ІІІтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
85
Не қалды тілімізде жыртылмаған.
Отбасы түсініксіз жатқан былдыр,
Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр.
Оқысаң алып кітап шым-шытырық,
Опырмай, сандырақ па, бұл не былжыр?! -
деп ана тілінің мүшкіл халін шынайы түрғыда таразыға
салғанын аңғарамыз. Бұл ойдың астарында тіл құрыса ұлттың да
құритынын, ал, ұлт құрыса, үлттық мэдениет, дэстүр, сана-сезім
де түгелдей жойылатыны жатыр. Демек, Отанға деген құрмет пен
сүйіспеншілік - ұлттық тілден бастау алады. Тіл білмегеннен кейін
де кейбір жастарымыз қазақ тарихын білмейді, тарихын білмеген
соң, салт-дәстүрін, мэдениетін жете ұғынбайды. Осыдан барып
тұла бойында ұлттық намысы жұтаң жастар ұлт рухын сыйлаудан
алшақтап, отаншылдық сезім і орнықсызданады. Оны күнделікті
өмір дәлелдеп отыр.
Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Домбыра» кітабының алғы-
сөзіндегі «Тиек» атты өлеңінде:
«Шындық та жөтел сияқты,
Жыбырлап тұрар тамақта», -
деген тамаша тіркес бар. Сол тәрізді бүгінгі үлкен кемшілік -
мемлекеттік тілге қатысты қабылданған заңдық нормалар мен
қүжаттардың орындалуын қадағалаудың жоқтығы. Тиісті ұйымдар
тарапынан бақылаудың жоқтығынан Үкіметтің 1998 жылғы 14 та-
мызда қабылдаған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту туралы» қаулысындағы: «Іс қағаздарын
жүргізу жэне ресми құжаттар эзірлеуге қатысты құрылымдар
Достарыңызбен бөлісу: