Садирбекова динара калымбековна


тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық



Pdf көрінісі
бет21/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық тұрғыда пікір білдірген 
әртүрлі көзқарастарды қарастырамыз. 
Жүйелік көзқарас көптеген теориялық және қолданбалы мәселелерді 
шешу үшін ғылымда кеңінен қолданылады. Жүйелік көзқарастың философиялық 
негіздері 
Б.Г.Ананьев, 
В.П.Кузьмин, 
Б.Ф.Ломов 
В.Д.Шадриков, 
Г.В.Суходольский, Г.С.Никифоров және т.б. жұмыстарында ұсынылған. 
Жүйелік зерттеулердің жалпы міндеттері – жүйелерді талдау және синтездеу. 
Талдау үдерісінде жүйе қоршаған ортадан бөлінеді: оның құрамы, құрылымы, 
функциялары, қасиеттері, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасаудың 
жүйелік факторлары айқындалады. Синтездеу үдерісінде оның абстрактілі 
сипаттамасының негізінде құрылымы мен құрылымының толықтығы, 
сипаттаманың негіздері, динамика мен мінез-құлық заңдарының анықталған 
нақты жүйелі моделі құрылады. Жүйелік тәсілді қолдану нәтижесінде объективті 
шындықтың күрделі құбылыстарының жүйелік сипаттамаларын алуға болады. 
Жүйелік тәсілдің мәні, салыстырмалы түрде дербес компоненттер оқшау 
қарастырылмайды, олардың өзара қарым-қатынасында, басқа жүйемен бірлікте 
қарастырылады;ал кез келген объект жүйе ретінде де, үлкенірек қамтылатын 
жүйенің элементі ретінде де қарастырылады. Біздің ойымызша, жүйелік тәсілдің 
ұстанымдары «басқару құзыреттілігі» ұғымының анықтамасында байқалады.Бұл 
кәсіби құзыреттілік компонентін құрайды. Осылайша, В.И.Бондарь және 
И.Ильина «басқарушының – мектеп директорының басқару құзыреті – оның 
кәсіби құзыреттілігінің кешенді жүйесінің ажырамас бөлігі», – деп санайды [60; 
61]. Е.П.Тонконогая оқу мекемесінің басшысының қызметін басқарушылық 
мамандық ретінде қарастырады, ол кәсіби және басқарушылық құзыреттілік 
ұғымдарын бір-бірінен бөліп қарастырмауға тырысады [62]. М.Кяэрст басқару 
құзыреті түсінігі бойынша менеджердің кәсіби құзыреті мен басқару құзыретін 
теңестіре қарайды. Біздің зерттеуімізде жүйелі тәсіл негізінде, мұғалімнің 
басқару құзыреттілігінің элементі, оның кәсіби құзыреттілігі жүйесінің 
компоненті ретінде қарастырамыз [63].
Осы аспектілерге сәйкес басқарушылық құзыреттілік іс-әрекетке


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет