Сейітнұр Ж., Мақұлбек С.
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)
ТҰЛҒАНЫҢ МАНСАПТЫҚ ӨСУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН
ЗЕРТТЕУ
ХХІ ғасырдағы маңызды ғаламдық тренд ретінде əртүрлі əлеуметтік топтардағы
адамдардың амбициясы мен бəсекеге қабілеттілігінің артуын айтуға болады. Егер ХХ ғасырда,
əсіресе кеңестік заманда тұлғаның мансаптық өсу туралы айту мүлдем ыңғайсыз болса, қазір
мансаптық ниеттер мен ұмтылыстар кездейсоқ жайт емес, керісінше, жеке жоспарлар мен
жобаларға енгізілген өмірлік мақсатқа айналуда. Совет адамы үшін мансап түсінігі
баққұмарлық, мансапқорлық ретінде айыптауға лайық дүние еді. Мансапқор жан өзінің қара
басының мақсаттарына жету үшін бəрін «басып өтуге» дайын, ол өте жағымсыз моральдық
қасиеттердің бірі жəне буржуазиялық моральға тəн ескінің қалдығы деп саналды. Кеңес
қоғамында əдебиет пен өнерде мансапқорлық жеке адамның (жұмысшының) жағымсыз
қасиеттері ретінде сипатталды, Мансапқор адам өз бойындағы іскерлік, білімділік,
парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғымен санаспай, қалайда жоғары атаққа, лауазымды
қызметке қол жеткізуді мақсат тұтады. Өзінің эгоисттік ұмтылысының арқасында табысқа
жəне жоғарылатуға принципсіз ұмтылуды жүзеге асырады делінді. Егер мансапқорға қажет
болса, ол еш ойланбастан басшылықтың алдына өз əріптесін аяқтан шалуы немесе кінəні
біреуге арта салуы оңай. Пысықтық пен ептілікке ие жəне кінəлілік комплексінің жоқтығы
арқасында мансапқор көп нəрсеге қол жеткізеді. Мансапқор үшін ар-ождан, ұят,
жанашырлық, қарапайымдылық сияқты ұсақ-түйек нəрселерге алаңдаудың еш қажеті жоқ.
Мансапқорды мұның бəрі қызықтырмайды. Міне, социалистік қоғамның мансапқа қатысты
түсінігі осындай сипатта болды. Ал бүгінгі нарықтық заманда мансапқорлықты оң бағалау
орын алуда. Менеджмент тарапынан мансапқор адамның құлшынысын ескере отырып, оның
еңбегін компания игілігіне пайдалану дұрыс деп саналады. Адам ресурстарын басқару
персоналды дамытуға, қол астындағылардың тұлғалық əлеуетін ашуға айырықша көңіл
бөлетін болды. Мансаптың психологиялық аспектісі ескерілуде. Ал жеке жұмысшы мен
қызметкер үшін мансапқор болу ең тиімді бағыттылық делінеді. Мансапқор отбасының
қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ете алады, өйткені олардың көпшілігі жақсы табыс
табады.
112
Бүгінгі таңда «мансаптық өсу» жəне «мансаптық жетістіктер» ұғымдары күнделікті
өмірде, адамдардың санасында жай орын алып қана қоймай, олар психология ғылымының
теориялық жəне эмпирикалық зерттеу нысанына айналды. Тіпті акмеология ( грекше «akme»
– биік, шың, табыс, logos – ілім) сияқты адамның шығармашылық ғұмырына, кəсіптілік шыңга
жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін арнайы ғылым пайда болды.
Мансап мəселесі кəсіби өзін-өзі анықтау, тұлғалық даму, кемелдік психологиясы, табысқа
жету психологиясы, жетістік мотивациясы (Д.Сьюпер, Д.Тидман, Д.Холл, Э.Шейн, Д Мак-
Клелланд, А.А.Агапов жəне т.б.) сияқты концепциялар аясында зерттеліне бастады [14].
Психологиялық-акмеологиялық тұғырға сəйкес мансап мəселелері басқару психологиясы,
мемлекеттік қызметшілердің кəсіби мансабын зерттеуде, сонымен қатар экономика,
кəсіпкерлік жəне салық қызметі салаларында қарастырылады (А.Л. Журавлев, Е.Г. Молл, А.Д.
Кибанов;
А.Деркач,
В.Г.Зазыкин,
В.М.Дьячков,
Л.И.Катаева,
Е.А.Могилевкин,
Я.В.Масликова, М.В.Сафонова, С.И.Сотникова, О.Е.Игумнова, Д.Б.Волосевич жəне т.б.) [1-
5].
Мансаптық динамиканы зерттеу Батыс психологиясы үшін мүлдем тың дүние емес. Бұл
мəселе біршама ұзақ уақыт бойы шетелдік ғалымдардың назарында болды: В.Фридрих,
А.Гофман, С.Бхогле, В.Мёрти, Т.Н. Бремер, М.А. Витинг, Дж.Флеминг, М.Хорнер жəне т.б.
Посткеңестік елдерде мансаптық табыс жетуді зерттеу, əсіресе соңғы онжылдықтарда үлкен
сұранысқа ие болды: Б.С. Агапова (1999), В.И. Андреева (1995), Н.А. Батурина (1987), Н.Н.
Власова (1994), А.Н. Воронина (1996), б.з.б. Гончарова (1996), В.Н. Денисова (2001), А.А.
Деркач, Н.В. Кузьмина (1993), С.Т. Жанерян (1999,2004), В.К. Шаповалова (1999) жəне кəсіби
іс-əрекет психологиясы (Е.А.Климов, А.А.Крылов, К.К. Платонов жəне т.б.), басқару
акмеологиясы (О.С. Анисимов, А.А. Деркач) аясында қарастырылды [1].
Мансаптық зерттеулердің айтарлықтай кең проблемалық өрісіне қарамастан ( кəсіби сала
түрлеріндегі мансап ерекшеліктері, шарттары, жеке тұлғалық аспектілері, құндылық жəне
мотивациялық құрамдас бөліктері), мансаптық өсудің психологиялық факторларын одан əрі
мағыналы талдау əрі эмпирикалық зерттеу қажет. Бұл ретте мансаптық жетістіктің
психологиялық табиғаты, оны анықтайтын факторлар, жалпы мансаптық жетістіктің
ерекшеліктері жəне оның жеке кезеңдерін зерттеу маңызды. Мансаптық жылжу сонымен қатар
қызмет
саласының
ерекшеліктеріне,
салалық
құрылымға,
қызметкердің
жеке
сипаттамаларына, мақсаттары, бейім-бағдары, құндылықтарына жəне тұлғаның кəсіби
ортаның талаптарына, ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне сай болуына байланысты.
Мансаптық жетістік тек сыртқы факторларға ғана емес (əлеуметтік, экономикалық,
саяси, өндірістік жəне т.б), сонымен бірге субъектінің дара қасиеттеріне де байланысты
(Деркач А.А, 1999; Дырин С.П., 1996; Емельянова А.А., 2000; Ефремова О.И., 1999; Зазыкин
В.Г., Ситников А.Л., 1993; Чернышев А.Г.,1991)[4-13]. Сондай-ақ, мансап психологиясын
зерттеу ұйымдық психология саласының қарқынды дамуымен, персоналды басқару
жүйесіндегі психологтың практикалық аясының кеңеюі, кəсіби даму бойынша кеңес берумен
тығыз байланысты екендігін айта кету керек.
Біздің дипломдық жұмыстың мақсаты - тұлғаның мансаптық өсуінің психологиялық
факторларын (мансаптық жылжуға лауазымдық өкілеттілік, əлеуметтік мəртебенің, тұлғалық
ерекшелік, жас мөлшері, гендерлік факторлардың жəне ұйымдық құрылымның типтерінің
əсерін жəне т.б.) анықтау. Зерттеу нысаны: тұлғаның мансаптық динамикасы. Зерттеу пəні:
тұлғасының мансаптық өсуіндегі психологиялық факторларды зерделеу .
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі зерттеу міндеттері алға қойылды:
1. Мансап психологиясы бойынша отандық жəне шетелдік зерттеулерге талдау жасау.
2. Мансаптық өсудің психологиялық факторларына теориялық талдау жүргізу.
3. Адамдардың мансаптық жетістіктің психологиялық факторлары туралы көзқарастары
мен түсініктерін зерттеу. Студенттердің мансаптық жылжудағы психологиялық факторлары
туралы ойларының мансаптық ниет пен ұмтылысты қалыптастырудағы рөлін ашу;
4. Мансаптық өсуді эмпирикалық зерттеу процедурасын əзірлеу; Студенттердің
мансаптық жылжудағы психологиялық факторлары туралы ойларының кəсіби даму пəндеріне
113
деген көзқарастарын өзгертуге жəне мансаптық ниет пен ұмтылысты қалыптастыру бойынша
жұмыс жасау қажеттілігін сезінуге əсерін зерттеу.
Зерттеу барысында мансаптық өсудегі психологиялық факторлардың орны мен рөлі
көрсетіледі; жасы, мəртебесіне жəне гендерлік, əлеуметтік-психологиялық факторларға
байланысты тұлғаның мансаптық динамикасы анықталды; мансаптық өсу мен жетістікке
жету мотивациясы, бақылау локусы, өзін-өзі бағалау жəне қажеттіліктер құрылымы
арасындағы маңызды өзара байланыстар анықталады; Сондай-ақ, мансаптық өсудің ұйымдық
құрылым түріне тəуелділігі анықталды;
Жұмыстың практикалық маңыздылығы тиімді кəсіби жəне қызметтік мансапты жүзеге
асыру мақсатында мамандардың мансаптық жоспарлау мəселелерін шешу үшін
психологиялық факторларды ескеру қажеттілігін негіздейді. Алынған мəліметтерді мансаптық
өсу, кəсіби маман болуды талдау жəне кəсіби іс-əрекеттердің қалыптасуын терең түсіну жəне
психологиялық консультация беру үшін пайдалануға болады. Мансаптық өсу тұлғаның жеке
мақсаттары мен əлеуметтік ұстанымдарына, бейім-бағдарларға негізделеді. Адамның
мəртебесі өсуі мен жасының ұлғаюы арасындағы байланыстар бар екен. Мансаптық динамика
мен жетістікке жету мотивациясы, бақылау локусы, өзін-өзі бағалау жəне қажеттіліктер
құрылымы арасында байланыстар бар. Мансапты басқаруда мансаптық динамиканы
бағалаудағы уақыт аспектісін жəне болашақ перспективаның мансаптық өсуге əсерін ескеру
маңызды. Əлеуметтік лифт үшін мемлекеттің ұстанған саясатының да əсері бар.
Бүгінде мансапты арнайы зерттейтін əр түрлі психологиялық бағытар бар. «Мансап
психологиясы» адамның кəсіби бағдары мен оқыту (оптация) кезеңдерінен бастап, кəсіби
өмірбаянының соңғы кезеңдерімен аяқталатын тұлғаның мансаптық көтерілуінің
психологиялық заңдылықтарын зерттейді (А.В.Карпов).
Шетелдік психологияда ең дамыған бағыттарының бірі – жеке дара мансапты зерттеу
(Э.Шейн). Ф.Дж. Дорн кəсіптік мансапты адамның өзін мансаппен сəйкестендіру
ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейді, білім алу мен мамандық таңдауға
əлеуметтік жəне психологиялық факторлардың əсерін қарастырады. М.Вудкок пен Д.Френсис
кəсіптік мансапты зерттей отырып, оны адамның жасына байланысты өзгерістерімен
байланысты кезеңдерге бөледі. Бұл авторлар мансаптық өсудің психологиялық жəне
əлеуметтік мəселелеріне, сонымен қатар мансаптық дағдарыстардың барлық түрлерінің пайда
болуына көп көңіл бөледі.
Т.Санталайнен, Э.Вутилайнен, Дж.Ниссенен жұмысшыларды еңбек жолының ортасында
күтіп тұрған қиыншылықтар мен кедергілерді зерттеді, бұл кезде олар айтқандай, «ашып
божу» кезеңі орын алады. Д.Е. Супер, мансапты пісіп-жетілу процесі ретінде түсіндіре
отырып, кəсіби өзін-өзі анықтаудың , кəсіби Мен - концепцияның даму детерминанттары мен
мансаптық даму кезеңдерін қарастырады.
Бірқатар ресейлік авторлардың зерттеулерінде мансапты іске асыру процесінде тұлғаның
мансаптық сəйкестігі мен өзіндік Мен-концепцияның қалыптасуы жүзеге асатынын
дəлелдейтін сенімді теориялық жəне эмпирикалық материалдар бар (С.Т.Джанерьян,
А.А.Жданович, И.П.Лотова, А.М.Шевелева жəне т.б.). Сондай-ақ спорттық жəне саяси
мансаптың гендерлік аспектісі зерттелді (В.В. Макеев, Н.Б. Стамбулова жəне т.б.). Бұл
зерттеулерде мансапты психологиялық феномен жəне субъектінің даму факторы ретінде
қарастырылды.
Мансапты қалыптастырудың негізгі психологиялық факторларының бірі кəсіби
жауапкершілік болып табылады, оны бірқатар шетелдік ғалымдар (В.А.Бодров, Т.Де Джордж
Ричард, Э.Дюркгейм, А.Г.Луценко, К. Мұздыбаев, Ж.Пиаже, П.Фауконне, Ф.Хайдеггер жəне
т.б.) арнайы зерттеді.
Жалпы, ғылыми əдебиеттерде ұсынылған əр алуан мансаптарды үш типке топтастыруға
болады, олар əртүрлі əлеуметтік-кəсіптік топтардың өкілдері үшін барлық мүмкін болатын
мансап траекториясын қамтиды: тік, көлденең, сатылы.
Ғылыми əдебиеттерді талдау адамның мансаптық өсуі сыртқы жəне ішкі факторлармен
анықталатынын көрсетті. Сыртқы факторлар – қоғамның əлеуметтік жəне кəсіби
114
қажеттіліктері жəне оның жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау қабілеті. Ішкі
факторларға əртүрлі психологиялық факторлар жатады. Біз өз зерттеуімзде осы екінші
факторды басты нысана ретінде алдық.
Адамның мансаптық өсу қарқыны тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктеріне,
кəсіби маңызды қасиеттердің қалыптасуы, бағалау мен өзін-өзі бағалау жүйесінің сипатына,
талаптану деңгейіне, жетістікке ұмтылу мотивациясына, бақылау локусына, құндылық
бағдарлар жүйесіне, коммуникативті дағдылары, өзіне деген сенімділікке, өзін-өзі таныту мен
қабілеттіліктерге байланысты.
Жеке тұлғалық мансаптық өсу – адамның еңбек іс-əрекетінің субъектісі ретінде
əлеуметтік, экономикалық, іскерлік не кəсіпкерлік, мүліктік жəне басқа да қатынастар
жүйесіндегі қозғалысы. Өз өмір жолының белгілі бір кезеңінде оның тұлғалық позициясы,
лауазымы, ресурстары мен əлеуметтік-экономикалық жағдайы (сыртқы жағдайлар) арасында
туындайтын қатынастармен байланысты.
Тұлғаның мансаптық өсуінің жеткілікті қарқынын қамтамасыз ететін мағыналы
байланыстарды эксперименттік зерттеу табысты кəсіби дамудағы психологиялық факторлар
жиынтығын анықтауды талап етеді. Сыртқы бақылау локусы (экстерналдық) көрсеткіштерінің
жоғары болуы мансаптық өсу деңгейі төмен жандар арасында байқалады жəне сəйкесінше
негативті сипаттамалар мыналар болып табылады: дербестіктің болмауы, жиі сыртқы
бақылаумен ғана өнімділіктің жоғарылауы орын алуы; маңызды мансаптық жағдайларды
анықтауда шешуші рөлді басқа адамдарға телу, сыртқы себептерге үстемдік беру; мансаптық
өсу мүмкіндіктері туралы аз хабардар болу жəне кəсіби мəселелер бойынша əріптестерден кері
байланыс алуға деген құлшыныстың болмауы.
Сондай-ақ, мансаптық өсудің жыныс пен жас параметріне жəне лауазымдық мəртебеге
байланысты екендігі байқалды. Мансаптық жоғарылау ұйымдық құрылымның əртүрлі
деңгейлерінен өту процесінде тұлғаның кəсіби əлеуетін барынша ашу жəне жүзеге асыру
ретінде көрінеді.
Нарықтық жағдайда мансаптық өсу мен көтерілу белгісіздікпен, өзгермелілікпен,
тұрақсыздықпен сипатталады. С.Т. Джанерьян, Н.Л. Кирт, В.А. Полякованың зерттеулер
бойынша, мансап тұлғаға түзетуші сипатта əсер етеді жəне оның өмір жолын қалыптастырады.
Тұлғалық өзгерістер адамның кəсіби мансап субъектісінің рөлін орындауын қамтамасыз ететін
жеке қасиеттердің пайда болуына жəне дамуына əкеледі [2;5].
Қысқасы, адамның мансаптық əлеуеті мыналармен анықталады:
- индивидтің психофизикалық ерекшеліктерімен (бейімі мен қабілеттері, денсаулығы,
еңбекке қабілеттілігі мен өнімділігі);
- жеке тұлғалық қасиеттерімен (қажеттіліктер, қызығушылықтар, мотивтер, жеке
қасиеттер);
- құзыреттіліктер (біліктілік, білімнің көлемі мен сапасы, іскерлік пен дағдылар
жиынтығы );
- өмірлік жəне кəсіптік бағдарлар (əлеуметтік жəне кəсіби құндылықтары, талаптану
деңгейі жəне т.б.)
Тұлғадағы бұл мансаптық əлеуеттердің құрамдас бөліктері өзара байланысты боп
келеді. Олар мансап құрылымын анықтайтын тірек негіздердің бір түрі, мансаптың барлық
кезеңдері мен бұрылыстарының конфигурациясы ретінде қызмет ете алады.
Зерттеу барысында мансаптық өсудің тұлғаның жеке қасиеттермен өзара байланысы
анықталды:
- Мансаптық өсу мен субъективті бақылау деңгейі арасында тығыз байланыс бар. Саналы
мансаптық жылжу мақсатқа жетуде жəне кедергілерді жеңуде белсенді əрекетке, күш пен
табандылыққа шақырады.
- Мансаптық өсу мен өзін-өзі бағалау арасында маңызды корреляция анықталды. Бұл
мансапта жетістікке жетуге деген ұмтылыс, шеберлік пен дағдыларды көрсетуге ұмтылу тұлға
бойында өзін-өзі жоғары бағалауды, өзіне деген сенімділікті, дербестікті, қиын жағдайларда
өз күшіне сену бейімділігін қалыптастыруға ықпал етеді.
115
- Кəсіби құзіреттілік, қызмет саласы жəне жетістік мотивациясының мансаптық жылжу
арасында оң корреляция бар. Сəтсіздіктерден қашу мотиві мен мансаптық динамиканың
арасында теріс корреляция анықталды.
Қорыта келе айтатын болсақ, бүгінгі таңда тұлғаның мансаптық өсуіндегі
психологиялық факторды жан-жақты зерттемей, «мансап» ұғымының қыр-сырын ашу еш
мүмкін емес. Кез келген ұйым қызметінің нəтижелі болуы қызметкердің мотивациясына,
қызмет бабымен өсуі мен одан əрі дамып жетілуіне байланысты. Əлеуметтік əділдік пен
қызметкерге қамқорлық əкімшілдік- əміршілдік əдістерге қарағанда анағұрлым тиімді екенін
өмірдің өзі көрсетуде. Жұмысқа қанағаттанушылық, басшылық тарапынан мойындау мен
қадірлеу, өсу мүмкіндігі адам ресурстарын басқарудың парадигмасын өзгертуде.
Қызметкердің ұйым мен оның құндылықтарына адалдығы, басшыларға сенімі мен ұйымға
қатысты мақтаныш сезімі өте маңызды. Қанағаттанған қызметкер анағұрлым өнімді жұмыс
істейді. «Дженарал Электрик» компаниясының HR директоры Уильям Конати: «Адамдардың
есте сақтау қабілеті жақсы. Олар өзінің əділ бағаланғанын ұзақ уақыт ұмытпайды» деген екен.
Ұйымдағы жеке тұлғаларды түсіну маңызды. Қағазға жазылған ресми келісімшарттан көрі
ресми емес пихологиялық келісімшарттың (қызметкердің үміттер жиынтығы) артықшылығын
менеджмент мамандары да мойындады. Кəсіпорын, мекемеде «мүмкіндіктер мəдениетін»
қалыптастыру мансаптың психологиялық факторын ескерумен тікелей байланысты.
Əдебиет
1. Деркач A.A. Акмеологические основы развития профессионала Текст. / A.A. Деркач. М.: Изд-во
Московского психолого-социального института: Воронеж: НПО «МОДЭК», 2004. - 752 с.
2. Джанерьян С.Т. Профессиональная Я — концепция: системный анализ Текст. / С.Т. Джанерьян.
Ростов н/Д: изд-во Рост, ун-та, 2004. - 480 с.
3. Джонс Р. Как сделать карьеру: Практическое руководство для всех Текст. / Р. Джонс. Челябинск, 1994.
- 314 с.
4. Ильина Н.Л. Динамика мотивации на протяжении спортивной карьеры: Автореф. дисс. .канд. психол.
наук. СПб., 1998. - 18с.
5. Кирт И.Л. Динамика представлений о профессиональной карьере психологов образования в процессе
профессионального самоопределения: автореф. канд. дис. Текст. / И.Л. Кирт. Москва, 2000.-24 с.
6. Курбатов В.И. Стратегия делового успеха. Ростов н/Д.: Феникс, 1996.-416с.
7. Макеев В.В. Политическая карьера. М.: Социально-гуманитарные знания, 2000. - 420с.
8. Михайлова Г.Б. Понятие карьеры в психологической науке // Психологические проблемы
профессиональной деятельности кадров госслужбы: психологические чтения. Текст. / Г.Б.Михайлова. М.: Изд-
во РАГС, 1997.-С. 85-92.
9. Могилевкин Е.А. Личностные факторы и карьера // Прикладная психология и психоанализ. 1998. -
№2. - С.23.
10. Могилевкин Е.А. Личностные факторы профессиональной карьеры государственных служащих:
Автореф. дисс. . докт. психол. наук. М., 1998.
11. Молл Е. Г. Консультирование по проблемам управленческой карьеры Текст. / Е. Г. Молл //
Управление человеческими ресурсами: стратегия и практика. Алматы, 1996. - С.58-61.
12. Мучински П. Психология, профессия, карьера. Текст. / П.Мучински. СПб Литер, 2004. - 539 с.
13. Петрушин В.И. Психология карьеры Текст. / В.И. Петрушин. М., 2004, - 208с
14. Попов А.В. Теория и организация американского менеджмента. -М.: МГУ, 1991
15. Романов В.Л. Прохождение государственной службы: карьерная стратегия и тактика. М., 1997.
16. Ушаков А.А. Особенности национальной карьеры: как сделать карьеру в России. М., 1999. - 233с.
17. Семенова Ф.О. Психология профессионализации: выбор профессии и планирование
профессиональной карьеры Текст. : учебное пособие / Ф.О. Семенова. СПб.: Копи - Р, 2010. - 324 с.
18. Сотникова С.И. Управление карьерой Текст. / С.И. Сотникова. М., 2001.-408 с.
19. Стамбулова Н.Б. Психология спортивной карьеры: автореф. докт. дис. Текст. / Н.Б. Стамбулова. СПб.,
1999. - 51 с.
20. Чикер В.А. Психологическая диагностика организации и персонала. Текст. / В.А. Чикер . СПб: Речь,
2001.- 176 с.
21. Шаповалов
В.К.
Профессиональная
карьера.
Учебное
пособие. - Ставрополь:
Ставропольсервисшкола, 1999. 152с.
22. Якокка Л. Карьера менеджера. Тольятти, 1995. – 380 с.
116
Достарыңызбен бөлісу: |