Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет46/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
да жоқ. Бұларды көрiп, одан бетер қаны қызған бұл ақырып, 
Көбектi ұрып жатқандарға тұра шапты. Келе сала, Көбектi 
сабап тұрғандардың бiрiн бiр ұрып, аттан құлатты. Атымен 
аты қапталдасқан екiншiсiнiң жағасынан жұлып, жерге түсiрдi. 
Содан Көбектiң қандай халде екенiн қарауға да мұршасы болмай, 
Әмiрдi қуып жүргендерге жетiп барып, шеттегi бiрiмен айқаса 
кеттi. Ат үстiндегi жалғыз қазақты тағы тез сiлейте салайық деп 
ойлады ма, әйтеуiр басқа қырғыздар да Әмiрдi тастай салып бұған 
жабылды. Алайда сойылын басынан шыр көбелек айналдырып 
тұрып, олардың бiрде бiрiн өзiне маңайлатпады. Иесінің қимылын 
тақым қағысынан сезетiн қарагер ат та, бiр орнында шыр 
айналып, әлсiн-әлсiн алдыңғы екi аяғын тебiне жоғары көтерiп, 
секiрiп-секiрiп қояды. Жануардың бұл қылығы иесін алдыңғы 
жақтан төнетiн қауiптен сақтандырғандай. Осылайша Сүлеймен 
қорғанып, қырғыздар ауыздықтарымен алысқан аттарын қанша 
ойқастатса да, ұрымтал сәттi таба алмай тұрғанда, гүрс еткен 
мылтық даусы шықты. Iле-шала топырлап тұрған қырғыздардың 
бiрi аттан ұшып түстi. Бағана мылтық даусын елең қылмаған 
қырғыздар ендi ғана шошынғандай жерге құлаған серiктерiне 
де қарамай, келген жақтарына қарай қаша жөнелдi. Сүлеймен 
тықыршып тұрған атын тоқтатып мылтық даусы шыққан жаққа 
қараса, сонадай тұста қаруын ұстап Әмiр тұр екен. Оқ тиiп аттан 
құлаған әлгi қырғыз ойбайлап жерде аунап жатыр. 
— Қап, иттiң балаларының бәрiн жайпап салар едiм. Қашып 
кеткендерiн қарашы. Ойбай, анау Көбекке не болған? Басын 
көтермейдi ғой өзi, — деп айқайлады Әмiр. 
Көбек ендi есіне түскендей, бұрыла сап, оның жанына жетiп 
барды. Ол бағанағыдай ат жалын құшып, әлi жатыр. Иесiнiң 
жағдайының ауыр екенiн сезген торы ат та Көбек сусып, жерге 
түсiп кетпесiн дегендей, мойнын жоғары көтерiп, жүрiп кетпей, 
бiр орнында тұр. Көбектiң аузынан аққан қан торы аттың жалына 
жабысып, жерге тырс-тырс тамуда. Қан ауыздан ғана емес
бастан да ағып жатқан сияқты. Оның бұл сиқын көргенде жүрегi 
дiр етiп, секiрiп жерге түстi:
— Нағашы, не болды сiзге? Әйтеуiр амансыз ба?


98
Сүлеймен қарақшы
Көбекте үн жоқ. Екi көзi жұмулы. Сүлейменнiң даусынан 
кейiн бiрдеңе деп тiл қатайын деп едi, тiлi икемге келмедi. Содан 
зорлана ыңыранды да, көтерiлмек болып әрекеттендi. Бiрақ 
одан да түк шықпады. Тiптi салбыраған қолдарын да жиюға әлi 
келмедi. Оның басын көтермек болып, маңдайынан ұстағанда, 
Көбек көзiн сәл ашты.
— Тиме. Тезiрек елге… — деп арғы жағын айта алмай, тағы 
да ыңырсыды. 
— Әмiр, мұнда кел! Көбекең… Көбекең сөйлей алмай жатыр.
Атын әзер ұстап, бiр жақта қалған сойылын зорға тауып алған 
Әмiр, Сүлейменнiң айқайынан кейiн бұлардың жанына жеттi.
— Не боған Көбекеңе? Шынымен қатты жарақат алған ба? — 
дедi реңi бұзылып. — Ендi қайттiк?
— Тiлi күрмелiп, сөйлеуге шамасы келмейдi.
— Мұны атқа әзiрше тiктеп отырғызуға болмайды. Тура осы 
күйiнде атты жетектеп, тезiрек адамдарымызға жетейiк. Жаңағы 
қашқан қырғыздар қастарына басқа серiктерiн алып, тағы келiп 
қалуы мүмкiн. Мiн атыңа! Уақыт өткiзбей шатқалға кiрейiк.
Сүлеймен Көбектiң атын жетекке алды. Атына мiнген кезде 
шүйде тұсы зырқ етiп қатты ауырды да, желкесiнен жылымшы 
бiрдеңе ағып өткендей болды. Бөркiн шешiп, ауырған жерiн 
қолымен сипап көрсе, қан ағып тұр. Бағаналы берi байқамапты. 
Әлгiндегi ұрыста өзiнiң де басы жарылған екен. Алайда Көбектiң 
жарақатына қарағанда, мұныкi түк те емес сияқты. “Ұрған 
қырғыздың шоқпары әйтеуiр дөп тимегенiне де шүкiр” деп 
ойлады бөркiн қайта киiп жатып. Бағанағы құлаған жерiнде оқ 
тиген қырғыз әлi бақырып, аунақшып жатыр. Оның бер жағында 
басының мылжа-мылжасы шыққан бiреу сұлапты. Оған көзi түсiп 
кеткенде, тұла-бойы дiрiлдеп, жүрегi суылдады. “Ойпырмай, 
сорлының басының парша-паршасы шыққан екен ғой», — деп 
тiксiндi. 
— Анау бақырып жатқанын тағы бiр атып, үнiн өшiрiп кетейiн 
бе? — дедi Әмiр.
— Керегi жоқ. Атпа оны. Әлi келсе, елiне жетсiн. Әлi келмесе, 
қайтесiн атып. Бiрақ бұл жазғандардың түк кiнәсi жоқ жалшылар 


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет