Садирбекова динара калымбековна


Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып «тұлға», «басқару», 
«менеджмент», «құзыреттілік» ғылыми ұғымдарын аша түсетін философиялық, 
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұжырымдар мен қағидалар
адамның өмірдегі мәні мен дамуы туралы, оның өзін-өзі жетілдіруінің 
креативтік мүмкіндіктері туралы, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-
өзі жетілдіру механизмдерін тудыратын ішкі және сыртқы факторларының өзара 
байланысын көрсететін тұлғаның жекелік, өзін-өзі дамытушылық тұтастығы 
тұрғысындағы гуманистік тұжырымдамалары; ұжымдық-шығармашылық 
тәрбиелеу теориялары; педагогикалық құбылыстар мен үдерістерге қатысты 
қарастырылған синергетикалық тәсілдің, жүйелі-құрылымдық талдаудың негізгі 
қағидалары; аксиологиялық, іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлық, кешендік 
амалдарының психологиялық тұжырымдамалары және т.б. табылады. 
Зерттеу көздері:басқару, басқару іс-әрекеті мәселесі қарастырылған 
философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулер; Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің білім беру саласына қатысты қаулы қарарлары, Білім 
және ғылым министрлігінің орта негізгі білім беру, жоғары кәсіптік білім беруді 
дамыту тұжырымдамалары, мемлекеттік бағдарламалары, нормативтік 
құжаттамалары; алыс және жақын шетелдік, қазақстандық психолог, педагог 
ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне негізделгенозық тәжірибелері; ғылыми-
әдістемелік журналдар; докторанттың ғылыми-ізденушілік және практикалық 
тәжірибесі. 
Зерттеу кезеңдері:зерттеу жұмысы 3 кезеңмен өткізілді. 
1-кезең (2015-2016 жж.) – зерттеу проблемасы саласынан материалдар 
жиналды, талдау жасалды, ғылыми аппарат негізделді, жоғары педагогикалық 
оқу орындарының озық тәжірибелері жинақталып, қорытыланды, тәжірибелік-
эксперимент жұмысының бағдарламасы әзірленді.
2-кезең (2016-2017 жж.) – басқарушылық стиль, басқарушылық рөлдер, 
басқарушылық түрлері, басқарушылық құзыреттілік бойынша материалдар 
сұрыпталды, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі ұғымының 
мәні анықталды. Педагог-менеджер тұлғасының құрылымы жасалды, 
сипаттамасы негізделді. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың моделі және оның мазмұны жасалды. Болашақ педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігі 
қалыптасуының 
деңгейін 
анықтаудың 
диагностикалық әдістемесі (сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар, тест түрлері, 
ойын-жаттығулар және т.б.) іріктелді. Болашақ педагогтардың басқарушылық 


12
құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі жасалды. Базалық міндетті пәндер, 
бейіндеуші міндетті пәндер бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар
тренингтер мен педагог-менеджер үйірмесі бағыттарын анықтау және оларды 
жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Айқындау, 
қалыптастыру эксперименті жүзеге асырылды, аралық кесінділер алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет