Бағдарламасы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата02.09.2022
өлшемі0.53 Mb.
#460137
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
РП СД Неврология мейіргерлік іс 2020-21 2

Барлығы:

 
 
28 
 
1. Неврологияға кіріспе.Неврологиядағы мейіргер ісі. Перифериялық жүйке 
жүйесінің сырқаттармен ауруларға медициналық көмекті ұйымдастыру.
Негізгі неврологиялық синдромдардың клиникалық көріністері. Зерттеу әдістері. 
Неврологиядағы мейіргерлік іс. Неврологиялық практикада науқасқа медициналық көмек 
көрсетуді ұйымдастыру.Орталық, шеткі және вегетативті нерв жүйелерінің құрылысы мен 
қызметі, нерв жасушалары, синапстар, нейрон арқылы қозудың таралуы. Анализаторлар 
және олардың қызметтері. Жұлынның сегментарлы-рефлекторлы қызметі. Мидың және 
жұлынның қызметі.
Қимыл қозғалыс бұзылыстарының сипаттамасы – орталық және шеткі салданулар, 
моно-, геми-, пара-, тетра-, парездер мен параличтер. Сезімталдық бұзылыстар. 
Вегетативті бұзылыстар (трофиканың, терморегуляцияның, зат алмасуының, қан 
тамырлар тонусының бұзылуы). Жоғарғы нерв жүйесі қызметінің бұзылуы: афазиялар ( 
моторлы, сенсорлы, амнестикалық), апраксия, агнозия. Тану процестерінің бұзылуы 
(сезім, қабылдау, ойлау қабілеттерінің бұзылуы). Неврологиядағы науқастарға көмек 
көрсетудің этикалық және заңды аспектілері. Зерттеу әдістері. Нейроинсульттік 
орталықтың неврология және қалпына келтіру бөлімдерінің құрылымы, жұмыс істеу 
тәртібі. Медициналық іс – құжаттар. Жүйке ауруларын емдеу тәсілдері. Зерттеудің 
қосымша әдістері.
Практикалық сабақ. Неврология бөлімшесінде мейіргер жұмысын ұйымдастырумен 
танысу, медициналық құжаттарды жүргізу. Мейіргер үрдісінің кезеңдерін орындау. 
Неврологиялық науқастарға мейіргерлік диагноз қою. Қимыл, сезімталдық, вегетативті 
және жоғарғы ми қызметі бұзылыстарының неврологиялық жағдайларын зерттеу
науқастарда тану қызметінің бұзылыстарын анықтау (сезім, қабылдау, ойлау қабілетінің 
бұзылуы); анализаторлар қызметін анықтау; науқастарға күтім жасау. Неврологиялық 
науқастарға көмек көрсетуде этикалық және заңды аспектілерді сақтау. Стационардағы 
санитариялық індетке қарсы іс-шараларды жүргізу. Науқастарды лабораториялық және 
инструментальдық зерттеу тәсілдеріне дайындауды ұйымдастыру. Науқаспен және оның 
туыстарымен науқас жағдайының жақсаруына бағытталған тиімді қарым- қатынас
жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет