Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

мінген турлар» ғұмыр кешіпті. Турлар парсы деректерінде сақтар 
деп аталады, бұл сөз «еңсегей бойлы еркектер» дегенді білдіреді. Антика 
авторларының шығармаларында олар «скифтер» деген атпен мәлім 
болды. Б.д.д. VІІ-І ғғ. Орталық Қазақстанды Тасмола мәдениетінің 
тайпалары - исседондар, Батыс және Солтүстік Қазақстанда – б.д.д. VII-V 
ғасырдағы савроматтар мен б.д.д. IV-ІІ ғасырдағы сарматтар, Шығыс 
Қазақстанды - аримаспылар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды - тиграхауда 
сақтары, Арал маңын - массагет сақтары қоныстанды.
Сақ дәуіріндегі қоғамдық тіршілігінде халық жиналысы маңызды рөл 
атқарды. Оған ер азаматтар қатысқан. Ер адамдардың орны ру-тайпасының 
деңгейіне қарай анықталып отырды. Қоғамдық құрылымы: Үй басы, Ру басы, 
Тайпа басы, Ел басы (патша) болып жіктелді.
Сақтардың этникалық процестерге қатысқаны айқын, олар қазақ, 
қырғыз, өзбек, қарақалпақ, тәжік, сондай-ақ Ауғанстанның, Иранның, 
Үндістанның және Қытайдың кейбір халықтарының этногенезі болып 
табылады. Сақтар – қазақ тайпаларының көне ата-бабалары. Есіктегі 
қорғанынан табылған күміс тостағанның сыртқы жағына 26 таңбалы екі 
жолға жазылған аса құнды алфавитті руника жазуы табылды. Бұл жазуды 
оқыған белгілі түрік танушы, филология ғылымының докторы, профессор 
Алтай Аманжолов былай көшірді: «Аға, саңа очук! Без, чок! Букун ічре 
азук!..». Бұл былай қазақшаланды: Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел 
адамы), тізеңді бүк! Халықтың қарыны тоқ (болғай)! 
Сонымен Есік, Шілікті қорғандары, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелері, 
сақтардың Шірік-рабат пен Баланды қалалары секілді сақ мәдениетінің 
көрнекті ескерткіштерін археологтардың ашуы тағы бір кедергіден өтуге 
мүмкіндік берді. Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының 
жәдігерлеріне сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі І-мыңжылдықтың 
ортасында Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мәдениетін әлемдік 
тұрғыда озық өркениеттердің бірі есебінде санап, дүниежүзілік тарихқа өз 
ықпалын елеулі түрде тигізді деп айтуға болады. 
Б.д.д. ІІ ғасырда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар ерте 
мемлекеттік билік құрылымын қалыптастырды. Бұлардың этникалық тарихы 
Орталық Азияны сол кезге дейін үстемдік құрған сақ тайпаларымен тығыз 
байланысты болған Үйсіндер мен Қаңлылар. Тиграхауд сақтардың жерін 
мұра еткен үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен келген еді. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Олардың территориясы өте ауқымды болды: солтүстігінде Балқашпен 
ұштасса, батысында Таласқа тіреліп Қаңлылармен шектесті, шығысында 
Ғұндармен шекаралас болды, ал оңтүстігінде Ферғанамен ұштасып жатты. 
Оның негізгі орталығы Жетісудағы Іле аңғары, ал астанасы Чигучен 
(Қызылалқап) Ыстық көлдің жағасында орналасты.
Үйсін тайпасы жөніндегі ежелгі қытай жазбаларында мәліметтер мен 
деректер олардың бір кездерде Іле өңіріне келіп қоныстанғаннан кейінгі 
уақытта аса күшті тайпалық мемлекет ретінде тарих сахнасына шығып, өз 
тұсында едәуір ықпалды болғанын баян етеді. Қытай тарихшысы Сыма-Цянь 
мен Бан Гудың «Ханнамасы» мен «Жылнамасында» мынадай деректер бар: 
«Үйсін мемлекетінің жері ... ұлан-байтақ кең, әрі жазық, жауын-шашыны 
көп, ауа райы суық, тауларда қалың қарағай өседі. Егіншілікпен 
айналыспайды. Малмен бірге жайылым-суат жағдайымен көшіп жүреді. 
Әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсайды. Бұл елде жылқы көп, байларында 4-5 мың 
жылқы болады. Халқы қайсар, батыр келеді. Сенімсіздік істегендерге қатты 
өшігеді, ұры-қарысы жоқ. Ең күшті мемлекет....». 
Үйсіндер билеушілерін Күнби (гуньмо) деп атаған. Ол елде тұтас әскери 
және әкімшілік құқықтарды басқартатын мемлекеттік билік түрі болған. 
Үйсіндер одағы көршілес тайпалардың экономикалық жаңа саяси өміріне де 
зор ықпал етті. Мысалы, үйсіндер Солтүстік Қытайдағы Хунну (Ғұн), 
Хорезмдегі Кангүй (Қаңлы), Памирдегі Кушан тайпаларымен араласты. 
Үйсіндер жартылай отырықшы ел болған. Үйсіндерде мал шаруашылығы 
мен егіншілік кәсібі қатар дамыды. Құлдық және феодалдық құрылыстың 
нышандары басым рулық институттары бар ертедегі қоғамдық қатынастар 
қалыптаса бастады, малға деген меншік нығайды. Малға, салт мінетін 
аттарға, ыдыс-аяққа сонау сақ дәуірінде пайда болған рулық, қауымдық, жеке 
меншіктік иелікті білдіретін таңба басу дәстүрі кең тарады.
Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік 
құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет б.д.д. II 
ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл 
мемлекеттің территориясына Оңтүстік Қазақстанның ауқымды аймағы мен 
Ташкент ойпаты кіреді. Шығысында Талас бойы, батысында Арал өңірімен 
ұштасып отырады. Бірлестік билеушісі Дуанның (Ферғана) астанасы Эрти 
қаласынан солтүстік-батыста ірге тепкен Битянь қаласында орналасқан. 
Ғалымдардың бірі түркі тілдес десе, екіншілері Иран тілдес халық деседі. 
Қуатты мемлекеттік бірлестік болған. Шаруашылықтың маңызды бір саласы 
– мал өсіру болған. Хорезм, Арал өңірі, Ташкент оазистерінде суармалы 
егіншілік жетекшілік орын алды. Дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірген. Елді 
мекендерінің қоныстарынан бидай, бидай сақтаған ыдыстар, қол диірмен, 
астық пен бау-бақша өнімдерін сақтайтын құмыралар табылды. Жерді темір 
кетпендермен өңдеген, жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар да 
қолданылған. Жетіасар аймағында өзеннен егістікке қарай келте тартылған 
(40-50 м) арық, атыз, әуіт және кішігірім су бөгендерінің орны табылды. Оған 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
қосымша аң, балық аулауды да кәсіп еткен. Қаңлылардың материалдық 
мәдениеті негізінен қоныстар мен обалардың орнынан табылған заттар 
бойынша анықталып отыр. 
Орталық Сырдария аймағында (Шаш, Отырар, Қаратау) тараған қаңлы 
материалдық мәдениеті тарихи әдебиеттерде Қауыншы, Жетісай, Отырар-
Қаратау мәдениеті делінсе, ал І мыңжылдықтың басынан бастап 
Сырдарияның төменгі ағысында бұлармен тектес Жетіасар мәдениеті деп 
аталады. Жетіасар мәдениетінің жұрттары көлемінің кеңдігімен, 
орналасуының 
айрықшалығымен 
және 
материалдық 
мәдениетінің 
ерекшелігімен сипатталады. 
Қазір ондаған қаңлы қоныстары белгілі. Ең ірі ескі қоныстардың бірі – 
Алтыасар. Ол трапеция пішінді болып келген төбе секілді. Алтыасар, Ақтөбе, 
Қарауылтөбе сынды қоныстарды зерттеудің нәтижесінде оны мекендеген 
халықтардың өмірін, мәдени табыстарын байқауға мүмкіндік туды. Қаңлы 
қоныстарында көптеген тұрғын үйлер мен шаруашылыққа қажетті 
құрылыстар болған. Олардың сыртына дуалдар соғылып, ор қазылған. 
Кірпіштен тұрғызылған монументальді құрылыстар, архитектурасы күрделі 
ғимараттар мен ою-өрнектер ежелгі қаңлылық мәдениетінің жоғары 
дәрежеде болғандығының бір айғағы. Үй шаруашылығы кәсіпшілігінен 
ұсталық пен қыш ыдыстар жасау ісі, түрлі зергерлік өнер мен тас, сүйек 
өңдеу өнері кеңінен тараған. 
Қаңлылар одағында дамыған әлеуметтік-саяси иерархиялық құрылым 
археологиялық қазбалардан айқын көрінеді. Оларға сан-салалы әкімшілік-
саяси аппаратпен байланысып жатқан жоғары дамыған әскери ұйым да тән 
болды. Осы негізде үйсін және қаңлы тайпалық одақтарына - мемлекеттік 
құрылымға тән жекеленген белгілермен ерте мемлекеттік нышандары бар: 
әкімшілік, күштеу аппараты, әскери ұйым биліктің мықты жүйесі 
қалыптасты.
Төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел билеп, әлемді аузына қаратқан 
түркі тектес елдің түп атасы – ғұндар кейін көптеген ұлттардың құрамына 
еніп, мемлекеттерінің өсіп-өркендеуіне негіз болғаны тарихқа белгілі. 
«Қазақ Совет энциклопедиясында» Ғұндар түркі тайпаларының түп атасы 
екені ашып айтылған. В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам және басқа ғалымдар 
да солай дейді. Олар ғұн мен оғыз екеуі бір ел деп дәлелдейді. Оған 
қарағанда Арғұндар ежелгі ғұндардан таралып, солардың атының этнонимі 
түрінде сақталғаны байқалады» делінеді. Негізінде дұрысы арғын емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет