Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


 ЛИЗИНГТІК ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Лизинг КАЗ

ЛИЗИНГТІК ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУ 
3.1 Лизингтік жобаларды талдаудың кезеңдері мен әдістері 
Лизингтік қатынастардың дамуы инвестициялаудың өзге формаларымен 
салыстырғандағы өзінің өзгешелікті сипаттары мен артықшылықтарынан 
макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне, экономиканың құрылымына 
әсерін тигізіп, ресурстардың бір саладан екінші бір салаға ауысуына ықпал 
етеді. Осымен байланысты, осыған дейін индустриялы дамыған елдерде ғана 
белгілі болған, жаңа ілгерілі өндіріс пайда болады, отандық тауардың бәсекеге 
қабілеттілігін арттырады, жаңа өткізу нарықтарын игеруді қамтамасыз етеді. 
Осы факторлардың барлығы инновациялық үдерістерді инвестициялау 
жүйесінде лизингті қалыптастыруға мүмкіндік береді [12, 19-б.]. 
Лизингтік жобаларды талдау кезінде лизингтік жобаларды ресімдеу 
әдістері мен кезеңдерін қарастыруға болады. 
Әлеуетті лизинг алушының өтініш беруі, лизингтік мәмілені ресімдеудегі 
алғашқы кезең болып саналады [12, 69-б.]. 
Кәсіпорын қосымша негізгі құралдар сатып алу немесе оларды жаңалау 
туралы шешім қабылдаған кезде, онда: егер өзінің меншікті қаражаты есебінен 
мүмкін болмаса, ақшалай қаражаттардың елеулі көлемін қайдан табуға болады 
деген сұрақ туындайды. Біздің көзқарасымызша, негізгі құралдарды лизингке 
алу, осы проблеманы шешу тәсілдерінің бірі болып саналады. 
Қазіргі уақытта лизинг, банк несиелерінің өте белгілі баламасы болып 
саналады, бірақ одан өзгешелігі экономикалық жағынан тиімді бірқатар 
артықшылықтары бар.
Лизингтік мәмілелерді жасау үдерісі, лизингтік мәмілені ресімдеудің 
алғашқы кезеңінде лизинг алу үшін өтініш беруден басталады [13]. 
Лизингтік компанияны таңдау уақытын үнемдеу үшін онлайн өтінімді 
орналастыру өте ыңғайлы. 
Клиент алдымен лизинг затын таңдайды, өзінің байланысатын ақпаратын: 
аты-жөнін, электрондық пошта мекенжайын, байланыс телефонын қалдырады 
және шарт талаптарын көрсетеді. Қажет болған кезде клиент қосымша ақпарат 
енгізе алады. 
Өтінімді онлайнмен берудің артықшылығы айқын. Біріншіден, әлеуетті 
лизинг алушы өзінің уақытын үнемдейді, оған компаниялардың көп санының 
ұсыныстарын салыстырып жатудың қажеті жоқ. Клиент, бір өтінімді өзінің 
өңірінде тіркелген бүкіл компанияларға жөнелтеді. 
Екіншіден, осындай түрде өтінім беру қарапайым орындалады. Онлайн 
өтінімнің формасы қажетті мәліметтерді ғана қамтиды. Үшіншіден, өтінімнің 
бірінші қаралуы, сондай-ақ онлайнда болады. Өтінімді ресімдегеннен кейін, 
жүйе лизингтік мәмілелердің оңтайлы нұсқасын таңдап алады. Өтінімді 
ресімдеу қандай да бір шығыстарды қажет етпейді және клиенттерге 
міндеттемелер жүктемейді. Ол бірнеше лизингтік компаниялардан мақұлдау 
алған кезде, солардың ішінен неғұрлым тиімді ұсынысты таңдап алады. 


55
Өтінімде көрсетілген байланыс телефоны бойынша, қызметкер, 
ұсыныстың неғұрлым маңызды егжей-тегжейін талқылау үшін байланысып, 
сөйлеседі. Талқылап болғаннан кейін, ол мәміле жасау мүмкіндігі туралы 
ақпарат береді. Одан әрі ол лизингтік төлемдерді есептеудің әр түрлі 
нұсқаларын ұсынады. 
Егер лизингтік төлемдер бойынша талаптар клиентті қанағаттандырса, 
онда әлеуетті клиент қажетті құжаттар пакетін тапсырады және лизингтік 
мәмілелер жасау үдерісінің екінші кезеңі: әлеуетті лизинг алушының 
құжаттарын дайындау және рәсімдеу басталады. 
Лизинг шартын жасаудың алдында, лизинг компаниясының қызметкерлері 
әлеуетті клиентке талдау жүргізуі қажет, сондықтан лизинг алушы компанияға 
белгілі бір құжаттар пакетін тапсырады. 
Лизингтік мәмілелерді ресімдеу үшін дайындау қажет құжаттарды: 
қаржылық және заңдық деп екі топқа бөлуге болады. Заңдық құжаттардың 
тізбесі: 

жарғы; 

құру туралы шешім немесе құрылтайшылық шарт; 

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; 

салық есебіне қол қою туралы құжат; 

қолдар және мөрлер бедерімен көшірме; 

директор тағайындау туралы шешім және бұйрық

шарттарға қол қоюға сенімхат; 

лизинг мәмілесін жасау туралы шешім (қажет болған кезде). 
Сондай-ақ қажет болған кезде:директордың немесе бас бухгалтердің 
төлқұжатының көшірмесі, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық, шарттар 
көшірмелері қажет болуы мүмкін.
Бүкіл осы құжаттар, лизинг алушы растаған көшірмелер немесе 
нотариатпен расталған көшірмелер түрінде табыс етілуі тиіс. Құжаттарды 
қарау кезінде қызметкерлер толық ақпаратты: лизинг алушы туралы мәліметті 
және оның құқықтық мәртебесі туралы мәліметті, фирмалар жетекшілерінің 
өкілеттігін және шарттарға қол қоюды, мүлікке иелік етумен және ақшалай 
қаражаттар тартумен байланысты, мәмілелер жасау бойынша шектеулердің бар, 
я жоқ екенін талдайды. 
Қаржылық құжаттарға жататындар: қаржылық есептілік, жасалған 
лизингтік шарттар мен алынған несиелер туралы мәлімет, ағымдағы банк 
шоттары және соңғы жарты жылдағы (жылдағы) ағымдағы банк шоттарындағы 
ақша айналымдары туралы ақпарат. Фирманың қаржылық жағдайын қарау үшін 
сондай-ақ: аудиторлық қорытындылар, кредиторлық және дебиторлық 
берешектердің мағынасының ашылуы (расшифровка), қалған контрагенттер 
және т.б. туралы ақпарат сұратылады. Бұл құжаттар банктің анықтамалары, 
лизинг алушының қолы қойылған анықтама немесе лизинг алушы растаған 
көшірмелер табыс етіледі. Сондай-ақ жобаның бизнес-жоспарын табыс ету 
қажет болуы мүмкін [13]. 


56
Бүкіл құжаттарға лизинг алушының қаржылық жағдайын және 
төлемқабілеттілігін бағалау әдісімен, талдау жүргізу көрсетілген. Шағын 
мәмілелер бойынша, түсім ағымдағы банк шоттарындағы ақшалай қаражаттар 
айналымы, меншікті капитал сияқты, қызметтің негізгі көрсеткшітері ғана 
бағаланады. Ірі жобалар бойынша әлеуетті клиенттің қаржылық жағдайы мен 
оның бизнес-жоспарына талдау жүргізіледі [13]. 
Құжаттарда лизингтік компанияның бүкіл талаптары сақталуы және 
лизинг алушы бизнесінің ерекшеліктері түсіндірілуі тиіс. Сол уақытта, осы 
айтылғандар лизинг бойынша қаржыландыру алу жолындағы нақты алғашқы 
қадам болады. 
Лизингтік мәмілелер жасау рәсімдерінің үшінші кезеңінде әлеуетті лизинг 
алушының қаржылық жағдайы зерделенеді. 
Компанияның қаржылық жағдайын талдау кезінде, лизингтік компанияға 
өтініш білдірген кезге дейінгі лизинг алушының жұмысына бағалау жүргізіледі. 
Бірінші кезекте қаржылық талдау жүргізіп, кәсіпорынның өтімділігі, қаржылық 
орнықтылығы, аталмыш кәсіпорынның пайда табушылығы динамикада зерттеу 
қажет, өйткені компанияның қаржылық жағдайының өзгеруі маңызды болып 
саналады. Аталмыш талдау стандарттық коэффициенттерді есептеумен ғана 
шектелмеуі тиіс. Одан әрі алынған көрсеткіштер түсіндіріліп, олардың өзгеру 
себептері анықталады [14, 87-б.]. 
Осындай талдаудың нәтижелері өте маңызды. Біріншіден, олар кәсіпорын 
қызметіндегі келеңсіз үрдістерді анықтайды. Екіншіден, олар жобаның 
бастапқы деректерінің шынайылығын бағалау үшін ақпараттық база болып 
саналады. Оларды бағалау кезінде өзгермелі және тұрақты шығындар деңгейі 
жоспарланған деңгеймен салыстырылады. Әлеуетті клиент, егер ол бар болса, 
алшақтықты растауы тиіс. Бұл жағдайда маркетингтік зерттеулер негіз болуы 
қажет. Ең соңында, қаржылық талдау нәтижелері болжалдық ақша ағындарын 
құру кезінде пайдаланылады. Бұл үшін, өткізуден түскен түсімдер, ағымдағы 
шығындар сияқты, компания қызметінің сандық көрсеткіштері бағаланады. 
Кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдау, басты түрде, лизингтік 
төлемдерді төлеу үшін, сондай-ақ лизингтік міндеттемелердің орындалмау 
тәуекелін бағалау үшін, кәсіпорын мүмкіндігін анықтау мақсатында, ақшалай 
қаражаттың жеткілікті санының бөлінуіне әкеледі. 
Егер компанияның қаржылық жағдайы қанағаттанарлықсыз болса, сол 
уақытта лизинг беруші мүлікті лизингке беруден бас таруы мүмкін. Демек, 
лизинг компаниясының одан әрі есеп айырысуларды жалғастыру қажеттілігі 
болмайды. 
Әлеуетті клиенттің өткен және ағымдағы жағдайын талдау кезінде оны 
толық бағаламауға болмайды, өйткені жобаның жұмыс істеуі, атап айтқанда, 
лизинг алушының қаржылық жағдайының орнықтылығына байланысты болады 
(бірінші кезекте, егер жоба бөлек жұмыс істей алмайтын болса және ол лизинг 
алушы компания қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болса). 
Сараптамалық қорытынды лизингтік мәмілелер жасау рәсіміндегі төртінші 
кезең болып саналады. Лизинг беруші әлеуетті лизинг алушының бастапқы 
құжаттар пакетін алып, кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерделегеннен 


57
кейін, лизинг беруші компанияның мамандары сараптамалық қорытынды 
дайындайды. Ол ресми құжат түрінде ресімделеді және оған тұлғаға сараптама 
жүргізген бүкіл қызметкерлер қол қояды. 
Мамандардың сараптамалық қорытындысына келесілер кіреді: 

лизинг беруші компанияның экономисі зерделеген және талдаған, 
лизинг алушының қаржылық-экономикалық жағдайы; 

жобаның өзін-өзі ақтаушылығы; 

ішкі және халықаралық аспектілер деңгейінде нарықтың болашағын 
талдау кіретін, лизинг алушының нарығын шолу; 

лизинг затын талдау. Сарапшылар лизинг алушы үшін лизинг затының 
рөлі мен маңызын, сондай-ақ оның қызметінің тиімділігін арттыруды талдайды; 

лизинг алушы үшін неғұрлым ыңғайлы жеткізушіні іздеу кіретін, 
жеткізушілерді шолу. Бағаларды, жеткізілімдер мерзімдерін, жеткізілімдер 
талаптарын, 
кепілдендірілген 
және 
сервистік 
қызмет 
көрсетулерді 
салыстырмалы талдау жүргізіледі. 
Бүкіл қажетті зерттеулер аяқталғаннан кейін үш бөлімнен: кіріспеден, 
зерттеуден және талдау негізінде жасалған қорытындылардан тұратын, 
қорытынды тұжырым жасалады. Онда: сараптаманы кім (аты-жөні, білімі, 
мамандығы, атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы), қайда, қашан және қандай 
негізде жүргізгені, қандай материалдар пайдаланылғаны, қандай зерттеулер 
жүргізілгені және мамандар алдында қандай міндеттер тұрғаны, дәлелді 
жауаптар қандай екені көрсетіледі [15, 87-б.]. 
Мамандардың сараптама қорытындысы 2-3 күнде жасалады және оның 
нәтижелері несие комитетінің отырысына ұсынылады. Соның негізінде лизинг 
беруші компанияның комитеті әлеуетті лизинг алушымен алдағы 
ынтымақтастық туралы, я қаржыландыруды кейінге ауыстыру немесе одан бас 
тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды. 
Жеткізушіні таңдау лизингтік мәмілелерді жасау кезіндегі кезеңдердің бірі 
болып саналады. Заң бойынша оны таңдау лизинг алушыға тиесілі.
Қандай да бір техникаға қажеттілікті сезініп отырған лизинг алушы, 
белгілі бір жеткізушіден өзі үшін лизинг затын алу туралы өтінішпен лизинг 
компаниясына өтініш білдіруі тиіс. Бірақ егер лизинг алушы жеткізушіні 
таңдауды әлі айқындамаса, онда лизинг беруші компания оған таңдауға 
көмектеседі. Жеткізушіні таңдау аталмыш жағдайда қажетті техниканы жеткізу 
мерзімдеріне, жеткізу талаптарына, көрсетілетін сервистің деңгейіне, 
кепілдендірілген және сервистік қызмет көрсетуге байланысты болады. Таңдау 
бойынша шешімді лизинг алушының өзі қабылдайды.
Лизинг алушы жеткізушімен, жеткізу бағасы мен талабын, ал лизинг 
компаниясымен – лизинг талабын: техника оған қандай мерзімге берілетінін 
келісуі қажет. 
Жеткізу шартына қол қойылған кезде, лизинг компаниясы атап айтқанда, 
техниканы лизингке алатыны туралы жеткізушіге міндетті түрде хабарлама 
жасауы тиіс. Сондай-ақ, атап айтқанда қай лизинг алушыға және қай шарт 
бойынша техника берілетіні туралы ескертіледі. 


58
Қазіргі уақытта көптеген лизинг берушілер, лизинг алушы болашақта 
лизинг объектісінің техникалық жай-күйі бойынша жеткізушіге бүкіл 
талаптарын білдіре алатындай болу үшін, арнайы үшжақты сатып алу-сату 
шарты ресімделеді. 
Техниканы алу кезінде лизинг алушы өзінің ақшасын емес, лизинг 
компаниясының ақшасын төлейді, демек, жеткізушіні таңдау кезіндегі 
кәсібиліктің төмендігі және сақтықпен қарамаушылық біздің көзқарасымызша, 
лизинг берушінің өзіне үлкен шығын әкеледі [16, 99-б.]. 
Тәуекелдерді төмендету үшін лизинг компаниялары өндірушілер мен 
зауыттардың ресми дилерлерімен, тексерілген сенімді жеткізушілерімен 
ынтымақтастық жасауға артықшылық береді. Тексерілмеген жеткізушіден 
техника сатып алғысы келетін лизинг алушы, мәмілені қаржыландырудан бұл 
жөнінде лизинг компаниясының бас тартуын алуы мүмкін. Сондықтан лизинг 
беруші компания, техника үшін төлемес бұрын, осы жеткізушіні егжей-
тегжейлі тексеруге тырысады. 
Осылайша, жеткізушіні таңдау лизингтік мәмілені жасау үдерісінде аса 
маңызды рөл атқаратыны туралы қорытынды жасауға болады.
Әлеуетті лизинг алушының жеткізу талаптарын келісуі лизингтік 
мәмілелерді ресімдеудегі алтыншы кезең болып саналады. Лизинг объектісін 
жеткізудің өзара тиімді жағдайын, жеткізуші мен лизинг алушы бірлесіп 
анықтайды. Одан әрі оларды сондай-ақ лизинг компаниясымен келіседі. 
Лизинг алушы жеткізушімен лизингке тапсырылатын мүліктің бүкіл 
техникалық-экономикалық сипаттамаларын, сондай-ақ мүліктің сапасы, 
мерзімдері мен жеткізетін жері бойынша сатушының кепілдіктерінің өзіндік 
ерекшеліктерін келісуі қажет. Жеткізушімен жеткізу талаптарын келісу үш 
жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Егер лизинг алушы сатушының өз бетімен дербес таңдаса, онда ол 
жеткізушінің 
жеткізу 
талаптарын 
орындамауымен 
және 
оның 
қауқарсыздығымен байланысты бүкіл тәуекелдерді өзіне алады. Лизинг 
компаниясы, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының жағдайын 
нашарлататын жеткізу талабының алынып тасталуы үшін табандылық танытуы 
мүмкін.
Жеткізу талаптарының өзара тиімділігін келіскеннен кейін, жеткізуші 
лизинг затын лизинг берушінің немесе лизинг алушының мекенжайы бойынша 
жөнелтуі тиіс. Егер жөнелту үшін өзге орын көрсетілсе, онда ол лизинг 
шартында жазылуы керек. Мүлікті қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдау 
лизинг берушінің және лизинг алушының міндеті болып саналады. Егер қажет 
болса, онда жеткізуші лизинг объектісін пайдалануға іске қосуды және 
құрастыруды жүзеге асырады [17, 28-б.]. 
Жауапты тараптар лизинг объектісін пайдалануға іске қосқаны туралы 
құжатқа қол қоюға тиіс. Одан әрі, объектіні алғаны және оның пайдалануға 
дайын екенін растайтын бүкіл құжаттарды ресімдегеннен кейін, лизинг беруші 
оның толық құнын төлеуі қажет. 


59
Қазіргі уақытта негізінен, лизинг беруші оны жеткізгеннен кейінгі, лизинг 
затының жеткізушісіне төлемді емес, сатып алу-сату шартына қол қою кезіндегі 
алдын ала төлемді жүзеге асырады. 
Жеткізушімен жеткізудің бүкіл талаптарын түпкілікті келіскеннен кейін, 
лизинг шартының өзін жасайды. 
Лизинг объектісін беру мерзімі сатып алу-сату шартында жазылған және 
лизинг берушінің ағымдағы банк шотына алғы төлем келіп түскеннен кейін 7 
күн ішінде күшіне енеді (А-қосымшасы).
Лизинг мерзімінің өзі лизинг алушының лизинг объектісін қабылдаған 
күннен басталады, бұл ретте лизинг объектісін сатып алу-сату шартының 
талаптарымен анықталған, тапсыратын орында сатушының қатысуымен лизинг 
алушы лизинг берушіден оны қабылдауды жүзеге асырады [18, 18-б.]. 
Шартта көрсетілгендерге лизинг заты келгенде, объектіні қабылдау-өткізу 
актісі ресімделеді және онда мүлікті жеткізудің жиынтықтығы, сондай-ақ 
коммерциялық келісім шартта көрсетілген техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерге оның сәйкестігі көрсетіледі. Қабылдау актісіне бүкіл үш 
тараптың өкілдері: лизинг беруші, жеткізуші, лизинг алушы қол қояды.
Егер қабылдау-өткізу кезінде ақау табылса, онда оны қабылдау актісінде 
көрсетеді. Бұл жағдайда лизинг беруші жеткізушіге мерзімдерін көрсете 
отырып, осы ақауларды жоюға тапсырма береді. Ал егер лизинг алушы лизинг 
объектісін қалыпты пайдалану оның ақаулығынан мүмкін емес болатын мүлікті 
қабылдаудан бас тартса, онда ол туралы жазбаша түрде лизинг берушіні 
құлағдар ету қажет. Лизинг алушы анықталған кемшіліктер мен ақауларды 
мінетті түрде көрсетуі және дәлелдеуі қажет. Аталмыш мән-жағдай лизинг 
берушіге лизинг объектісін сатып алу-сату шартын бұзуға құқық береді [19, 
19-б.]. 
Егер ақауды жою мүмкін емес болса, онда жеткізуші лизинг объектісін 
өзінің есебінен ауыстыруға міндетті. Мұнан өзге, егер жеткізуші тарапынан 
қандай да бір міндеттеме бұзылса, лизинг алушыға келтірілген залалдар 
(шығындар) мөлшері анықталуы және оларды өтеуді талап ету қажет.
Лизинг объектісіне меншік құқығы лизинг берушіге тиесілі. Бірақ лизинг 
алушы қабылдау актісіне қол қойған күннен мүлікті сақтау жауапкершілігі мен 
оны қорғау міндеттілігін өзіне алуы тиіс. Осы кезден барлық тәуекелдер: 
зақымдану, ұрлау, өрт болу тәуекелі лизинг алушыға ауысады. Лизинг 
объектісін пайдалану нәтижесінде алынған кірістер мен өнімдер, лизинг 
алушының өзінің меншігі болып саналады. 
Бірақ лизинг берушінің лизинг объектісінің меншік иесі болып 
саналатынына қарамастан, оны қабылдағаннан кейін лизинг алушы бүкіл 
құқықты өзіне алуы мүмкін. 
Лизинг затын сақтандыру міндетті кезең болып саналады. Қазіргі уақытта 
лизинг объектісін сақтандыру сақтандырудың өте кең таралған түрі болып 
саналады. Лизинг шартында сақтандыру міндеттілігі көрсетілуі мүмкін. Егер 
осы міндеттілікті өзіне алған тарап, осымен айналыспаса, онда өзге тарап 
сақтандыруды жүзеге асыруға және сақтандыру төлемдері түрінде өз 
шығыстарын төлеттіруді талап етуге құқылы [20, 29-б.]. 


60
Лизинг объектісін сақтандыру мүлікті сақтандыру тобына (сыныбына) 
жатқызылады. Лизинг алушы қабылдау кезінен объектінің сақталуына және 
лизинг объектісін құрастыру, пайдалану кезіндегі бүлінумен, жоғалумен, 
жымқырумен, ұрлаумен, сынумен байланысты тәуекелдер үшін жауапкершілік 
көтереді. Өйткені олар техникалық құжаттамаларда көрсетілген көлемде оны 
пайдаланудың мүмкін еместігіне әкеледі. Лизинг алушы лизинг объектісін кез 
келген сәтте қалпына келтіру бойынша шығыстарды көтеруі мүмкін, сонықтан 
лизинг объектісі мен табиғат апаттары тәуекелін сақтандыру, лизинг алушының 
өзі үшін тиімді болады. 
Сондай-ақ ол үшін лизинг объектісін пайдалану кезіндегі үшінші 
тұлғалардың денсаулығына, өмірі мен мүлкіне зиян келтіру тәуекелін 
сақтандыру маңызды. Ол, сомасы алдын ала болжап білуге болмайтын өте 
үлкен болуы мүмкін үшінші тұлғалардың талап білдіруінен қорғайтын болады. 
Лизинг объектісін сақтандыру тәртібі мен жағдайлары туралы айту үшін, 
сақтандыру құнын есептеуден бастау қажет. Ол, оның мөлшері көптеген 
факторларға: мүліктің түріне, оның тағайындалуына, оны пайдалану 
талаптарына, сақтандыру түріне, сақтандырушының шығындарға (залалдарға) 
қатысу мөлшеріне қатысты болатын, сақтандыру сомасы мен сақтандыру 
тарифінің көбейтіндісі ретінде есептеліп шығарылады. 
Төлем сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді және сақтандыру 
шартында ескеріледі. Сақтандыру сыйлықтарын төлеу біржолғы болуы және 
бөліп-бөліп төленуі мүмкін, бұл сондай-ақ клиенттің қаржылық мүмкіндіктері 
мен сақатандыру сыйлығының мөлшеріне байланысты болады. 
Лизинг затын сақтандырудың әдеттегі мерзімі 1 жылды құрайды [1]. 
Тараптардың келісуі бойынша шарт пролонгациялануы (ұзартылуы) мүмкін. 
Лизинг берушінің талабы бойынша, сақтандыру шарты лизинг шартының бүкіл 
қолданыс мерзіміне жасалады және бұл шарттың өзінде ескеріледі.
Өтемді (төлемді) төлеу үшін сақтандырылушы, егер сақтандыру оқиғасы 
болса, сондай жағдайда сақтандыру компаниясына өтініш береді. Осыдан кейін 
сақтандырылушы, аталмыш оқиғаның мән-жағдайын және залалдардың 
(шығындардың) мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін, қажетті құжаттар 
пакетін табыс етеді, содан кейін сақтандыру компаниясы өтемді төлейді. 
Төлемді (өтемді) жүзеге асыру мерзімдері сақтандыру шартында көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет