(Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық
бірлігінде. Қазақстан - X X ғасыр. - Алматы. 25-26 бб.)
Кезінде «Azamat kz» газетінің 2005 жылғы 31 наурыз - 6
сәуірдегі санында Нүрлан Қабдайдың Парламент мәжілісінің
депутаты Амангелді Айталымен «Тіл білмейтін Министрлер
ұлтсыздығын, қазақ тіліне қарсылығын аудармашылары арқылы
бүркемелеуде» тақырыбында жүргізген сұхбаты жарық көрді.
Сұхбат барысында мемлекеттің жаппай қазақшаға көшуі, ең ал-
дымен, ел тізгінін ұстаған жоғарыдағылардың ынта-жігеріне
тікелей байланыстылығы, Парламент депутаттарының тілге деген
ықыласы жан-жақты айтылады. Осы ретте Амангелді Айталы ана
тіліне қатысты: «...біздің Қазақстан қоғамында қазақ тілі қандай
деңгейде болса, бүгінгі мәжілісте де сондай деңгейде. Демек, бір
топ депутаттар қазақ тілін сыйлайды, сол тілде сөйлейді, сол тілде
мемлекеттік құжаттар дайындайды, сол тілде бұқаралық ақпарат
құралдарына мәлімдемелер жасайды, мақалалар жазады. Екінші
бір топтың тілі - жартылай орыс, жартылай қазақ. Қазақша сөйлесе,
жаза алмайды, қазақша ойлай алмайды, пікірін жеткізе алмайды.
Үшінші топ -т ү г ел д ей орыс тілінде сөйлеп, орысша ойлап, орысша
жазатын депутаттар. Кейбір қазақша сөйлегісі келетін депутаттар
күні бұрын сөздерін дайындап, орысша сөйлеген ұят болар, мен
өзімнің ана тілімде сөйлейін деп келіп, қазақша сөйлеушілердің
қатары бірте-бірте көбейіп келеді...», - деген салмақты пікір
білдіріп, толғақты ой тастайды. Мұндай мысалдарды көптеп
келтіруге болады жэне бұл пікірлердің бэрі ашынғандықтан
туындаған, ащы да болса шындық екенін көзіқарақты оқырманның
мойындамасына амалы жоқ.
Франция, Ұлыбритания, Албания сияқты өркениеті дамы-
Достарыңызбен бөлісу: |