Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


Лизингтік жобаларды бағалаудың модельдері мен әдістерін



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Лизинг КАЗ

3.3 Лизингтік жобаларды бағалаудың модельдері мен әдістерін 
жетілдіру – инвестициялық қаржыландыру формалары ретінде 
Лизингтік 
инвестициялауды 
тиімді 
пайдалану 
үшін 
лизинг 
компанияларының ұйымдық формаларын жетілдіру және ұтымды ету 
қажеттілігі туындайды. Лизинг компанияларын басқарудың отандық және 
шетелдік тәжірибесін зерделеу негізінде, лизинг компанияларының ұйымдық 
құрылымдарын қалыптастырудың келесі тәсілдемесі ұсынылады.
Лизинг компанияларының құрылымы талдамалық қызметтердің үлкен 
санын, күшті маркетингтік және заңдық қамтамасыз етуді қарастыруы тиіс. 
Банк мекемелерімен, сақтандыру компанияларымен және әкімшілік 
мемлекеттік құрылымдармен үнемі іс-қимыл жасау өте маңызды болып 
саналады [25, 19-б.]. 
Лизинг компанияларының қағидаттық ұйымдық құрылымы басқарудың: 
коммерциялық, қаржылық-құқықтық, жалпы үш түрімен жүзеге асырылуы тиіс. 
Қазақстандық лизинг компанияларының тәжірибесін талдауға сүйеніп, лизинг 
шарттары бөлімін қаржылық-құқықтық қызметтен шығарып, коммерциялық 
блокқа жатқызу керек, өйткені орындайтын функциялары бойынша ол 
сараптамалық қызметке жақын. Қаржылық-құқықтық қызмет жүргізетін 
қаржылық есептілік пен олардың заңдылығын талдауға сүйеніп, лизинг 
шарттары бөлімі сараптамалық бөліммен бірге лизинг келісім шартының 
талаптарын қарауы және лизинг шартына қажетті түзетулер жасауы қажет, егер 
лизингтік сервис инфрақұрылымын дамыту қызметінің талдамалық деректері 
шарттың талаптарына әсер ететін болса. Лизингтік сервис инфрақұрылымын 
дамыту бөлімінің функциясына лизинг мүлкін лизингке беруге ілеспелі және 
лизинг алушының техникасының жай-күйін қамтамасыз ететін, қосымша 
бақылайтын лизингтік сервистің нақты түрлерін зерттеу кіретін болады. 
Оларды шарт негізінде салалық, қауымдастықтарға және өңірлік 
бірлестіктерге 
ерікті 
біріктіру 
бойынша 
шаралар 
әзірлеу, 
лизинг 
компанияларының инвестициялық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін өзге 
бір ұйымдық бағыт болып саналады [26, 49-б.]. 
Аталмыш шаралар, біздің көзқарасымызша, келесі бағыттар бойынша 
Қазақстанда лизингті дамытуға оң ықпал ететін болады. Атап айтқанда ол 
бағыттар: 

лизинг алушылардың өтінімдері негізінде лизинг жобаларын таңдау 
және сараптамадан өткізу; 

жабдықтардың қажетті түрлерінің жиынтықтығы мен кәсіпорынды 
дамытудың жалпы жоспарына қатысты оларды жеткізу кезеңділігінің оңтайлы 
жағдайларын анықтау; 

лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындамау жағдайында бір 
лизинг алушыдан алынып, өзге лизинг алушыға өткізілуі мүмкін жабдықтың 
өтімділігін және лизингтелушілігін анықтау; 

лизинг жобаларын жүзеге асыру барысында, құрылуы мүмкін жаңа 
жұмыс орындарының санын ұлғайту; 


69

электрондық жүйелерді пайдалануға негізделетін (техника, жабдықтар
қызығушылық туғызатын әлеуетті клиенттер және лизинг жағдайларында 
көрсетілетін қызметтер; тапсырыс беруші кәсіпорындар; техника жасаушы – 
жеткізушілер туралы тиісті материалдармен), лизинг жобалары бойынша 
деректердің бірыңғай ақпараттық қорын құру; 

ұлттық экономиканың технологиялық базасын жаңалау үшін, лизинг 
тиімді тұтқаға айналатын, неғұрлым қолайлы орта жасау бойынша нормативтік 
және практикалық ұсыныстардан тұратын, ғылыми негізделген ұсынымдар 
әзірлеу; 

осындай қауымдастықтарды қолдау және құру үшін мемлекеттік 
муниципалды органдар мен сақтандыру компанияларын тарту; 

инвестициялаудың бұрынғы, қазіргі және болашақтағы осы түрі 
бойынша қажетті ақпараттар жинау мақсатында, Қазақстандағы лизинг 
мәселелері бойынша зерттеулер жүгізу.
Біздің елімізде, машиналар мен жабдықтар лизингі сияқты, тиімді қаржы 
құралы, әлі де нашар дамыған. Біздегі лизингтің, кәдімгі несиеге қарағанда 
қымбаттығы оның негізгі себебі болып саналады, ал батыста – керісінше. Ең 
алдымен отандық лизинг компанияларының өзі, банктердің арзан ресурстарын 
тартудан алыс. Ал, батыста лизинг берушілер, негізінен, меншікті ресурстары 
есебінен өзінің сатуын қолдайтын және лизинг компанияларына мұрсат (бөліп 
төлеу мүмкіндігін) беретін, жеткізушілердің несиелерімен жұмыс жасайды. 
Лизинг берушілер мен жеткізушілер арасындағы тығыз серіктестік есебінен ол 
төмен мөлшерлемелер ұсынуы мүмкін. Ал жергілікті жеткізушілер қатысатын 
жобалар бойынша мөлшерлеме едәуір жоғары болып саналады. 
Лизинг кәсіпкерліктің барлық формаларын дамыту, тұтастай алғанда 
мемлекет 
экономикасын 
дамыту 
үшін 
ынталандырылатын 
қуатты 
инвестициялық құрал болып саналады. Ол, мүлікті меншікке сатып алудың 
тиімді баламасы ретінде пайдаланылуы тиіс. Іс жүзінде лизинг, ақша орнына 
жабдықтар, мини-зауыттар мен өзге де басқалар алынатын айырмамен несие 
алу формаларының бірі болып саналады. Лизинг заманауи техникаларды 
пайдалану қажеттілігі мен оның тез моральдық тозуы арасындағы қарама-
қайшылықты шешуге мүмкіндік береді. Ол шаруашылықтың әр түрлі 
салаларын дамытуға отандық және шетелдік капитал салуды (жұмсауды) 
ынталандырады [27, 16-б.]. 
Салық және өңірлік белгілер бойынша лизинг компанияларының 
қауымдастықтарын құрумен қатар, мемлекеттік лизинг қорының жұмыс істеуі 
тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ жабдықтар мен техникаларды жасаушы 
кәсіпорындармен іскерлік байланыстар орнату және оларды лизингтік 
операцияларға қатыстыру мәселелерімен айналысатындай, мамандандырылған 
өңірлік лизинг қорларын құруға; лизинг мәмілелеріне қатыстырылған 
кәсіпорыныдардың салалық өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, лизнг 
мәмілелерінің өзін әзірлеуге және ұйымдастыруға; кәсіпорындардың лизинг 
тетігін пайдалануға деген қызығушылық жағдайларын туғызу үшін салық 
жеңілдіктерін алу мен жеңілдікпен несиелендіруді пайдалана отырып, 
мемлекеттік және шетелдік инвестицияларды тартуға; елеулі айтарлықтай 


70
капитал жұмсаусыз қазақстандық кәсіпорындарды техникалық қайта 
жарақтандыруға назар аудару қажет.
Өндірістің техникалық жарақтанушылығын арттыру мен өнімдерді қайта 
өңдеуге келесі іс-шаралардың көмегімен қол жеткізу мүмкін болады, ол: 

отандық машина-сынақ стансаларынан (МСС) сәйкестік сертификатын 
алған, замануи ауылшаруашылық техникалары импорты; 

лизингке берілетін ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық 
жабдықтардың номенклатураларын кеңейту; 

арнайы ауыл шаруашылық техникасымен және жабдығымен 
қамтамасыз ету; 

мемлекеттік реттеу тетіктерін (қаржы лизингі бойынша сыйақы 
мөлшерлемесін өтеу) пайдалану арқылы, жеке капиталды лизинг 
бағдарламасына қатыстыру; 

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары үшін 
жабдықтар лизингіне қаражатты ұлғайту; 

жоғары өнімді технологиялық жабдықтар лизингі нарығын кеңейту; 

заманауи шығыны төмен өндіріс технологияларын енгізу.
Бұл, осы үдеріске жеке капиталды барынша көбірек қатыстыра отырып, 
республиканың машинатрактор паркін техникалық жаңалауға, ауыл 
шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарға заманауи өндіріс 
жабдықтары мен технологияларын іске қосуға, өнімдер сапасы мен 
жабдықтардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Жабдықтар 
мен 
техникаларға 
сервистік 
қызмет 
көрсетуді 
машинатехнологиялық стансалар қызмет көрсетулер түрлері мен олардың 
қызмет аяларын кеңейту; ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу мен оған 
қызмет көрсетуді және босалқы бөлшектерді өткізуді жүзеге асыру; 
техникаларды пайдалану тиімділігін арттыруы мүмкін, жөндеу-қызмет көрсету 
кәсіпорындарының қызмет көрсетулерін сертификаттау арқылы жүргізу қажет.
Лизинг бойынша несиелеу мен «Агро-думан» ШҚ үшін несие бойынша 
несиелеуді қаржыландыру нұсқаларының қорытынды құнын неғұрлым сыпайы 
салыстыруды және қаржыландыру тәсілін таңдау туралы шешім қабылдау 
сәтіндегі төлемдердің жалпы сомасын салыстыруды қарап болғаннан кейін, 
қаржыландырудың неғұрлым оңтайлы нұсқасы – бұл, лизинг мәмілелерін 
ресімдеу арқылы жабдықтар паркін кеңейту екені анықталды, өйткені оған 
қызмет көрсету «Агро-думан» ШҚ үшін арзанға түседі. 
Осылайша, «Нұрлизинг» АҚ ЕМ (ДО)» ЖШС лизинг берушісіне де, сол 
сияқты лизинг алушы тарапынан да тиімді, «Агро-думан» ШҚ-ның қаржылық 
жағдайы мен өтімділігінің келесі жобасы мен келесі сызбасын ұсынамыз (15-
кесте).
«Агро-думан» ШҚ компаниясының төлемқабілеттілігін зерттейміз. 
«Агро-думан» ШҚ 1999 жылдың қарашасында Қарағанды облысында 
тіркелген, оңайлатылған мағлұмдама негізінде өз қызметін жүзеге асырады. 
Кеңсесі мына мекенжайда орналасқан: Қарағанды қ., Степной-3 шағын ауданы, 
4-үй, 28-пәтер. «Агро-думан» ШҚ жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету, 


71
экипажбен арнайы техникаларды жалға тапсыру және өндірістік ғимарат 
жайларды жалға тапсыру қызметтерін жүзеге асырады. 
15-кесте 
«Агро-думан» ШҚ жобасының төлқұжаты 


1. Жобаға қатысушылар: 
1.1.Лизинг алушының атауы: 
«Агро-думан» ШҚ 
1.2.Лизинг затын жеткізушісі: 
«КарСпецСервис» ЖШС 
1.3.Лизинг затының атауы: 
LG956 тиегіші, 2011ж.шыққан, (ҚХР) – 
1 бірлік. 
LG936 тиегіші, 2011 ж.шыққан, (ҚХР) – 
1 бірлік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет