13
- Басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз
ететін кәсіби-тұлғалық
қабілеттер мен басқару білім, білік, дағдыларының
кіріктірілген
жиынтығы.
Ал,
болашақ
педагогтың
басқарушылық
құзыреттілігідегеніміз оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты,
сабақ
үдерісін басқару іс-әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық қабілеттерінің,
педагогикалық және менеджерлік білім, білік,
дағдыларының кіріктірілген
жиынтығы.
- Педагог-менеджер демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы, әдіскер,
сарапшы, басқарушы, орындаушы,
эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер
рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі.
- Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
құрылымдық
моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және
өлшемдік
құрамдас бөліктерінің бірлігін, оған сәйкес өлшемдер мен
көрсеткіштерді қарастырады.
-Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы
педагогикалық мүмкіндіктерді жасау және теориялық тұрғыда негіздеу; кәсіби
педагогикалық, менеджерлік білімдермен қаруландыратын
базалық міндетті
пәндердің (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі); бейіндік міндетті пәннің (Бағалаудың
өлшемдік
технологиялары) бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; іскерліктерін
қамтамасыздандыратын «Педагог-менеджер» үйірмесі мен аудиториядан тыс іс-
шараларды жүргізу, оларды оқу және оқудан тыс іс-әрекеттердің кіріктірілуінде
жүзеге асыру студенттердің басқарушылық
тұрғыдан жан-жақты дамуына
тиімді ықпал етеді.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
кезеңдермен (рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық) жүзеге асырғанда
нәтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: