бостандығын аңсаған жастар, ескі әдет-ғұрып, салттан туған
теңсіздік, қайғы-қасірет, күйініш суреттеледі. Ә сіресе, адам
бойындағы біреу үшін өзін құрбандыққа қия білу, жакынға достық
көмек, кеңпейілділік, ақылдылық жэне эділдік сияқты қасиеттер
ерекше жырланады. М әселен, «Қарадөн батыр жэне оның
ұрпақтары» жырында Қарадөң он бес жасқа келгенде Тоқсан бау
лы ноғайлының ханы жиналған топка келіп былай деген екен:
«Қарадөңдей жас бала,
Дұшпанменен кас бала.
Сегіз жаска келгенде,
Алысар жауын көздеді.
Өз қатарын іздеді,
Жаманға жүдэ ермеді.
Жаманның бетін көрмеді,
Жақсылар сөз сөйлесе
Отырып сөз тындады
Жаманның ісін қылмады,
Жасы үлкенді сыйлады...», -
Дейді (Ақсауыт, Батырлық дастандар. 1977. 74-75 бб.).
м Халқымыз «жақсы» деген ұғымды адамгершілікке балайды.
Өйткені, халық адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген.
Осы ретте «Болат-Жанат» дастанында кейіпкерлерінің эр түрлі
қиыншылық, бөгеттерді жеңудегі шыдамдылығы, өмірге деген
14
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
құштарлығы, жақсылыққа деген сенімі, ақылдылығы, тапқырлығы
таңғалдырып отырады. Болат пен Жанаттың әкесі Мақалбай сауда-
гер жол жүрер алдында ұл-қызына мынадай өсиет айтады:
«¥лым-кызым - шырыным,
Тілінен шықпа піріңнің.
Жасыңнан эдеп үйренсең,
Әркімнен озар ілімің...», -
дейді (Қазақ халық әдебиеті. Дастандар. 1990. 19 б.). Бұл эдепті-
лікке жетелейтін бата сөз екендігі даусыз.
Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны
адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан, жастарға бата бер-
генде: «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма»! - деп
Достарыңызбен бөлісу: |