29
Біз
мұғалімнің «басқару құзыреттілігі» ұғымының мәнін анықтау
барысында педагогика саласындағы құзыреттілік түсінігіне тоқталып өтуді жөн
көрдік. Педагогикалық әдебиеттерде «
құзырет», «құзыреттілік» терминдері
жиі қолданылады және белгілі дәрежеде ретке келтірілген. Э.Р.Саитбаева өзінің
еңбегінде ғалымдардың құзыреттілік түрлерін 3-тен 37-ге дейін бөліп
көрсеткендігін айтады [35,36]. Бұл ұғымдардың кеңінен қолданылуы білім беру
жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты негізделген.
Н.Э.Онищенко көрсеткендей, шетелдік зерттеулерде «құзыреттілік» жеке
психологиялық қасиет ретінде түсіндіріліп,
оның құрамында дербестік,
коммуникативтік, тәртіптілік, өзін-өзі дамыту сапалары қарастырылады
(Э.Шорт, Дж.Равен, т.б.) [37-40].
ТМД елдері мен отандық психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде
«құзыреттілік» терминін белгілі бір қызмет түрімен жиі байланыстырады.
«Құзыреттілік» белгілі бір саладағы білімдер
мен біліктер тұрғысынан
түсіндіріледі. Ал,«құзырет» ұғымы кез келген тұлғаның, ұйымның құқықтарын
білдіреді [41].
Отандық ғалым К.С.Құдайбергенева «құзыреттілікті» педагогиканың
категориясы тұрғысынан жан-жақты зерделеген. Оның пікірі бойынша,
педагогика саласындағы мұғалімнің құзыреті – нені білуін, нені түсінуін,
меңгеруін немесе неге
қабілетті екендігін көрсетуі, қандай да бір сұрақтар
төңірегінде беделді түрде шешім шығаруы [42].
Сондай-ақ, Н.И.Алмазова құзыретті – адам қызметінің белгілі бір
саласындағы білім мен дағды деп, ал құзыреттілікті аталған құзыретті сапалы
қолдану деп түсінеді [43]. Н.Н.Нечаев құзыреттілікті «өз ісін, орындалатын
жұмыстардың мәнін, күрделі
байланыстар, құбылыстар мен үдерістерді,
мақсаттарға жету жолдары мен құралдарын мұқият білу» деп түсіндірсе,
[44,с.14]. Н.Ф.Талызина, М.Ж.Джадрина және т.б. авторлардың пікірінше,
«білім», «білік», «дағды» сөздері «құзыреттілік» ұғымын нақты сипаттай
алмайды, өйткені «құзыреттілік» – білімді, білікті, дағдыларды және өмірлік
тәжірибені қабылдауды игеру деп тұжырымдайды [45, 46].
Кейбір авторлар
педагог
құзыреттілігіне
бастамашылық,
жауапкершілік,
ынта-жігер,
мақсатшылдық, өзін-өзі қамтамасыз ету, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді
жатқызады.
А.В.Хуторской да «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарының мағынасын
бөліп көрсетеді. Құзыреттілік – белгілі бір субъектілер мен үдерістерге қатысты
қажетті және анықталған өзара байланысты жеке қасиеттердің (білім, білік,
дағды, қызмет тәсілі) жиынтығы» деп көрсетсе, [47, с.60], В.Ю.Кричевский
ғылыми әдебиеттерде «құзыреттілік» ұғымына берілген жалпыға бірдей түсінік
жоқ деп есептейді, дегенмен ол табысты қызмет үшін білімнің болуы; осы
білімдердің практикада маңыздылығын түсіну;
жедел дағдылар жиынтығы;
кәсіби қызметке шығармашылық көзқарас сияқты оның белгілерін келтіреді
[48,49].
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар «құзыреттілік» ұғымын:
30
-
маманның дайындығын, «қабілеттілігін» көрсететін білім беру
нәтижесі;
-
қоршаған ортаны өзгерту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін
білім, білік, дағдыларды біріктіру нысаны тұрғысынан сипаттайды.
Біздің ойымызша, құзыреттіліктің мағынасы білім, білікке, дағдыға
Достарыңызбен бөлісу: