Бағдарламасы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»


Ми қан айналымының бұзылыстармен ауруларға медициналық көмекті



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата02.09.2022
өлшемі0.53 Mb.
#460137
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
РП СД Неврология мейіргерлік іс 2020-21 2

2 Ми қан айналымының бұзылыстармен ауруларға медициналық көмекті 
ұйымдастыру. Вегетативтік жүйке жүйесінің сырқаттармен ауруларға медициналық 
көмекті ұйымдастыру. 
Омыртқа остеохондрозы.  
Бет нервінің нейропатиясы. Үштармақты нервтің невралгиясы.Омыртқаның, мойын, 
кеуде, бел-сегізкөз деңгейіндегі остеохондроздардың этиологиясы, патогенезі, 
неврологиялық белгілері. Науқастарды зерттеудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі 
принциптері. Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімдерін рентгенологиялық зерттеуге 
дайындаудағы медбикенің ролі. Бет нервінің нейропатиясы: этиологиясы, патогенезі, 
клиникасы, диагностикасы, емі, күтімі, алдын алу. Үш тармақты нервтің невралгиясы: 
этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу.
Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің рентгенографиясына науқасты дайындау. Қимыл, 
сезімталдық, вегетативті және жоғарғы ми қызметі бұзылыстарының неврологиялық 
статусын зерттеу. Омыртқалардың мойын, кеуде және бел-сегізкөз деңгейлеріндегі 
остеохондроздардың неврологиялық көріністерін зерттеу. Остеохондроздар кезінде 
ауырсыну нүктелерін және симптомдарды анықтау. Науқастарды тасымалдау. Қатты 


Неврология, психиатрия және психология кафедрасы 
044/56-15 
12 беттің 9 беті
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
төсек орнын дайындау. Функционалды керуетті тағайындау және қолдану. Бет нервінің 
қызметін анықтау. Қимыл әрекет бұзылыстарымен сырқаттанатын науқастарға күтім 
жасау. Емшараларды стандарт бойынша орындау.
3 Соматикалық және жұқпалы аурулары (симптоматикалық психоздар) кезіндегі 
психикалық бұзылыстар. Паркинсон ауруымен, эпилепсиямен науқастарға 
медициналық көмекті ұйымдастыру. 
 Бас миының ашық және жабық жарақаттары: ми шайқалуы, мидың соғылуы, мидың 
қысылуы. Орталық нерв жүйесінің перинатальды зақымдануы. Балалардың церебралды 
параличі. 
Бас миының ашық және жабық жарақаттары: ми шайқалуы, мидың соғылуы, мидың 
қысылуы. Патогенезі, клиникасы, емі және алғашқы медициналық көмек. Науқастарды 
тексерудің, емдеудің және күтім жасаудың негізгі принциптері. 
ОНЖ-нің перинаталды зақымдануы, патогенезі, клиникалық белгілері, алғашқы 
медициналық көмек. Балалардың церебралды параличі, этиопатогенезі, клиникалық 
көрінісі, диагностикалық әдістері, емдеу және күтім жасау принциптері. ОНЖ 
патологиясы бар балаларды тексерудің, емдеудің және күтім жасаудың негізгі 
принциптері. 
Неврологиялық бөлімшеде жұмыс істеу. Бас-ми жарақаттарының психикалық 
бұзылыстарын анықтау, ОНЖ жарақаттарымен сырқаттанған науқастарға күтім жасау, 
алғашқы медициналық көмек көрсету. Науқастарды тасымалдау. ОНЖ жарақаттармен 
сырқаттанған балаларға күтім жасау. Асфиксиямен, акушериялық салданумен туылған 
балаларға күтім жасау. Бас сүйек, ми жарақаттарының асқынуы бар науқастарға күтім 
жасау. Жұлын жарақаттары бар науқастарға күтім жасау. Емшараларды стандарт 
бойынша орындау.
Вегетативті нерв жүйесінің ауруларының этиологиясы, жіктемесі, клиникалық 
белгілері: бас сақинасы, вегетативті-қантамыр дистониясы, вегетативті криздер, Рейно 
ауруы. Диагностикасының, емінің, күтім жасаудың негізгі принциптері. Бас сақинасының 
ұстамасын тыю. Алдын алу. Науқастарға күтім жасау ерекшеліктері. Неврология 
бөлімшесінде жұмыс істеу, науқастарды курациялау, науқастардың шағымдарын, 
анамнезін жинау. Шұғыл жағдайларда көмек көрсету. Қосымша зерттеу әдістеріне 
науқастарды дайындау. Вегетативті нерв жүйесінің ауруларынмен сырқаттанған 
науқастарға күтім жасау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет