1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


НЕОКАНТИАНШЫЛДЫҚТЫҢ БАДЕНДІК МЕКТЕБІ



Pdf көрінісі
бет202/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   236
Totin Filosofia (1)

НЕОКАНТИАНШЫЛДЫҚТЫҢ БАДЕНДІК МЕКТЕБІ — XIX-XXғ.ғ. 
батыс философиясындағы бағыт. Онда философия құндылықтар жөніндегі 
ғылым ретінде қарастырылады. 
НЕОМИФОЛОГИЯЛЫҚ САНА — жаңа мифологиялық ХХғ, мәдени 
ментальдылықтың бір бағыты. Ғасыр басындағы символизмнен басталып, 
постмодернизммен аяқталады. 
НЕОПЛАТОНИЗМ — б.д.III-VIғ.ғ. белгілі антикалық кезеңдегі ірі, 
ықпалды ойшылдар Аммоний Саккс, Плотин, Порфирий, Прокл, 
Ямвлихтардың ілімдері арқасында қалыптасқан ежелгі грек-римдік 
философияның соңғы түрі. Неоплатонизмнің қалыптасуына, бір жағынан, 
Платонның іліміне Аристотельдің, стоиктердің, пифагоршылардың кейбір 
идеяларының араласып, қосылуы үлкен әсер етсе, екінші жағынан, Шығыс 
мистикасы мен христиан дінінің әсерін байқаймыз. Бірақ бұл байланыс бір 
жақты болған жоқ, христиан дініне неоплатонизмнің әсер еткені белгілі. 
Неоплатонизмнің бастапқы ілімінде Құдай дегеніміз – оның табиғаты, мәні 
туралы ешқандай нақты пікір айтуға болмайтын және ол туралы ақиқат білім 
алуға болмайтын болмыс. 
НЕОПОЗИТИВИЗМ (ЛОГИКАЛЫҚ ПОЗИТИВИЗМ) — ХХғ. І-ші жарт. 
Европа философиясындағы ағым немесе позитивизмнің қазіргі заманғы 
формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет 
түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық 
құралдардың ғылыми танымдағы рөлін, білімді математизациялау 
мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің 
арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті. 
НЕОРЕАЛИЗМЖАҢА РЕАЛИЗМ — ХІХғ. аяғы мен ХХғ. бас. Европада 
қалыптасқан философиялық ағым. 
НЕОТОМИЗМ — қазіргі заманғы философиялық ағымдардың бірі. Басты 
өкілдері: Ж.Маритэн, Э.Жильсон, И.Бохеньский, М.Грабиан, Г.Мангер, 


369 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет