18
МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына
және сынып-комплектінің
санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және
директордың орынбасары жүзеге асырады);
Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу
жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне
қарай айқындалады;
Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір
параллель сыныптардың сағат
санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша
сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім
алушылардың санына қарай жүргізіледі;
Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында
белгіленген оқу қызметінің түрлері (инварианттық
және вариативтік
компоненттер) бойынша белгіленеді;
Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен
бақылау табелі анықталады;
Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту
сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен
қамтамасыз етілуін ескере
отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары,
әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;
Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды:
мұғалімнің аты-жөні;
лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық
жалпы
сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар;
тұрақты жеке үстемеақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: