1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет204/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   236
Totin Filosofia (1)

НУС (грекш. - ақыл, ой, рух) — Адамның және Ғарыштың санасы мен 
өзіндік санасының бастауын білдіретін ежелгі грек философиясының 
категориясы. 
НЬЯЯ («тәртіп», «негіз», «тәсіл», «түйін») — I-ғасырдың аяғында пайда 
болған ертедегі үнді философиясының бір ағымы. Оның негізін 
қалаушылардың бірі – Готама. Ньяя – ойлану туралы, сыни талдау туралы әрі 
таным әдістері мен логика жөніндегі ілім ретінде дамыған ежелгі үнді 
философиясындағы ортодоксальді бағыттағы мектептердің бірі, логика, 
гносеология, метафизикалық мәселелер. 
ОБЬЕКТ — субьекттің тәжірибиелік немесе танымдық іс-әрекеті 
бағытталған нәрсені белгілейтін категория. 
ОНТОЛОГИЯ (грекш. – болмыс және сөз, ұғым, ілім) — болмыс туралы 
философиялық ілім. 
ОЙЫН, ОЙЫН ТЕОРИЯСЫ — дәлел–дәйегі нәтижесінде емес, процестің 
өзінде болатын қимыл-әрекет түрі. Ойынның мәдениет пен оның жекелеген 
формаларының пайда болуы және жұмыс істеуінің негізі ретіндегі теориясы 
ХХғ. 
Х.Ортега–и–Гассет, 
И.Хейзинга, 
Е.Финк, 
Г.Гадамер 
т.б. 
тұжырымдамалары қалыптасты. 
ӨЗІНДІК ЗАТ — Канттың түсінігі бойынша, танушы субьектіден тәуелсіз, 
өзі үшін өмір сүретін зат. 
ӨЗІНДІК САНА  адамның өзін обьективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниеге 
қатынасын, өзін тұлға ретінде, өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін 
түсінуі және бағалауы. 
ӨНДІРГІШ КҮШТЕР — қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат 
арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субьективтік және заттық 
элементтер жүйесі. 
ӨНДІРІС ӘДІСІ — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты 
бірлігі. 


371 
ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТАР — өндіріс, үлестіру, алмастыру және тұтыну 
жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар. 
ӨНЕР — адам қызметі мен қоғамдық сананың ерекше формасы, көркем 
тұлға арқылы берілетін шындықтың бейнесі, дүниені эстетикалық игерудің 
маңызды әдісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет