күні де білгір заңгер ғалымдарды қайран қалдырады. Уставтың ең
негізгі идеясы - Қазақстанды Ресей отарынан шығару ж эне дер-
бес тәуелсіз мемлекет құру. Бұл идеяны ол төңкеріс жасау неме-
се құрылу күрес арқылы емес, керісінше, парламенттік жолмен,
съезд шақыру, халық сайлаған депутаттардың шешім қабылдауы
арқылы іс ж үзіне асыруды басты мақсат етіп қояды. «Уставтың»
кіріспе сөзін де ол осы мақсаттағы ойларын былайша қорытады:
«Жаңа заманда атыссыз, соғыссыз, қан төкпей, бейбіт жолмен
өз ж ерімізде тәуелсіз ел болу мақсатында... жеке Қазақ елі рес-
публикасын құрамыз» (Алматы ақшамы. - 2007. - 12-14 маусым.
С. Өзбекұлы, Алғашқы Конституция жобасының авторы - Барлы
бек Сыртанов).
42
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
Уставтың бірнеше баптарында Б. Сыртанов адам құқығының
мемлекетте тиімді қорғалуының ең маңызды мәселелерінің сапы-
на жатқызады. Оның ойынша, барлық демократиялық санаттағы
қоғамда жеке адам дініне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, шыққан
тегіне, атқаратын қызметі мен лауазымына қарамастан заң ал-
дында тең болуы тиіс. Бұл талап - өркениеттіліктің, еркіндік пен
бостандықтың іргетасы. Уставта ол: «Қазақ елінде адам баласының
бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адам-
ды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон мен құдай алдында жауап
береді», - деп атап көрсетеді (Алматы ақшамы. - 2007. - 14 маусым.
С.Өзбекұлы). Оның мұндай көрегендік саяси көзқарасы бүгінгі
күннің талабына сай келетінін дүниежүзілік саяси-элеуметтік
тэжірибе өзінен-өзі дэлелдеп отыр.
Демократиялық мемлекеттердегі жеке адамның еркін пікір
Достарыңызбен бөлісу: |