«6D050500 аймақтану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата06.09.2022
өлшемі0.57 Mb.
#460313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Регионоведение док

 
Зерттеу 
мәселесін 
таңдау. 
Теорияларды 
құру. 
Гипотезошығармашылық. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. 
Зерттеу бағдарламасын құрастыру 
Ғылыми-зерттеу жұмысының бағытын таңдау. Ғылыми-зерттеу 
жұмысын жоспарлау. Зерттеу мәселесін таңдау. Ғылыми зерттеу тақырыбын 
құрастыру. Ғылыми зерттеу тақырыбына қойылатын өлшемдер. Зерттеу 
мәселесін қою, оның кезеңдері. Теория құру логикасы мен оған қойылатын 
талаптар. Қолданылатын түсініктерге қойылатын талаптар. Гипотеза түсінігі. 
Гипотеза түрлері. Гипотезаның құрамдас бөліктері. Гипотеза тексерілуі: 
әдістері мен проблемалары. Гипотезаны жетілдіру. Операционализация. 
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсатын құрастырудағы 
талаптар. Зерттеу міндеттерін құрастыру, олардың зерттеу мақсаты мен 
тақырыбымен логикалық байланысы. Жұмыс істейтін бағдарлама мен оның 
құрылымы. Ғылыми зерттеудің субъектісі мен объектісі. Зерттеу 
бағдарламасының құрамдас бөліктері. Зерттеу жоспары мен бюджетін 
дайындау. 
 
Халықаралық 
қатынастар 
теориясы: 
түсінігі, 
ерекшелігі, 
типологиясы
Халықаралық қатынастар теорияларының классификация мәселесі. 
Халықаралық қатынастар теорияларының типологизациясына қатысты 
хронологиялық әдіс. Дж. Васкез типологиясы, Х. Булл типологиясы. 
Модернистік және постмодернистік халықаралық қатынастар теориялары, 
олардың ерекшеліктері. К. Бус және С. Смит классификациясы. Модернистік 
теориялар: идеализм және неолиберализм. Идеализм мен неолиберализмнің 
негізгі өкілдері. Халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің рөлі. 
Абсолютті пайда максимализациясы мемлекеттердің негізгі мақсаты ретінде. 
Халықаралық аренада акторлар санының және әр түрлілігінің өсуі.
Халықаралық институттардың рөлі халықаралық қатынастар анархиясын 
тежеуіштері ретінде. Серіктестіктің мүмкіндігі мен қажеттілігі жетекші 
халықаралық үдеріс ретінде. Қауіпсіздік дилеммасының экономикалық 



өлшемдері. Әлемнің өзара тәуелділігінің артуы. Жаһандану. Халықаралық 
қауымдастық үшін ортақ мүдделердің мәні мен бағасы. Нарықтық 
механизмдер халықаралық қатынастар реттеушісі ретінде. Халықаралық 
қатынастар реттеуде құқық, халықаралық институттар мен этикалық 
нормалардің рөлінің артуы.
Модернистік теориялар: реализм және неореализм. Реализм мен 
неореализмнің негізгі өкілдері. Халықаралық ортаның анархиялығы. 
Мемлекет халықаралық қатынастардың жалғыз ғана мәнді акторы ретінде. 
Мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастықтың конфликтілігі. Ұлттық 
қауіпсіздік пен ұлттық мүдделердің рөлі. Қауіпсіздік дилеммасы. 
Мемлекеттердің 
және 
олардың 
коалицияларының 
іс-қимылындағы 
«реалистік стратегия» түсінігі. Күш және күш тепе-теңдігі халықаралық 
қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде. Мемлекеттердің және олардың 
одақтарының сыртқы саясатындағы негізгі түрткі болатын жағдайлары: 
қауіпсіздік, пайда, атақ (бедел). 
Модернистік теориялар: марксизм мен неомарксизм. Марксизм мен 
неомарксизмнің негізгі өкілдері. Халықаралық қатынастардың анархиялығы 
және ұлы державалардың рөлі. «Әлем-жүйе» («әлем-экономика») түсінігі. 
«Әлем-жүйенің» конфликтті сипаты, оның ұлы державалардың арнайы 
бағытталған стратегиясның шартталуы. «Әлем-жүйе» орталық пен 
периферия арасында қорларды әділетсіз бөлу мәселесі. Бейсимметриялық 
өзара тәуелділіктің артуы, «әлем-жүйе» периферия мен орталықтың 
арасындағы тартыс. «Солтүстік-Оңтүстік» мәселесі. «Мемлекеттер (аймақ) – 
сыныптардың» тартысы халықаралық қатынастарды басты реттеуші ретінде. 
Халықаралық экономикалың орнын айқындаушы.
Постмодернистік теориялар: феминизм, сыни теория, конструктивизм. 
Феминизм теориясындағы бағыт. Қауіпсіздікті зерттеуде феминизімнің саяси 
реализімнен өзгешелігі. Постмодернистік теориядағы бірегейлік мәселесі.
Сыни теорияның негізгі ережелері, оның ерекшелігі және классикалық 
модернистік 
парадигмадан 
өзгешелігі. 
Классикалық 
теорияның 
тұжырымдамалық аппараты. Сыни теорияның теоряландыру және өзін-өзі 
көру үрдісі. Теория қоғамның бөлігі ретінде. Білім мен ұғым 
интерсубъективті құрылыс ретінде. Жалпы азат ету түсінігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет