жазаланусыз калатын адам» (Платон, Апология Сократа.).
Сократтың: «Ізгі ниеттілер - бакытты», - деген тұжырымын
Эпикур ой елегінен қайта өткізеді. Оның ойынша, керісінше,
бақыттан бастау керек, өйткені, ол ізгі ниеттіліктің шарты болып
табылады. Бақыттылар жамандыкка қабілетсіз, олар жақсылық
шұғыласына бөленген. Эпикур: «Барлық игіліктің бастамасы мен
тамыры - кұрсақтың тоқтығы: тіпті даналық пен басқа мәдениет те
оған қатысты болады», - деп тұжырымдайды (Антология мировой
философии. 1969. 360 б.).
Платон (б.з.б. 427-347) - ежелгі грек философы, Сократтьщ
шәкірті. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау),
«Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Фе-
дон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Те-
этет» (білім туралы), «Заңдар» т.б. Платонның пікірінше: «Шын
ақиқатты түсіну үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып
жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік
алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі, ол - адам-
дарды шығармашылыққа жетелейтін құдіретті күш. Өмірдегі
8
Жаңсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
әдептілік идеясы тек рухани махаббат негізінде ғана ж үзеге асы-
рылады. Игілік дегеніміз - жанның реттілігі мен үйлесімділігі».
Платонның түсінігінше, игіліктің төрт түрі бар. Олар:
жүректілік, данышпандық, естілік жэне әдептілік. Бұл игіліктер
адамдардың бэріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруы-
на қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топка бөлуге бола-
ды: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарығандар - философ-
тар, бүлар мемлекетті басқарулары керек. Данышпандықтан басқа
Достарыңызбен бөлісу: |