P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


гуманизмнің лебі еседі, адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі



Pdf көрінісі
бет11/280
Дата07.06.2022
өлшемі7.74 Mb.
#459022
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

гуманизмнің лебі еседі, адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі 
атаулының биік шоқтығы, сондықтан да, оны кұрметтеу, қастерлеу 
керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні -  
білім, мейірбандық, сұлулык бірлігінде. Ол ақыл-ой мен білімнің 
биік мэнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулык хақында былай 
дейді: «Көркемдік - өмір шындығының өзіне тэн қасиет, ол болмыс- 
ты нақты түрде бар құбылыстардың, элеуметгік өмірдің көкейдегі 
елесі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің 
адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі».
Этиканың зерттеу нысанасы мораль, мінез-құлық, эдептілік 
нормалары екенін жан-жақты дэлелдеген Әл-Фараби этиканың ең


10
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
жоғары категориясы бақыт болып табылады, адам бойындағы акыл- 
парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға 
болмайды, - дейді. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара 
табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. 
М эселен, Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: «Бақыт 
- эрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені, ол белгісіз бір жетілу б о ­
лып табылады. Мүны тусіндіріп жату артық сөзді керек етпейді, 
өйткені, бұл - мейлінше белгілі нәрсе», - дей келіп: «Игіліктердің 
ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі жэне қалаулы заттардың 
ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын», -  
деп атап көрсетеді (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар. 
1975. 3 б.).
Бақытқа жетуге бастайтын жолға айрықша назар аудара отырып, 
Әл-Фараби адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, 
жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік беретіндігін, осыдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет