Ұлысына кірді. 
Керейттің, найманның, ұйғырдың бұрынғы жерлері Үгедей Ұлысына
берілді. Кейін Иран мен Таяу Шығыста Хулагу Ұлысы, немесе Ильхандар 
мемлекеті құрылды. Үлкен Ұлыстардың жері Кіші Ұлыстарға бөлінді. 
Империяда Ұлыстың жері мен елі түрлі болды. Негізгі үш түрі белгілі. 
1. Ұлыс – Шыңғыс хан ұрпағының иелігі. Халық саны 10 мың түтіннен 
аспады немесе одан кем болды. 
2. Ұлыс-түмен – Шыңғыс хан сайлаған түмен басы басқарған ел. Халық 
саны 10 мың түтіннен аспады немесе одан кем болды. 
3. Ұлыс-провинция – отырықшы елді мекен аймағы. Даруғабектер 
басқарған. Халық саны 2 мыңнан – 5 мың түтін шамасында болды. 
Түмен тек әкімшілік қана емес, сонымен қоса әскери аймақ болды. 
Соғыс жағдайында әрбір түмен 10 мың сарбазы бар әскери құрама 
шығаратын болған. 


Түмен өз ішінде мыңдықтан құралды. Бұл әкімшілік-әскери бірлік 
соғыс жағдайында бір мың сарбаз шығаратын болған. Осы әскери бірлікті 
Шыңғыс хан "мың қол" (айтылуы "мыңғол") деп атаған. Қазіргі "полк" 
ұғымына сай келеді, ал оның сардарын "Мың басы" атаған. Кейін келе бұл 
сөз ұлт атауына және империя атауына сай келетін терминге айналды. 
Шыңғыс хан заманында "Мыңғол" деген ұлт болған жоқ. "Моңғолдың құпия 
шежіресі" [13] Шыңғыс хан заманынан кейін, Үгедейдің нұсқауымен 
жазылса керек. Құпияның "құпия" болуының басты себебі осы. 
Мыңдық өз ішінде "ондыққа" бөлінді. Ондық бір ауылға сай келеді. 
Соғыс кезінде Он басы бастаған он сарбаз шығаратын болған. Сонда 5-6 
кісіден (бір түтіннен) бір сарбаз немесе сардар шығатын болған. 
Осы жүйеге сай, әкімшілік-әскери құрылымның әрбір буыны өзіне 
тиесілі жерде қоныстанып, белгілі мезгілде, бағытта көшіп-қонып өмір 
сүрген. Түмен басы мен Мың басын ханның өзі сайлап, Жүз басын Түмен 
басы сайлап, ал Он басын Мың басы сайлаған. Міне, кезінде Напольонның 
қолдануымен, уағыздауымен бүгінде әлемнің барша мемлекетінде әскердің 
ұйымдастырылуы Шыңғыс хан құрған осы жүйеге сай келтіріліп құрылған. 
Напольон Шыңғыс ханның әскери білгірлігі мен сауаттылығына жоғары баға 
берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет