Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

дәйекті байланыста өтіп отырады.
4. Алтын Орданың ыдыраған кезінде ХV ғасырдың ортасында пайда 
болған Ноғай Ордасы Қазақстанның батыс бөлігін алып жатқан болатын. 
Оның негізгі аймағы Еділ мен Жайық алқабында мекендеген ірі тайпалардың 
бірі «Маңғыт жұрты» атауымен белгілі болатын. Ноғай Ордасының 
оңашалануы Алтын Ордада билік құрған әмір Едігеге (1396-1411) 
байланысты. Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында Ноғай Ордасы 
бөлініп, дербес саяси бірлестігін құрды. Оның аумағы саяси жағдайға 
байланысты өзгеріп отырды. ХVІ ғасырға қарай деректерде «ноғай», 
«ноғайлы» термині пайда болған және көрші елдерге де осы атпен мәлім 
болды. Монғол-қыпшақ тегінен шыққан ноғайлар ХІІІ ғасырдағы 
тайпалармен байланысты, сол кезде олар алтынордалық Ноғай түменнің 
әскери қүрамында болатын. Саяси және экономикалық билік іс жүзінде 
маңғыт әмірлерінің – Едіге ұрпақтарының қолында болды. Маңғыттардан 
басқа Ноғай Ордасының құрамында қазақ халқының қалыптасу процесіндегі 
тайпалар да қатысты.
ХІV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы екі иелікке – шығысында 
Моғолстан, батысындағы Мәуреннахрда Әмір Темір мемлекеті құрылады. 
Әмір Темірдің әлемдік империяны құру барысындағы ұмтылысы кедергі 
болған құдіретті Алтын Орданы күйрету еді. Бұл жоспарды жүзеге асырмақ 
бұрын көрші елдерді, соның ішінде Ақ Орда мен Моғолстанды бағындыру 
болатын. Осы мақсатта ол Тоқтамысты пайдаланды. Әмір Темірдің 
көмегімен Ақ Орданы бағындырған Тоқтамыс, 1380 жылы Алтын Орда 
тағына байланысты тартыста оны сақтап қалып біріктіріп алады. 1380-1395 
жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болып күшейген Тоқтамыс, Әмір 
Темірге қарсы шығады. Бірақ 1395 жылғы Әмір Темірдің жорығынан 
жеңілген Тоқтамыс, Сібірге қашып кетеді. Оны Сібір ханы Шәдібек 1406 
жылы өлтіреді. Сонымен, Әмір Темірдің басқыншылық соғыстары Ақ 
Орданы, әсіресе Алтын Орданы әлсіреткен оқиғалар Еуразия тарихында жаңа 
саяси бірлестіктердің құрылуына себепші болды. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Моғолстандағы Шағатай ұрпағының Тоғлық Темірді (1347) хан тағына 
отырғызған дулат тайпасының әмірі Болатша, Моғол билеушілер әулетінің 
негізін салады. Оның территориясы өзгеріп отырса да, негізгі жері – Іле өңірі, 
Жетісу және қазіргі Қырғыстан өлкесі еді. Моғолстан қазақ хандығының 
құрылуына территориялық тірек пен саяси негіз болды. Жетісуда қазақ 
хандығы құрылған соң көп ұзамай Моғолстан Жетісу өңіріндегі билігінен 
айырылады. Жетісудың түрік және түріктенген тайпалары Қазақ хандығының 
құрамына бірігіп, ұйтқысы болған Ұлы жүз этникалық процесінде қазақ 
халқының негізін қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет