197
Фразеологиялық коннотация
197
тілдік факт болғандықтан, ойдың құралдарынан едеуір ерекше, өз міндетін
атқаруға қажетті формалды қасиеттері мен құралдары бар.
В. Матезиус аталмыш құралдарға – номинативтік бірліктерге сөздерді
(сөз тұлғаларын), сонымен қатар сөз тіркестерін кіргізеді.
Абсолюттік
номинативтік мағыналы сөз таптарына зат есімдер мен атрибутивті сөз
тіркестері жатады, одан басқа сөз таптары мен сөз тіркестері типтерінде
бұл мағына әлсіреген [И.К. Кухарж, 1968; 119-126 бб.].
Қазіргі кезеңде И. Кухарж пікірінше, В. Матезиус теориясын әдістемелік
нұсқау құралы ретінде пайдаланып, оның бағытын ғалымдар одан әрі дамы-
тып отыр. Тілдік құралдар арқылы жасалынған заттар мен ситуациялардың
атауы болып табылатын номинация, қазіргі тіл білімінде көп аспектілі,
күрделі құбылыс ретінде қарастырылады.
Номинация кешенді ойлау-
сөйлеу үрдісі болғандықтан, ол логика-гносеологиялық, психологиялық,
сонымен қатар биологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және таза тілдік
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Ал енді Е.С. Кубрякованың пікіріне сүйенсек, номинация «выступает и
как продукт классификационно-познавательной
деятельности человека в
избранной области или общественного опыта, и как продук деятельности
речевой, языковой» [Е.С. Кубрякова, 1986; 6 б.]. Осының негізінде, номи-
нация зерттеу мақсатына орай гнесеологиялық, семиотикалық және таза
лингвистикалық аспектілерде қарастырылады.
Номинацияның гносеологиялық және семиотикалық аспектілері
объективтік шындықты жеке элементтерге (заттар, қасиеттер, қатынастар)
жіктеудің арақатынастық және идеализациялау (дәріптеушілік) үрдістерін
қарастырады, яғни тілдік таңбалар арқылы адамның абстрактылы жалпы-
лауы және шындықты қабылдауы мен бейнлеуі нәтижелерінің репрезента-
циясы.
Әлемді жіктеу үрдісі, яғни номинацияның танымдық-топтастырушылық
механизмі болжам түрінде болуы әбден ықтимал, ал нәтиженің негізінде
жасалған номинативтік құрал (жанама номинация
шеңберіндегі фразе-
малар да кіреді) әр түрлі көзқарастар тұрғысынан жан-жақты зерттеледі,
дәл осы тұстағы номинация лингвистикалық аспектінің зерттеу аймағына
кіреді.
«Номинация» термині – басқа да лингвистикалық терминдер сияқты
көп мағыналы, жан-жақты, сан қырлы. Термин ретінде атаудың процесін
таңбалап, номинацияның динамикалық аспек-тісінде қаралуы да, процестің
нәтижесі ретінде статикалық тұрғыдан да қаралуы әбден мүмкін, сонымен
қатар тар мағынада – тек заттардың атауы ретінде, номинация аспектісіне
барлық оралымдардың бейсубстанционалдық элементтерін – сөйлеушінің
үрдісі, қимылы, оқиға, психикалық күйі мен сезімін қамтитын кең мағынада
қолданылуы да мүмкін.
Лингвистикалық номинацияның типологиясын жасау қиын мәселе-
лердің бірі болды. Себебі, бұл тұста барлық белгілі типологиялық